Менің есімім – Ермекқызы Аружан



Pdf көрінісі
Дата26.01.2022
өлшемі0.57 Mb.
#170013
Байланысты:
Ермекқызы Аружан, СӨЖ
А.Әлтай-ОҚУЛЫҚ


ҚАЗАҚСТАН БІЛМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті 

Филология факультеті 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

СӨЖ 

 

6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы  



2-курс, 21-топ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Орындаған: Ермекқызы А. 

Қабылдаған: Сәрекенова Қ.Қ. 

 

 



 

 

 



 

 

Нұр-Сұлтан 




Менің  есімім  –  Ермекқызы  Аружан.  Қазақша  Аружан  есімі  нәзік  мінезі  нәзік 

қыздарға  қойылады.  Ол  өз  иелерінің  сұлулығын,  құпиясын  және  табиғи  сүйкімділігін 

көрсетеді.  

Аружан  есімі  қайдан  шыққан?  Бұл  әуезді  қазақ  есімінің  түбірі  түркі  және  парсы. 

Дауыссыз  тілдердің  жақындығы  қазақ  халқының  мәдениеті  мен  тілінің  қалыптасуына 

қолайлы  әсер  етті.  Халықтардың  ортақ  тарихы  қазақ  есімдер  тізімі  енген  атауларға 

тоқталып, олардың бастапқы мағынасын өзгертті. Соның жарқын мысалы – қазақтың көне 

есімі Аружан.  Есім екі түркі сөзінен құралған: «ару» - «сұлу» және «жан» - «жан», «дем», 

«өмір».  Көпшілік  оны  «әдемі  жан»  деп  түсіндіреді.  Бұл  –  ономастиканың  саласы  – 

антропоника.  



Менің шыққан жерім – Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қаласы. 

Державинск — 

Ақмола облысы

 

Жарқайың ауданындағы



 қала. Аудан орталығы.  

 



Іргесі 

1956 жылы

 қаланған.  

 



Халық саны – 2020 жылғы санақ бойынша 6307 адам.

 

 



1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бұл жерге түрлі ұлт өкілдері 

келіп,  қоныстана  бастады.  Қазақтармен  қатар,  орыстар,  татарлар,  гректер,  молдовандар, 

т.б.  ұлт  өкілдері  қоныстанды.  Әр  ұлттан  жиналған  бұл  мекенге  «Держава»  деген  атау 

берілген екен.  Бұл – топонимика болып табылады. 

 

1966-1996 жылдар аралығында Державинскіде  38-ші ракеталық дивизияның штаб-



пәтері  орналасты,  ол  үлкен  күш  пен  жауға  қауіп  төндірді,  сондықтан  ұзақ  уақыт  бойы 

Державинск қаласы Кеңес Одағының карталарында көрсетілмеді. 

 

 

Ол  ауыр  құрлықаралық  зымыранмен  қаруланған.  Бұл  қару  «Сатана»  деп  аталады.  



НАТО-ның  классификациясы бойынша:  «Сатана»  - ұшыру  салмағы  200 тоннадан асады, 

15  мың  шақырымнан  асатын  10  жеке  мақсатты  оқтұмсықты  жеткізуге  және  кез-келген 

зымырандық қорғанысты еңсеруге қабілетті. 

 

 



 

 


Баранкөл ауылы 

Баранкөл 

— Ақмола 

облысы Жарқайың 

ауданы, Нахимов 

ауылдық 


округі құрамындағы  ауыл.  Іргесі 1944  жылы қаланған.  Державинск қаласынан  солтүстік-

шығысқа қарай 35 км-дей жерде. Халқы: 2020 жылғы санақ бойынша 231 адам.  

Ауыл атауы туралы нағашы әжемнен аңыз естідім. 20 ғасырдың 30-жылдарында 

елді-мекендерді  картаға  түсіру  үшін  экспедициялар  жүргізіле  бастады.  Бір  кезде 

зерттеушілер  Қара  батырдың  ауылына  келеді.  Ол  жерде  Қаракөл  деген  көл  болады. 

Зерттеушілер сол маңда тезек теріп жүрген әйелдерден көл атын сұрағанда, келіншектер 

көлдің  атын  Баранкөл  деп  атаған.  Себебі,  әйелдер  туыстарының  атын  атамаған.  Ал 

«баран» сөзі – жылқы малының қара түсін білдіреді. Осылайша ауыл Баранкөл деп аталып 

кеткен.  Қазіргі  таңда  көл  құрғап  кетен,  тек  томары  ғана  қалған.  Бұл  –  антропонимика 

болып  табылады.  Себебі  қазақ  халқының  ұлттық  әдеті  бойынша  жас  келіндер  күйеуінің 

жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. 

                                                

Жарқайың ауданы 

Жарқайың  ауданының  бұлай  аталу  себебі  туралы  қызықты  дерек  бар  екен. 

Жарқайың  сөзі  «жар»  және  «қайың»  сөздерінен  құралған.  Ертеректе  бұл  ауданда  жар 

болған. Жар басында қайың тоғайы өсіп тұрған. Бұл тоғай ертеде Атбасардан Амангелдіге 

жүрген  саудагерлерге  пана  болған.  Желде  –  ық,  күн  ыстықта  –  көлеңке  болған.  

Державинск  қаласынан  15  км  жерде  орналасқан.  Осылайша,  бұл  аудан  Жарқайың  деп 

аталып кеткен екен дейді нағашы әжем. Бұл – топонимикаға жатады.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет