Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы Келісімді ратификациялау туралы



жүктеу 24.86 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі24.86 Kb.


«Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы

Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА





  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

  1. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

2018 жылғы 2 наурыздағы «Мемлекетаралық стандартту жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісім жобасы туралы» Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнiң шешімі.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарларға әкеп соқтырмайды.

Келісімді ратификациялау нарықта айналымдағы стандарттау жөніндегі құжаттардың нақтылығын, өнімнің бәсекелестік деңгейін және өнімнің сапасын жоғары көтереді және өнім қауіпсіздігіне жағымды әсерін тигізеді.



  1. Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

Жобаны жүзеге асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

  1. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімдері, және болжанатын жобаны қабылдаудың тиімділігі

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес қабылдайтын мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратудың бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру.

6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ


  1. Жобаны кейіннен заңнамаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді.

  1. Премьер – Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама нәтижелері (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері)

Ғылыми-лингвистикалық сараптама (2018 жылғы 4 сәуірдегі № 19-07/71 «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ) және ғылыми-құқықтық сараптама (2018 жылғы 31 мамырдағы № 1-9-1382 Қазақстан Республикасынының Білім және ғылым министрлігі «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті») өткізілді.

  1. Өзге де мәліметтер

Жоқ

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді көшірмелер) жіберу

Рұқсат етіледі

  1. Мемлекеттік органның интернет-ресурсына қаулы жобасын орналастыру туралы ақпарат (веб-сайтта, интернет – порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде)

www.mid.gov.kz ҚР ИДМ интернет-ресурсында 2018 жылғы 10 қазанда орналасқан.

  1. Мемлекеттік органның интернет-ресурсына (веб-сайтқа) әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз-релизді орналастыру туралы ақпарат (баспасөз-релизінің атауы, күні)

Қаулы жобасы әлеуметтік маңызды болып табылмайды.

  1. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (болған жағдайда)

Жоқ

14. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы заңының 11-бабына сәйкес талап етіледі.



Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі Ж. Қасымбек

2018жылғы «____» _____________







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет