Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушылар келесі құжаттарды ұсынады:
1) жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұралған кезде:
жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарсы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғанын өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін;
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жобаланып отырған учаскенің орналасу орынының сәйкестігі жөнінде келісілген, жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғанын өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
|