Астанада "Нұр-сұлтан" ескі вокзалындағы эскалаторда адамдар жиналып бір-бірін таптай жаздады. Қаумалаған жұртшылықтың видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет желі кадрларынан

Автор атап өткендей, кейбір адамдар тіпті эскалаторда құлаған. 

"Ескі ғимараттың кіре берісіне ағылған жолаушылардың сыймасы анық", – делінген хабарламада.

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметі болған оқиғаға пікір білдірді.

"14 қаңтарда қолайсыз ауа-райына байланысты автомобиль жолдары жабылды. Сәйкесінше адамдар баратын жерлеріне пойызбен жетуді шешкен. Осыған байланысты вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті", – делінген хабарламада. 

  • Қорғаныс министрлігі Астанадағы Назарбаевтың ескерткішін не себепті бөлшектегенін түсіндірді

  • Астанадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" вокзалдарының атауы өзгертілмек

Сондай-ақ, мамандар қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

"Вокзалда кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу бойынша шаралар қабылдады. Алайда жолаушылар кезек пен қауіпсіздік техникасын сақтамады. Сол себепті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды", – деді "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі.

Деректерге сай, зардап шеккендер жоқ.  


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.