Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін ұлты қазақ емес балалардың арасындағы облыстық «Балғын шақ» байқауының
Е Р Е Ж Е С І
Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін ұлты қазақ емес балалардың арасында облыстық «Балғын шақ» балалар байқауын өткізеді.
-
Байқаудың тақырыбы: «Мемлекеттік тілдің болашағы – біздің қолымызда».
-
Байқаудың мақсаты: Ел болашағы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбие-білім берумен қатар мемлекеттік тілді үйрету.
-
Байқаудың міндеті: Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету, қолдану аясын кеңейтіп, үздіксіз дамыту мен қолдану. Жас ұрпақ санасына тіл құдіретін, қасиетін ұялату. Мемлекеттік тілді өрге бастыру, нағыз ұлттық тіл дәрежесіне көтеру.
-
Байқаудың шарттары: Байқауға барлық мектепке дейінгі жастағы басқа ұлт өкілдерінің балалары (5-6 жас аралығында) қатыса алады. Облыстық байқауға аудандық (қала) тәрбие-білім орындарындағы іріктеу байқауларының жеңімпаздары ғана қатысуға жолдама алады. Аталмыш байқаудың бұрынғы жылдардағы жеңімпаздары байқауға қатыстырылмайды.
Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Мен – бақытты баламын»
Бүлдіршіндер өзін өлеңмен таныстыруы қажет (3 шумақтан артық емес), берілетін уақыт 2 минут.
2. «Сенің қасиетті байлығың». Мемлекеттік тілді үйрену барысында төл дыбыстарды дұрыс айта білуін көрсету. (Тілің, елің, жерің, білімің, еңбегің, саулығың, қоршаған ортаң, сүйікті ісің, досың тақырыптарының бірін таңдап, мағынасын ашу және төл дыбыстары бар сөздерді барынша көп пайдаланып, оны дұрыс айта білуі керек). Бұл номинацияда қатысушы баланың білімі және төл дыбыстарды айта білуі сарапқа салынады.(3 минут).
Байқау екі кезеңнен тұрады:
І кезең (іріктеу) – 2013 жылғы 17 мамырға дейін аудан (қала) орталықтарында өткізіледі.
ІІ кезең (қорытынды) – 2013 жылғы 30 мамыр күні (сағат 14.00-де) Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.
Облыстық байқау сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың: қазақ тілінде таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне, киім үлгісіне, берілген уақытты тиімді пайдалануына баса назар аударатын болады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Іріктеу байқауының жеңімпаздары мына телефондарға хабарласып, ақпараттар алуларына болады: 401156, факс 401169
Достарыңызбен бөлісу: |