Намибия президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында қайтыс болды. Бұл туралы президент кеңсесінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вице-президент Нанголо Мбумба мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет ашық дереккөзден

“Намибия Республикасының сүйікті президенті Хаге Гейнгобтың бүгін, жексенбі, 2024 жылдың 4 ақпанында, шамамен таңғы сағат 12:04-те өзі медициналық ем қабылдап жатқан “Леди Похамба” ауруханасында қайтыс болғанын үлкен қайғымен және өкінішпен хабарлаймын”, – делінген мәліметте.

Өмірінің соңғы сағаттарында мемлекет басшысының жанында әйелі мен балаларының болғаны айтылады.

  • Ыстамбұлдағы теракт, Израильдің Дамаскіге шабуылы, Путиннің қайта билікке келуі: Әлемде не болып жатыр
  • Ресей мен Украина Түркияның ықпалымен қайта келіссөз жүргізуі мүмкін – БАҚ

Қаңтар айының басында Хаге Гейнгоб өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған. Кейін ол емделуге АҚШ-қа барды, бірақ бірнеше күннен кейін Намибияға қайта оралды.

Жақын арада министрлер кабинеті президенттің қайтыс болуына байланысты "қажетті үкімет шараларын қабылдау" үшін жиналатынын жеткізді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.