Норвегиялық Мариус Густафсон 2017 жылғы ақпанда бұрынғы эскорт Дэмиен Бирнстен жыныс мүшесін, ал Арнольд есімді азаматтан омырауының бір бөлігін кесіп беруді өтініп, оқиғаны видеоға түсіріп алған. Содан кейін 2019 жылғы ақпанда ол 23 жастағы Крими-Эпплбиді аяғын мұздатуға көндіреді. Лондон соты барлығын қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ВВС

Қазір 36 жастағы эскорт Дэмиен Бирнс 2017 жылғы ақпанда пышақпен норвегиялық Мариус Густафсонның жыныс мүшесін кесіп тастады. Норвегиялық азамат мұндай әрекетті істеуін өзі өтініп, оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Сондай-ақ 48 жастағы бұрынғы мейіргер Натаниэль Арнольд пен 23 жастағы Джейкоб Крими-Эпплби де айыпты деп танылды.

Крими-Эпплби Густафсонның аяғын құрғақ мұзбен жансыздандырған, салдарынан дәрігерлер оның аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. Ал Арнольд оның омырауының бір бөлігін кескен. 

Зардап шеккен азамат мұндай әрекетке өзі себепші болып, онлайн-трансляциялар арқылы 200 мың фунт стерлингке жуық (250 мың АҚШ долларынан астам) табыс тапты. 

Төртеуін де сот денені ауыр жарақаттағаны үшін айыпты деп таныды. Бирнс бес жыл, Крими-Эпплби үш жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды, Арнольд екі жыл шартты түрде қамауда болады. 

Қазір мүгедектігі бар адамдарға арналған арбамен жүріп-тұратын Густафсон кінәсін мойындады. Оған үкім наурызда бөлек шығарылады. 

Бирнс істеген процедура "нулло" немесе "смузи" (ағылшын тілінен genital nullification "гениталияны жою" немесе smooth "тегіс" мағынасын білдіреді) деп аталатын субмәдениетпен байланысты. Ол жыныс мүшесі мен жұмыртқасын алып тастаған еркектерді біріктіреді. 

Фото: ВВС

Мемлекеттік айыптаушы Кэролайн Карберри сотқа Бирнсті жалдаған Густафсон денені экстремал түрде түрлендіруге қатысты деп айыпталған 10 адамнан тұратын топ құрамында болғанын мәлім етті.

Густафсон өзін "евнухтардың негізін қалаушы" деп атап, денені түрлендіретін көптеген экстремал процедураларға, оның ішінде басқа ер адамдардың жыныс мүшесін кесуге қатысқанын айтты. 

Сондай-ақ Карберридің сөзінше, Бирнс пен Густафсон төрт жыл бойы байланыста болған, оған ұялы телефондарындағы хаттар дәлел. Густафсон сексуал қызмет көрсету үшін Бирнсті жалдаған, екеуінің таныстығы осылай басталды. Кейін 500 фунтқа жыныс мүшесін кесіп тастауға келіскен. 

Фото: ВВС

Бирнс процедура вебсайт арқылы трансляцияланатынын білді және кастрацияны бастамас бұрын Густафсонға уайымдап отырғанын, көп қан жоғалтып, өліп кетуі мүмкін екенін ескерткен. Оған Бирнс бұл сәтті қатты армандағанын, тіпті орындалады деп ойламағанын айтқан.

Содан кейін ол ауруханаға түсіп, екі күннен соң жолдамамен психиатриялық ауруханаға шығады. 

Ары қарай "науқас" пен "хирургтің" қарым- қатынасы нашарлап кеткен. Бирнс ақшаға қатты мұқтаж болып тұрғандықтан "отаны" 500 фунтқа жасауға келіскен, бірақ Густафсон төлемді 50 фунтқа дейін төмендетіп, кейін тіпті ақша беруден бас тартқан. 

Бирнс полицияға арызданатынын айтып қорқытқанымен, Густафсон қоқан-лоқы көрсетіп, жарақаттағаны үшін өзіне шағым жасайтынын мәлімдеген. Соған қарамастан Бирнс одан екі жылда шамамен 1500 фунт ақша алған. 

Фото: ВВС

Густафсонға кастрация аз болып, 2019 жылғы ақпанда ол 23 жастағы Крими-Эпплбиді аяғын мұздатуға көндіреді. 

Сотқа Густафсон аяғын мұз салынған шелекке батырып отырғаны, ал Крими-Эпплби үсті-үстіне мұз тастап жатқан видеосы көрсетілді. 
Салдарынан Густафсон аяғынан айырылып, мүгедектерге арналған арбамен жүріп-тұрады. Бірақ 18 мың фунт (23 мың доллар шамасында) жәрдемақы алады. 

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.