Хоккейден Қазақстан құрамасының олимпиадаға жолдаманы қай құрамаларға қарсы сарапқа салатыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Хоккей федерациясы

Қазақстан құрамасының 2026 жылғы олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Хоккейшілеріміз D тобына түсіп, Словакия, Австрия және Венгрия құрамаларына қарсы ойнайды.  Топта жеңімпаз болған құрама ғана турнирге жолдама алады. Турнир 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакия астанасы Братиславада өтеді.  

Айта кетейік, ерлер арасындағы хоккей турниріне 12 ел қатысады. 2023 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша рейтингте тқрған алғашқы сегіз құрама және олимпиадалық іріктеуде жеңіске жеткен 3 құрама жолдамаға ие болады. Сондай-ақ қысқы Олимпиаданы өткізетін ел ретінде Италия құрамасы қатысады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.