2023 жылдың соңында Америка конгресі белгісіз ұшатын нысандар туралы ақпаратты құпияда ұстамау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Times-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Деректерге сай, талқылаулардан соң қабылданған заңға сәйкес, соңғы 25 жылдағы "анықталмаған аномальдық құбылыстарға, шығу тегі белгісіз технологияларға және адамға тән емес интеллектке" қатысты құжаттарды ашық жариялауға болады.

Енді қабылданған НЛО туралы заң жобасын АҚШ президенті Джо Байден бекітуі керек. Сонымен қатар, заң ұлттық қауіпсіздік мақсатында кейбір материалдардың құпиялығын сақтауға да мүмкіндік берді. 

 

  •  Пентагон НЛО жайлы материалдарды көпшілік назарына ұсынды (видео)

  • Үндістанда белгісіз ұшатын нысанға байланысты әуежайды жауып, аспанға әскери ұшақтарды көтерген


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.