Белгілі әнші, хит әндердің орындаушысы Ғаділбек Жанай алғаш сахнаға шыққан қиын кездерін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Егіз-лебіз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Өнер иесі ұлттық арнадағы муызкалық жобада бақ сынап жүр. 

“Алматы қаласындағы Абай көшесінің бойымен келе жатырмын. Қалтамда 30 теңге ғана қалған. Сол түсіп қалмасын деп алақаныма қысып келемін. Екі бәтеңкем де жыртылып қалған. Ішінен шұлығым көрінеді. Баратын жер жоқ. Бәрін тастап ауылға кеткің келеді, бірақ өнерді қимайсың. Талай бір кесе шай алып, асханаларда таңға дейін отырған кездер болды”, – деп еске алады әнші. 

  • "Көлігіме телефонын қалдырып кетті": Біржан Хасанғалиев жұбайымен қалай танысқанын айтты

  • "Айнұр Тұрсынбаеваның бетін ашқанмын": Тоқтар Серіков өнерге аяқ басқан кезін еске алды

Сонымен қатар өнер иесі, тығырыққа тіреліп, басына қиын іс түскенде көмектескен жандардың есімін атады. 

“Ақтауда қалған Шаттық деген досым Алматыда Алмат деген құда баласының тұратынын айтты. Ол жігіт те біздің жаққа келіп жүргенде көретінмін. “Соның үйіне барсаң, кіргізеді” деді. Мен бұрын-соңды танысып-біліспеген адамға хабарласуға ұялып тұрмын. Не істеймін деп ойланып отырсам, ойымдағы адам алдымда келе жатыр. Мені бірден танып, үйіне алып кетті. Орыстілді жігіт еді. Осындай қиын сәттерді ұмытуға болмайды. Қазіргі жастар сәл қиындыққа тап болса, сынып кетуге дайын. Әр қиындықтың артында үлкен қуаныш бар. Қиындыққа берілмеңдер!”, – кеңес айтты өнер иесі. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.