Алматылық азамат туыстарының үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

26 жастағы ер адам өзім тұрамын деген желеумен ағасының үйін жалға алып, синтетикалық зат шығаратын есірткі зертханасын ұйымдастырған. 

“Патрульдік полиция экипажы есірткі сатушыны анықтады және ұстады. 26 жастағы Д.есімді азамат есірткі бетбелгісін қою кезінде тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Жедел тергеу тобы тінту жасап, оның сөмкесінен салмағы 1,5 келіге жуық “мефедрон” есірткісін тапты. Күдікті есірткіні зертханада өзі дайындайтынын мойындады. Д.есімді азаматтың бетбелгілерді де өзі қоятыны белгілі болды. Күдіктіге осы жұмысы үшін “жұмыс беруші” жомарт сыйақы уәде еткен, криптовалютамен төлеген. Дәл осы зертханадан шыны колбалар, магниттік араластырғыштар, электронды таразылар, полиэтилен канистрлер, шыны және пластмасса табақтар, кептіргіштер, құрғақ ұнтақтар және басқа да жабдықтар табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің салмағы 2 келіден асады”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

  • Құны 7 миллиард теңге: Алматы облысында ерлі-зайыпты ірі көлемде есірткі өндірген
  • Алматы маңында шетелдіктер жалдамалы үйде есірткі дайындаған

Күдікті қамауға алынды. Есірткі бизнесіне сыбайлас болуы мүмкін деген адамдар анықталып жатыр. 

Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу кезінде жария етілмейді.

 

Конституцияның 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, қылмыстық кодекстің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі үш жасырын есірткі зертханасының жойылғанын мәлімдеді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.