Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары



жүктеу 49.97 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі49.97 Kb.


«Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары

және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2018 жылғы ____________ № ____ бұйрығына салыстыру кестесі


тт

Құрылым-дық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Нормативті құқықтық актіні көрсетумен негіздеме

1.

24 - тармақ

24. Біліктілікке қойылатын талаптар:

әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.



24. Біліктілікке қойылатын талаптар:

білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Ақмола облысының Бурабай ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 2018 жылы өткізілген пилоттық халық санағының нәтижелері негізінде қажетті біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар санақ кадрларының тапшылығы сезілді, осыған байланысты біліктілік бойынша талаптарды кеңейту және қайта қарау және талап етілетін жұмыс өтілін азайту қажеттілігі туындады

2.

27 - тармақ

27. Біліктілікке қойылатын талаптар:

әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар(ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімжәне мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.



27. Біліктілікке қойылатын талаптар:

білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.

Ақмола облысының Бурабай ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 2018 жылы өткізілген пилоттық халық санағының нәтижелері негізінде қажетті біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар санақ кадрларының тапшылығы сезілді, осыған байланысты біліктілік бойынша талаптарды кеңейту және қайта қарау және талап етілетін жұмыс өтілін азайту қажеттілігі туындады

3.

28 - тармақ

28. Тиісті санатын айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

жоғары санатты: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімжәне ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша бірінші санатты нұсқаушы лауазымындағы жұмыс өтіліүш жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

бірінші санатты: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімжәне ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойыншаекінші санатты нұсқаушы лауазымындағы жұмыс өтіліүш жылдан кем емес және мамандығы бойынша жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

екінші санатты: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойыншасанаты жоқ нұсқаушы лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.


28. Тиісті санатын айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

жоғары санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша бірінші санатты нұсқаушы лауазымындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

бірінші санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша екінші санатты нұсқаушы лауазымындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес және мамандығы бойынша жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;



екінші санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша санаты жоқ нұсқаушы лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.


Ақмола облысының Бурабай ауданында және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 2018 жылы өткізілген пилоттық халық санағының нәтижелері негізінде қажетті біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар санақ кадрларының тапшылығы сезілді, осыған байланысты біліктілік бойынша талаптарды кеңейту және қайта қарау және талап етілетін жұмыс өтілін азайту қажеттілігі туындады



Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика бірінші

вице-министрі Р. Дәленов
2018 жылғы «_____» _______________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет