Бокстан Өзбекстан құрамасындағы ұлты қазақ боксшы Руслан Абдуллаев олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Бұл   туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өзбекстан бокс федерациясы

2023 жылғы әлем чемпионы Руслан Абдуллаев Италияның Бусто-арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирдің жартылай финалына шығып, олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. 63,5 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абдуллаев ширек финалда сербиялық Алексей Сендриктен басым түсіп, Париж олимпиадасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасында дәл осы салмақта лицензия жоқ. 63,5 келіде өнер көрсеткен Мұхамедсабыр Базарбайұлы жарысты жарты жолдан аяқтаған еді.  


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.