Танымал әнші, хит әндердің авторы Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/jubanishjeksen/

Өнердегі әріптестері әншіні туған күнімен жарыса құттықтап жатыр. Ал өзінің жолын қуған ұлы Әбілқайыр (Абик) әкесінің туған күнімен ерекше құттықтады. 

“Әкелік тәрбие маған өмірде темірқазықтай жол көрсетіп, бағдаршамдай бағыт сілтеп келеді. Бойыңдағы өжеттілік пен қайсарлықты, мейірімділік пен байсалдықты, кеңпейілділік пен жомарттықты, өмір мен музыкаға деген құштарлықты өз бойыма сіңіріп келем. Әлі де өзіңнен үйренеріміз көп. Сенің жанымызда жас жігіттей жарқырап, жүзіңнен күлкі кетпей, жанымызда жадырап жүргенің, жанға тыныштық ұялатып, қамқорлықтың бар екенін сездіреді. Отбасымыз аман, деніміз сау боп, мама екеуіңіз ұзақ, бақытты ғұмыр кеше берулеріңізді тілеймін!
Шабытыңыз таусылмай, халықтың ылғи ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп, биік шыңдардан әрдайым көрініп, көз алдымызда күліп ойнап жүре беріңіз, “Үлкен жігіт” боп өсе беріңіз! Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға!”, – деп жазды Абик. 

  • "Маған шыдап жүр": Қайрат Әділгерей жұбайын жер-көкке сыйғызбай мақтады

  • "Құны – 2 миллион теңге": Фариза Төреәлі сіңлісінің туған күніне ерекше сыйлық сыйлады

Желі қолданушылары ердің жасы елуге толған сүйікті әншілерін құттықтап жатыр. Кейбірі жарты ғасыр жасаған әншінің жақсы сақталғанын айтады. 

“Нағыз “әке мен бала” деп көрсететін жандар”, “Жұбаныш балаларына жақсы тәрбие беріпті”, “Сіздерге сүйсіне қараймын”, “Әкеңіз – біртума талант”, “50 толған адамға ұқсамайды, жас көрінеді”, “Абик әкесінен аумай қалыпты”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, әнші екі немересіне әннің атын қойғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Abik Jeksen (@abikjeksen)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.