Мемлекеттік қызметке түсу үшін тесті қалай тапсыру керек? Тестілеуге жазылу: «Электрондық үкімет»



Дата28.04.2019
өлшемі86.5 Kb.
#121946

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТҮСУ ҮШІН ТЕСТІ ҚАЛАЙ ТАПСЫРУ КЕРЕК?

Тестілеуге жазылу:

  • «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы



  • «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы

  • Жеке куәліктің болуы.


ТЕСТІЛЕУ ҚАНДАЙ ЗАҢДАР БОЙЫНША ТАПСЫРЫЛАДЫ?


  • Бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 (мемлекеттік органның басшынан бөлім басшысына дейін) санаттарына арналған және 9 заңды қамтиды:

  • ҚР Конституциясы (15 сұрақ),

  • «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ),

  • «ҚР Үкіметі туралы» (15 сұрақ),

  • «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ),

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),

  • «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),

  • «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ),

  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),

  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ).

  • Тестілеуі сәтті тапсыру үшін 135 сұрақтың кемінде 95 сұрағына дұрыс жауап беру және әрбір заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап беру керек. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт - 110минут.




  • Екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 (бөлім басшысынан бас маманға дейін) санаттарына арналған және 8 заңды қамтиды:

  • ҚР Конституциясы» (15 сұрақ),

  • «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ),

  • «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),

  • «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),

  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),

  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ),

  • «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).




  • Тестілеуі сәтті тапсыру үшін 120 сұрақтың кемінде 72 сұрағына дұрыс жауап беру және әрбір заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап беру керек. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт - 100 минут.




  • Үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 (бас маманнан жетекші маманға дейін) санаттарына арналған және 6 заңды қамтиды:




  • «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ),

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),

  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ),

  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),

  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ).

  • Тестілеуді сәтті тапсыру үшін 90 сұрақтың кемінде 45 сұрағына дұрыс жауап беру және әрбір заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап беру керек. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт - 80 минут.



Тест тапсыру алдында шеткі мәні белгіленбеген ҚР мемлекеттік тілін білуге арналған тест тапсыру ұсынылады, ол 20 сұрақтан тұрады. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт - 20 минут.
ЗАҢНАМА ТЕСТІНЕН ОЙДАҒЫДАЙ ӨТКЕН ЖАҒДАЙДА ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУДАН ӨТУ ҚАЖЕТ

ЕГЕР ТЕСТІЛЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ ШЕКТІ МӘНІНЕН ТӨМЕН БОЛСА?

* тестілеу және актуалды бос орындар туралы толық ақпаратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz сайтыннан табуға болады.

«Бос лауазымдар конкурсы» айдары

«Аймақтық деңгейдегі бос лауазымдар» кіші айдары

«Шығыс Қазақстан облысы» кіші бөлімі

Заңдарды «Әділет» АҚЖ www.adilet. zan.kz сайтынан жүктеуге болады

Сондай-ақ, «Госслужба РК (тестирование)» мобильдік қосымшасының көмегімен сынама тестілеуден өтуге болады.

Мобильдік қосымша PlayMarket арқылы қолжетімді.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет