Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтаған.

“Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде”, – делінген хабарламада.

  • "Шығын көлемі 273 миллион теңгеден асады": "Қазпоштада" ақша жымқыру, алаяқтық, ұрлық және пара алу фактілері анықталды
  • "Компания анама қарыз": Ақша ұрлады деп сотталған Маңғыстау медиа холдингінің бұрынғы басшысының қызы әділдік сұрайды

Прокуратура тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталғанын айтты.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды”, – деп қосты прокуратура.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.