«Мен өмірге ғашықпын»



бет1/2
Дата14.01.2022
өлшемі52.29 Kb.
#169710
  1   2
1609011149
Байланысты:
медия сауаттылық

Үшарал қаласындағы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ



«Мен өмірге ғашықпын»

Орындаған Әлеуметтік педагог :

Ерболан Мөлдір Болатқызы

2021-2022 оқу жылы



«Мен өмірге ғашықпын»

Мақсаты: жеткіншекке өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуіне бағыттау.
Міндеттері: жеткіншектік жастың жалпы және жеке проблемаларын анықтау; Оның ерекшеліктерін түсінуге, өз өмір тәжірибесін басқа балалардың тәжірибесімен салыстыру; белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлексияны дамытуға көмектесу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Салеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар!

Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін

Сәл қуанса, шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Ендеше біздің шарамыздың тақырыбы «Мен өмірге ғашықпын » –деп аталады. Әрбір адам-өмірге келген қонақ.Өмір деген-театр, адам оның әртісі.Өмір деген-бір кеме,алға жүзіп өрлеген. Өмір деген найзағай жарқ етіп тұрған жұлдыздай. Былай тұрып қарасаң, Бір ғанибет қой көргенің, Бұл өмірге келгенің...Өмір өте мәнді,мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін! Жан-жағымызға мұқият қарасақ,айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Өмір дегеніміз –Алла тағаланың бізге берген сыйы,бар мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді.Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз- адамға бір ақ- рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы.Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады.Өмірдің әрбір сәтін мәнді де, сәнді де өткізе білуіміз қажет.

Құрметті оқушылар,ұстаздар ендеше біздің шарамызға келген қонақтарымызды таныстырсақ.

Постер қорғау:

1 топқа «Өмір сүру деген не?»

2 топқа «Өмірде кездесетін қиындықтар және одан шығу жолдарын»

3 топқа «Өмір қымбатсың маған»

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Өмір дегенді қалай түсінесіздер?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыздар?



  1. Адам баласы не үшін өмір сүреді?

  2. Өмір адамға несімен қымбат?

  3. Сендердің өмірдегі мақсаттарын қандай?

  4. Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?

Өмір адамға несімен қымбат? Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.

Психолог сөзі:



Өмір дегеніміз-адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз.Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші.Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады.Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады.Ақын ағамыз «Өмір-сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағынан келіп тебетінін білмей қаласың,» деген екен. Ия шынында да солай.Басқаша алып қарағанда өмір шеті де,шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзеңде ақырын жүрген қайықпыз. Олай болса, өмір адамға бір рет беріледі.Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып жүрейік дегім келеді.Әрбір адам-өмірге келген қонақ.Өмір өте мәнді,мағыналы,мазмұнды болып келеді.Ал кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады.Бұл-өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір-біріне және өздеріне, өзгелерге мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек.

Ендеше оқушылар қазір сендерге бейнефильм көрсетіледі. Осы бейнефильмге назар аударып қарауларыңыз сұралады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет