Танымал әнші Ерке Есмахан үй тірлігіне араласпайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнерлі жұп Ерке мен Райм ұлдары Исламды қырқынан шығарғаннан кейін, шетелге демалысқа кетті. 

“Сонымен 7 адам кім деп сұрап жатқандарға, “Ерке осы сен не істейсің?”, “Бәріне өзің қалай үлгересің?” деп қоймай сұрап жүргендерге жауап берейін. Мальдив аралдарына Райм және мен, қайным, Муслим, Ислам, бала күтушім мен көмекшімізбен келдік. Мені шаршап жүр екен деп ойлап қалмаңыздар. Тұрмыс-тіршілігімді толығымен айтып берейін”, – деп  бастады әңгімесін әнші. 

Өнер иесі үй тірлігіне икемі бола тұра, бірнеше көмекші жалдайтынын жасырмады. 

“Негізі керек болса бәрін өзім жасаймын. Қолымнан бәрі келеді. Бірақ жасамаймын. “Еркемін еркелет өмір, ер жігіт еркелете біл” деп бекер әндетпеппін кезінде. Ислам дүниеге келгелі үй жинап, киім үтіктеп, азық-түлікке баратын, дәмді тамақ дайындайтын, бар тірлікті істейтін үй жұмысшысы бар. Муслимді сабаққа апарып, алып келетін жүргізуші бар. Бала күтушісін міндетті түрде алдық. Жұмыс жағын реттеп отыратын 2 директорым бар”, – деп түсіндірді әнші.

  • Шоу-бизнестегі бэби-бум: Қазақстандық жұлдыздардың балаларына қойған ерекше есімдері

  • "Ұйқым қанбай жүр": Ерке Есмахан сәбилі болғаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтты

Эстрада жұлдызы әңгіме барысында барлық жағдайын жасап отырған күйеуіне ел алдында алғыс айтты. Сондай-ақ өзінің үйде қандай іспен айналысатынын жіпке тізді.

“Бар жағдайымызды жасап, отбасын асырап, адал табыс тауып отырған, несібесі мол адам, ол – күйеуім. Барлық еркелеуім – жолдасымның арқасы. Рақмет, жұмағым! Мен шын мәнінде дым істемеймін. Кітап оқимын, сериал көремін, шопинг жасаймын. Сосын Исламның жанында боламын. Уақытылы емізуім керек және күйеуімнің қас-қабағына қарауым керек. “Құтырған қатын, ештеңе істемейді екен, жалқау” деп сөкпеңіздер. Әркімнің тіршілігі әртүрлі. Сіздерге де дәл менікіндей жайлы өмір тілеймін. Бұйырса енді қыз туамын деп отырмын. Әр әйел заты жақсыға лайық”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, әнші босанғаннан кейінгі дене бітімін көрсеткенін жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.