«Мен өмірге ғашықпын»



бет2/2
Дата14.01.2022
өлшемі52.29 Kb.
#169710
1   2
1609011149
Байланысты:
медия сауаттылық
Бейнефильм мақсаты: Өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымай тек алға ұмтылу керектігін түсіндіру.

Оқушыларға: Д. Соколовтың «Мейірімді тағдыр туралы ертегінің» үзіндісі беріледі, оны аяқтау ұсынылады.


«Екі тоғай гүлдеп өсіп тұрады — екеуі де жас және әдемі. Кеш түскен сайын олар тағдыр туралы сыбдырлап сөйлеседі екен.
– Мен биік және үлкен болып өсемін, — деді біреуі. — Менің бұтақтарымда құстар өмір сүреді. Менің көлеңкемде бұғылар мен қояндар дем алады. Күннің ең алғашқы сәулелері мен таңғы лебін алғашқы болып мен көремін. Ұзақ уақыт өткеннен кейін балаларым жанымда өсіп мені қуантады. Олар сондай кішкентай және сондай әдемі!
– Жоқ, — деді басқасы, — өсу қиын. Қыста аяз соғады, жазда күйдірген күн. Күні бойы тамырларымды жұмыс істетіп, суды үстіге қарай айдатып, жапырақтарымды тамақтандыруым керек. Мен шаршадым. Жоқ, оданша мені адамдар келіп шауып алып, ұста әдемі бір зат ойып жасасын. Сонда мен жұмсақ жастық үстінде жатып дем алам...»
- Ал енді сендер осы ертегі немен аяқталды деп ойлайсыңдар? (қосымша 2)
Балалар өз варианттарын тауып, ертегіні аяқтайды. Олармен сыныптастарын таныстырады.
Талқылаудан кейін психолог ертегінің шынайы нұсқасымен таныстырылады.
«Сақалды адам келіп, екінші тоғайды шауып тастады. Оның жартысын отқа жағып, ал діңінен ұста шкатулка жасады. Ұзақ уақыт ол жұмсақ жастықта жатып, сырға, моншақтарды сақтады. Кейін ақырындап кеуіп, құлыбы да сынды. Оны балаларға беріп, балалар оны сындырып, ақырында лақтырып жіберді. Қысқа дейін оның сынықтары жерде жатты да, ал кейін – жел ғана біледі! Жел аралап ормандағы тоғайлардан сұрастырды, ал олардың бірі — алғашында бірінші тоғай болғаны, — құстардың ескі шкатулканың қалдықтарынан ұя салғанын айтып беріпті, сол кезде олар бірін - бірі танып, мейірімді тағдырға таң қалыпты».

Талқылауға арналған сұрақтар:


• Тағдырды өзгертуге болады ма?
• Тоғайдың тағдыры қандай? (өсу, тамақтану, гүлдеу)
• Адамның тағдыры қандай? (туу, даму, ұрпақ жалғастыру, өлім)
• Екінші тоғай өз тағдырын қалай өзгерткісі келді?
• Тоғайларөзмақсаттарынажеттіме?
• Тағдырдантілегеніңжағымсызнәтижелергеәкелуімүмкінбе?
• Өмірмәнінкіманықтайды – тағдырнемесеадамныңөзіме?
• Адам не үшінөмірсүреді? Адам не үшінбұлөміргекелді?
• Сендер не үшінөмірсүріпжүрсіңдер?

Оқушылар шығармашылығы

Келесі сөзді оқушыларға берсек,өмір туралы білетін өлеңдерін айта отырсаңыздар.(Оқушылар тақпақтарымен сахнаға шығады)

Өмір деген - бұйым емес қолдағы, өмір дейтін –ұлы бекет жолдағы – деп М.Мұқатаев жырлағандай өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр.Олар әр адым сайын ұшырасады. Ештеңеге мойнымай,өзіңе сенімді болсаң,міне сол бақыт,қиындықты жеңе білетін бақыт. Бақытқа апаратын 7 кереметті көрсететін «Әлемнің жеті кереметі» атты бейнекөрсетілімді ұсынамыз.

Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан.Ұмытпа! Ешкім де уақыт диірменін тоқтата алмайды.Өмірлеріңе немқұрайлы қарамаңыздар-деп ой қорытындысымен бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.

Ән шашу «Өмір-ай өмір »

Назарларыңызға рахмет!!!

Сергіту сәті



Орындаған Әлеуметтік педагог Ерболан Мөлдір Болатқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет