Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 56.99 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі56.99 Kb.
түріКонкурс

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім, мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Үлгілілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес

болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.*

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

«"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті 160002, ОҚО Шымкент қ.,  Гагарин көшесі, 86, анықтама үшін телефон: (8-7252) 35-71-56 /E-mail: d.kirpb.uko@mid.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Департаменті Көмір, тау-кен және кен емес өнеркәсібін тау-кен техникалык қадағалау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функионалдық міндеттері: Бөлім қызметіне басшылық жасау.

Бақыланатын өндіріс салаларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша бөлім жұмысын ұйымдастыру; өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өнеркәсіптің қауіпті өндірістік объектілерінің жобаларын келісу және рұқсат құжаттарын беру; қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалар талаптарының сақталуына тексерулер жүргізуге қатысу; өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша алқа және ведомствоаралық жиналыстар өткізу үшін материалдар дайындау және бақылау; бөлімнің жұмыс жоспарларын жасау және орындалуын бақылау; бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құзырларын анықтау бойынша ұсыныстар дайындау және енгізу.

Компьютерде жұмыс істей білуі (WORD, Excel, Internet), Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі «ЛОТУС» бағдарламасымен, «Е-лицензиялау» және «Е-қызмет» автоматтандырылған бірыңғай ақпараттық жүйелермен, Әкімшілік құқық бұзушылықты есепке алудың Web-АП бағдарламасымен, «Электрондық жоспарлау» және «Тексерулерді электрондық тіркеу» WEB-платформасымен жұмыс істей білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім; Техникалық ғылымдар және технологиялар (тау-кен ісі, технологиялық машиналар және қондырғылар). Негізгі қызметінің бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1 «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардын 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет