Алматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адам төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Видеода ер адамның балаларды қорқытып, пышақпен қорқытқанын көруге болады. Балалар мұны істеген Бақытжан деп айтты.

“Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті анықталып, оған қатысты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша беріледі”, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов

Полиция басқармасының бастығы қылмыстық істі өз бақылауына алғанын айтты. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.