«Мен Абайды оқимын!» ағартушылық-поэзиялық акциясы ұйымдастырылды



жүктеу 29.52 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі29.52 Kb.

«Мен Абайды оқимын!» ағартушылық-поэзиялық акциясы ұйымдастырылды.

2017 жылдың 23 қыркүйек күні Зайсан қаласы, Абай саябағында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында, ұлттық рухымызды мəңгі есте сақтау мақсатында дара ақын, жазба əдебиеттің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, "Мен Абайды оқимын!" ағартушылық-поэзиялық акциясы өтті. Шараны Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, мәдениет үйі, аудандық орталық кітапхана, жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Аталмыш шараға қаламыздың тұрғындары мен қонақтары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шараға Абай атамыздың тікелей ұрпағы, өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған, Зайсан ауданының құрметті азаматы, ұстаздардың ұстазы болған, ақынның шөбересі Исрайлова Күлзипа апамыздың қызы ұлағатты ұстаз Роза апай мен немересі, Кеңсай орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Тураханова Сымбат пен Абайдың жетінші ұрпағы Шыңғысұлы Ислам қатысты. С.Тұраханова Күлзипа апамыздың «Мәуелі бәйтерек» өлеңін оқып, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шара әсем қыздардың ырғатыла билеген биімен және Сартерек ауылдық «Ақ әжелер» тобының орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен ашылды. Мерекелік кеште Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Алма Сүлейменованың жетекшілігімен «Жастар поэзия театрының» Халықаралық жасөспірімдер арасындығы көркем сөз және театр байқауларының бірнеше дүркін жеңімпаздары, Абай оқуларының бас жүлдегері, 100-ден артық шығармасын жатқа білетін С. Бекбосынова, Р. Жұмаханова, Ж.Түсіпхан, Н. Кенжебекқызы, А. Талғатқызы, Е. Мәметбеков, Ә. Сләмбеков, Б. Толқынұлы Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.





Ақынның шөбересі Исрайлова Күлзипа апамыздың қызы ұлағатты ұстаз Роза апай мен немересі, Кеңсай орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Тураханова Сымбат пен Абайдың жетінші ұрпағы Шыңғысұлы Ислам





30 -тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтантты жиын және мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Зайсан қаласы Абай саябағында 30 -тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтантты жиын мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов, аудандық соттың судьясы Оспанова Шынар Өмірғалиқызы, Мұхтар Әуезов орта мектебінің директоры Жикенова Нұрзада Ақанқызы құттықтау сөз сөйледі. Мерекеге орай аудан әкімі мараппатаулар тапсырды. Аудандық мәдениет үйінің әншісі Бикен Нұрғазықызы, Ақылбек Сұлтанов, мәдениет үйінің директоры Манарбек Ибраев, халықтық «Зайсан» халық театрының режиссері Алма Сүлейменова «Бейбітшілік Әлемі» (Планета Мира) Халықаралық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медальмен марапатталды. Аудандық мәдениет үйінің әншілері әуезді ән сыйлады. Ауданымыздың жеміс-жидек өнімі және қазақтың ұлттық сусыны «Қымыз» түрлеріннен көрме ұйымдастырылды.







Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты аудандық семинар

Зайсан аудандық мәдениет үйінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Ю. Гагарин мектебінің директоры Гүлжанат Аманбаева «Балағаз –тау мүсін, баба мүсін » тақырыбында Балағаз батыр туралы сыр шертті. Дайыр ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанар Темиржанова Шілікті обасынан табылған «Алтын адам» туралы баяандама жасады. М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Жадыра Түсіпханқызы «Ұлттың ертеңі бүгінгі ұрпағының тәрбиесінде» сөз қозғады. Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының жүлдегері, домбыра, қобыз жасау шебері Кабыкен Ахметқалиев домбыра жасаудың қыр-сырымен таныстырды. Ю. Гагарин орта мектебінің 1-сынып оқушысы Шыңғыс Алмасұлы Құрманғазының «Кісен ашқан» күйін шертіп, домбыра туралы аңыз айтты. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Бикен Нұрғазықызымен Шаубай Мамырбекұлы «Попури» орындады. Аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық мұражай және ауылдық клубтардың «Тарихи жәдігерлер көрмесі» атты көрме көрермен назарына ұсынылды.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет