Менің отбасым. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы. Білімділік



жүктеу 39.27 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі39.27 Kb.

Менің отбасым. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы.

Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы түсінігіне қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым-қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Ауызша сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Отбасы мүшелерімен туыстықты тани отырып, өзара сыйластыққа, қамқор болуға бейімдеу, әдептілікке баулу.

Сөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері болады:



  1. Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.

  2. Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.

Мысалы:

Тура мағына

Ауыспалы мағына

Терең көл

Ашық терезе

Өткір қайшы

Домбыра шерту

Майлы төстік


Терең ой

Ашық мінез

Өткір көз

Сыр шерту

Майлы дастархан




  1. Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы.

Мысалы: Адамның басы, судың басы, сөздің басы, таудың басы.

Сөздік:

Сөзін бөлмеу – не перебивать разговор

Жолын кеспеу- не переходить дорогу

Қағида – правило

Ағаш жону – резьба по дереву

Баулу- прививать

Сыйлау – уважать

Кеңес- совет



  • Сөздермен немесе сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру.


Мәтінмен жұмыс:
Отбасы-шағын мемлекет.

Қазақ халқы отбасына ерекше көңіл бөлген. Отбасының берік болуына қазақ дәстүрі алғашқы күннен бастап ерекше әсер етеді.Үлкен адамның сөзін бөлмеу, қарт кісінің жолын кесіп өтпеу - бірінші қағида. Келген қонақтарды келін (күйеу бала) қарсы алып, төрге шығарып, дәм татқызады. Немерені бесікке салу, қырқынан шығару, тұсауын кесу рәсімін үлкен әжелер жасайды. Әкесі ұл балаға атқа мінуді, ағаш жонуды үйретсе, шешесі қыздарға кесте, киім тігуді үйреткен. Соңдай-ақ шешесі қыз балаларды тамақ пісіруге, үйдің сәндік бұйымдарын даярлауға да баулыған. Отбасының реніші де үй ішінде шешілген. Балалар әке-шешесін сыйлап, олардың ақыл кеңесін орындап отырған. Барлық іс ақылдасып отырып істелген. Соңдықтан да «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз орынды айтылған.


Тапсырма: 1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.

2. Отбасы мүшелеріне байланысты сөздердің астын сызыңдар, түсініктеме беріңдер.

3. Сіздердің отбасыларыңда қазіргі уақытта осындай дәстүр сақталған ба? (пікір алмасу)

Ситуациялық тапсырма:

Оқытушы: Оқушылар төменгі сөздер Сіздерге таныс па?

Әке, шеше, апа, ата, әже, ата-ана, іні, аға, сіңлі, қарындас, жеңге, қыз, ұл, немере, шөбере, жиен, күйеу, әйел, нағашы. (білмеген сөздерге түсініктеме беру)



Кесте бойынша жұмыс:

Сәбит. Рабиға


Шолпан

Әйгерім

Назым

Арман

Айжан

Берік

Серік

Мақпал

Мұхтар

Мұхит

Әлия

Болат

Сымбат

Ләззат

Жанат



  1. Әлия - ...... әйелі.

  2. Арман - ... ұлы

  3. Сәбит – Ләзаттың ....

  4. Сәбит – Серіктің ...

  5. Мұхит - .... інісі.

  6. ... – Мақпалдың күйеуі.

  7. Сымбат – Серіктің ...

  8. Айжан – Назымның ....

  9. Берік – Болаттың ....

  10. Шолпан - .... жеңгесі.

  11. Ләззат - .... қызы.

  12. Назым – Сәбиттің ...

  13. Рабиғаның ... – Сәбит.

  14. Айжанның жездесі - ....

  15. Сәбит және Рабиға - .... анасы.

  16. Назымының ... – Әйгерім.

  17. Ләзаттың сіңлілері: ....

  18. Арманның қарындасы - .....

  19. Рабиға - .... әжесі.

Жаттығу. Төмендегі сөздерден сөйлем құраңыз.

  1. Емес, біздің, онша, отбасымыз, үлкен. 2 . Және, зейнеткерлер, адамдар, атам, егде, әжем, олар. 3. Әкесі, зауытта, жүр, Әлішердің, істеп, жұмыс. 4. Құқық, Арман, «Әділет», оқиды, мектебінде, жоғары. 5. Үйі, орталығында, Ләззаттың, қаланың. 6. Отырсың, шетінде, өзің, қаланың, біздің, көріп, үйіміз. 7. Бар, астында, гаражымыз, үйдің, бағымыз, моншамыз, алма, аулада. 8. Отыр, алдында, әжем, теледидардың, тоқып. 9. Отыр, газет, қазір, диванда, оқып, әкем. 10. Көрсетейін, отбасымыздың, жүр, мен, суретін, саған.

Қорытындылау: «Менің отбасым» тақырыбын пайдалана отырып, тура және ауыспалы мағынада сөйлемдер құрастырыңдар.

Үйге тапсырма: «Менің отбасым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Каталог: uploads -> konspekt -> inyaz
inyaz -> Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру басқармасы
inyaz -> Бес арыс а. Байтұрсынов Ш.Құдайбердіұлы М. Жұмабаев Ж. Аймауытов М. Дулатов Бес арыс деген атпен ел есінде қалған ақын-жазуларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса
inyaz -> Ќазаќстан республикасы бiлiм жјне єылым министрлiгi
inyaz -> Сыныбы: 6 Сабақ тақырыбы
inyaz -> Данная рабочая тетрадь одновременно является кратким систематическим справочником по грамматическим формам глагола и сборником упражнений
inyaz -> The clever boys and girls ағылшын тілінен сабақтан тыс іс-шара
inyaz -> Ару қыздар байқауы
inyaz -> Әож 73. 17. Кбж 81. 2қаз -922 Қ 17 Пікір жазғандар


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет