Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен



Дата27.04.2019
өлшемі153 Kb.
#118348
түріРегламент

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

23-қосымша

«Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік

қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен

қазақ тіліне және орыс тіліне аудару»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.


«Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ тіліне және орыс тіліне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысына қағаз және электрондық жеткізгіштегі аударылған құжаттаманы беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ тіліне және орыс тіліне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, сондай-ақ осы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдауы және тіркеуі, көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету процесін, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін, автоматтандыру мен мониторингіне арналған ақпараттық жүйедегі автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ХҚО ИАЖ МО АЖО) тіркеуі – қызметті алушы өтініш берген күні;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаментінің (бұдан әрі – АӨҚО және ИҚДД) Қаржы орталығын дамыту басқармасының (бұдан әрі – ҚОДБ) уәкілетті қызметкерінің құжаттаманы аударуы, ілеспе хатты дайындауы – күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының ілеспе хатқа қол қоюы – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

4) АӨҚО және ИҚДД ҚОДБ уәкілетті қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуын ХҚО ИАЖ МО АЖО-да тіркеуі, көрсетілетін қызметті алушыға аударылған құжаттаманы беруі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі берілген күнді ХҚО ИАЖ МО АЖО-да


тіркеуі – ілеспе хатқа қол қойған күні.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;

2) АӨҚО және ИҚДД ҚОДБ уәкілетті қызметкері;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің


(іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілерге өтініш жасау тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызмет алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы: көрсетілмейді.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы: көрсетілмейді.



10. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының өтініш жасау тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау: көрсетілмейді.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.


«Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ тіліне және орыс тіліне аудару»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің


(іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
скругленный прямоугольник 1555


скругленный прямоугольник 1556


прямая соединительная линия 1553скругленный прямоугольник 1540прямая соединительная линия 1554


прямая соединительная линия 1533

прямая соединительная линия 1531прямая соединительная линия 1532


скругленный прямоугольник 1530
«Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ тіліне және орыс тіліне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы



скругленный прямоугольник 1579скругленный прямоугольник 1578скругленный прямоугольник 1577скругленный прямоугольник 1576
блок-схема: процесс 1575блок-схема: процесс 1573блок-схема: процесс 1574блок-схема: процесс 1572


прямая соединительная линия 1571прямая соединительная линия 1570прямая соединительная линия 1569


прямая со стрелкой 1566прямая со стрелкой 1567


блок-схема: процесс 1565блок-схема: процесс 1563прямая со стрелкой 1564


блок-схема: процесс 1562прямая со стрелкой 1566


блок-схема: процесс 1560прямая со стрелкой 1561

блок-схема: процесс 1559прямая соединительная линия 1558
прямая соединительная линия 1557


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет