Тараздық Таңшолпан Керімова мен Ринат Нұрзатов бір-бірін сүйіп қосылса да бір жыл өтпей ажырасқан. Екінші әйел аламын деген күйеуіне көне алмаған Таңшолпан жүкті болса да Астанаға көшіп кеткен. Келіншектің айтуынша, ажырасқан бұрынғы күйеуі өзін ұрып-соққаны үшін осымен 20 рет түрмеге қамалған. Сонда да қыр соңынан қалмай аңдып, мүгедек қылып, өлтіремін деп ант берген екен. Екі баланың анасы қорыққанынан желіде жұртшылықтан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото бағдарлама кадрларынан

34 жастағы Ринат 2015 жылы қыркүйек айында екі жақты келісіммен Таңшолпанға үйленген. Таңшолпан Таразда наркодиспансерде медбике болып жұмыс істеген. Ринат сол жақтағы программисттің досы болып, таныстықтары сезімге ұласқан. Алайда үйленіп, сәбилі болғаннан соң Ринат кенет өзгере бастаған екен. 

“Үйленгеннен кейін жақсы тұрдық. Ол романтик болатын. Босанғаннан кейін өзгере бастады. Екінші әйел аламын деп бастады. Басында ойнайтын шығар, мені қызғандыру үшін айтады деп ойладым. Бұған дейін ондай әңгіме айтпайтын. Сөйтіп қызымызды қырқынан шығаруға бір екі күн қалғанда ол тойға баратынын айтты. Мен оның киімдерін дайындап шығарып салдым. Сол кеткеннен екі апта бойы жоқ болды. Телефонын алмады. Кейін енем оның өзге әйелмен жүргенін айтт маған енді не істейсің деді”, – деді Таңшолпан. 

Келіншектің айтуынша, енесі барлығын білген. Бұрын құзырлы органда жұмыс істеген ол ұлын жақтап әркез оны Таңшолпанға қарсы қойған.

“Біз бұрын таяқ жегенбіз, түйе де, бие де сауғанбыз, сен әйеліңді ұрмайсың деп айтып баласын қамшылайтын. Енем әйеліңнің тілін шығардың деп арамызға көп түсті. Тіпті күйеуім ұрып жатқанда қыздарды ұстап басқа бөлмеде отыра беретін. Бәрін естісе де араша түспейтін”,- деп қосты ол. 

Таңшолпан тойға кеткен күйеуін екі апта күткен. Ал Ринат келген соң келіншегіне шарт қойып екінші әйел алатынын айтқан.

“Екі аптадан кейін келді де далаға сөйлесуге шақырды. Сөйтіп күтіп отыр екенсің, көнсең де, көнбесең де осы. Аламын, көнбесең кете бер деді. Екеуіңмен де қыдырып жүремін, екеуіңмен тойға барамын деді. Мен бұлай болуы мүмкін емес екенін айттым. “Үйдегілерге қалай атамын, бұлай болмайды” дедім. Ол маған кетсең ешқандай сыбыс шықпайтындай болсын деп қорқытты. Дүниемнің бәрін алып киімдерімнің бәрін тінтіп, далаға лақтырып қуып шықты”, -деді Таңшолпан.

Келіншектің айтуынша, сол кеткеннен 2019 жылға дейін ажырасу процесі жүрген. Сол сәтте тіпті жақындарының қыстауымен Ринатпен қайта қосылған да сәттері болған екен.

“Ажырасу процессінен кейін әкесіне баласын көретін графикті құрып берді. Ол әр сенбі сайын келетін. Жай келмей ұрып-соғып, араша түскен анама дейін қол көтеріп басын жарған кездері болды. Ол екінші әйелімен де кездесіп жүрді. Бірақ туысқандарым, анам екінші бала босансаң есін жиятын шығар деп бізді қайта қосты”, – деді Таңшолпан.

Осылайша келіншек екінші қызын дүниеге әкелген. Алайда ештеңе өзгермеген. Ажырасса да күйеуі күннен-күнге аңдып, түрлі қысым көрсеткен.

“Артымнан Астанаға келді. Ағасының үйінде тұрды. Бұл азаматтың мақсаты маған ешкімге тұрмысқа шықпайсың дейді. Ал өзі балаларға кез келген уақытта келіп, ойына келген уақытта әйелдермен жүргісі келеді. Егер көнбесем ұрып-соғатынын, мені мүгедек қылып, өлтіріп, балаларды балалар үйіне жіберетінін айтып қорқытты”, – деп қосты ол.

Фото бағдарлама кадрларынан

Балалары мен өз өмірі үшін қорыққан Таңшолпан күйеуінің істегенінің бәрін инстаграм парақшасында бөлісіп отырған. Ринат терезеге тас лақтырып, пәтердің ток сымдарын өшіріп, талай қорқытқан. 

“Баларды қонуға алып кетеді. Қалаған уақытында келіп қысым көрсетеді. 102 шақырғаным үшін өткенде тепкілеп мұрынымды сындырды. Соңғы рет 2023 жылы 15 қыркүйекте күндізгі екіде келіп, түңгі он екіге дейін балаларды ойнатты. Балалар ұйықтаған соң мен “кетпейсің бе” дегенімде, “не істейсің кетпеймін” деп жатып алды. Бізде пәтеріміз жатақхана болғасын дәретхана ортақ. Мен дәліздегі дәретханаға шығып бара жатқанымда артымнан келіп, шашымнан сүйреп құлатты да бетімнен тепкіледі”, – деді Таңшолпан.

Ринат Нұрзатов Таңшолпанмен заң бойынша ажырасқанымен қысымын қоймаған. Таңшолпан полицияға 20-дан астам арыз жазғанын айтады. Алайда дәлелдері дәрменсіз болғандықтан нақты шешім де болмаған. 

“Осы уақытқа дейін 2018 жылдан бері бұрынғы күйеуімнің үстінен 18-20 рет арыз жаздым. Үш рет қылмыстық іс көтерілді. Бірақ соңына жеткен жоқ. Біріншісінде қылмыстық құрам жоқ деп тоқтатып тастады. Екіншісінде өзімнің ақшам жетпеді. Сол кездері жол апатына ұшырап емделіп жатқанмын. Сол себепті істің уақыты өтіп кетті. Ал үшіншісінде мұрынымның сынғанына байланысты көтерілген болатын. Онда мұрыным сынған болса да экспертиза жеңіл жарақат деп шығарып берді”, – деді Таңшолпан. 

  • Ақтаушылар мен даттаушылар: Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Бишімбаевты қорғап жатқан кімдер

  • "Сені мал ұқсатып 12 жілікке бөлемін": Түркістан облысында әкесінің таяғынан мезі болған егіз 7 айдан бері сыныптастарының үйін паналап жүр

Осы жағдайлардан кейін әйелдің мұрнын сындырып, терезеге тас лақтырып қорқытқаны үшін  Ринат 15 күнге абақтыға қамалған. 

“Полиция ешқандай қылмыстың құрамы ауыр жарақат жоқ дейді. Ауыр жарақат алсам мен өліп те кетемін ғой. Онсыз да сынбаған жерім қалмады. Ол маған сені өлтіремін де мен қамаламын солай екеуіміз тынышталамыз дейді. Балалар балалар үйне кетеді дейді”, – деді тараздық әйел. 

Ал Ринат болса, Таңшолпанды балаларымды көрсетпеді деп кінәлады. Айтуынша, оны ашуын ұстай алмағаннан шапалақпен тартыпты. Тіпті азамат екінші әйел аламын деп айтқанын да жоққа шығармады. Бірақ өз әрекеттеріне Таңшолпанның әкесіз өсіп, дұрыс тәрбиеленбегенін себеп қылды. 

“Мен ажырасқаннан кейін балаларымды көруге келсем есігі әркез құлыпталып тұрады. Мен сияқты балаларын көре алмай жүргендер елімізде көп. Екінші әйел деп айтқаным рас. Өзі келісті. Үйленгенімізде үйді дұрыс ұстай алмады. Сол үшін екіншісін алатынымды айттым. Ол менімен тек ақша үшін жүрген. Төркініне үй салып бер деді. Сол үшін ашуыма тиді. Әрі оның әкесі жоқ. Анасы басқа ер адаммен тұрған. Текті емес жерде дұрыс тәрбие көрмеген”, -деп ақталды Ринат.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.