Ақтөбеде 80-нен асқан зейнеткер Зауза Молдабаева университетте білім алып жүр. Жастармен жарысып, таңмен сабақа асығатын ерекше студент ағылшын тілін үйреніп бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

83 жастағы Зауза әже 40 жыл ғұмырын медицина саласына арнаған. Ауданда ұзақ жылдар бойы терапевт дәрігер, кейін басшылық қызметте болған. Немере сүйіп отырған әже үнемі ізденісте жүреді. “Күміс” университет жобасы туралы да интернеттен білген екен. 

“Мұның ішінде ағылышын тілінде үйретеді екен. Әйелдерді тігуге бейімдейтін бөлек бөлім бар. Содан кейін қазіргі IT компьютерлік жұмыстарды да үйретеді. Шетелдерде ақпарат жүйесі өте дамып кетті. Енді біз содан қалмауымыз керек. Соған ілесуіміз керек”,- деді Зауза Молдабаева.

  • "Ұнаса билей беремін": Алматылық 50 жастағы қарапайым автобус жүргізушісі желіде жұртты тәнті етті

  • “Жұмабай аға супермен”: Нью-Йоркте жеткізу қызметінде жұмыс істеп жүрген 50 жастағы азамат жұртты тәнті етті

Кейуана сонымен қатар ағылшын тілін де үйреніп жүр. 

“Сол беріп жатқан ақпараттың маңызы қандай, оның бізге пайдасы бар ма? Соны түсіну үшін ағылшын тілін оқуға кірісіп жатырмын. Мысалы to be деген “быть, болу” деген сөз. Менің болуым керек. Мен деген сөз I'm.”, – деп қосты зейнеткер.

“Күміс университеті” жобасының арқасында қазір Ақтөбеде зейнеткерлер түрлі курстардан өте алады. Жобаға қатысу тегін. Ең басты шарт қатысушының жасы 50-ден жоғары болуы керек. Дәріс екі айға созылады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.