Методическое пособие по дисциплине «Корпоративные финансы» для студентов специальностей 050509, 522530 «Финансы» и070640 «Финансы и кредит»



жүктеу 0.89 Mb.
бет1/5
Дата22.10.2017
өлшемі0.89 Mb.
түріМетодическое пособие
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет имени Ш. Уалиханова
Экономика және ақпарат технологиялар факультеті

Факультет экономики и информационных технологий
Қаржы және несие кафедрасы

Кафедра Финансы и кредит
Рахимова Г.А.

050509,522530 «Қаржы» және 070640 «Қаржы және несие»

мамандықтар бойынша «Корпоративтік қаржы»пәнінен

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

УЧЕБНО - МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ

по дисциплине «Корпоративные финансы» для студентов специальностей

050509, 522530 «Финансы» и 070640 «Финансы и кредит»

Көкшетау 2006

Мазмұны
1-тақырып. Корпорация қаржысының мәні.

Кәсіпорынның қаржы қарым – қатынастары. Корпорация қаржысының қызметі.

Корпорацияның ақша қорлары мен резервтері.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары.

Кәсіпорынның қаржы мехенизмі.

Кәсіпорынның қаржы қызметінің мақсаттары.



2 – тақырып. Корпорацияның негізгі капиталы.

Негізгі қорлар олардың қаржы мен құрылысы.

Негізгі қорларды қаржыландыру және қайта өндіру қайнаркөздері.

Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері.



3 – тақырып. Айналым капиталы.

Кәсіпорының айналым құралдарын ұйымдастыру негіздері.

Кәсіпорының айналым құралдарын нормалау.

Оларды қалыптастыру қайнар көздері.

Айналым құралдарды тиімді қолдану көрсеткіштері.

4 – тақырып. Қаржы – несие шешідерді қабылдау кезіндегі

қаржы –экономикалық есеп айырысудың математикалық негіздері

Қарыз пайызының қарапайым және күрделі мөлшерлемелері .

Қарапйым және күрделі есеп мөлшерлемелері .

Қаржы шешімдерін қабылдау кезіндегі ақша құнсыздануының есебі.



5 – тақырып Өзіндік капиталды басқару

Өзіндік капиталдың құрамы және оның қалыптастыру саясаты

Девиденттік және эмиссиялық саясат

Өзіндік капиталдың тиімділігін өлшеу критерийлары



6 – тақырып. Қарыз капиталын басқару.

Қарыз капиталының құрамы және оның құнын бағалау

Қарыз алушының несиелеу проценттін ұйымдастыру

7 – тақырып. Өнімді іске асыру және өндіру шығындары.

Шығындардың құрамы

Өнім шығындарының сметасы

Өнімді өндіру шығындарын бақылау



8 – тақырып. Корпорацияның пайдасының қалыптасуымен бөлінуі..

Өнімді іске асыру, жұмыс жасау, қызмет көрсету түсімдері және оны қолдану.

Пайданың мәні мен қызметтері. Пайданың сапасын бағалау және оны есептеу әдістері.

Өнімді іске асырудан, жұмыс пен қызметтен түсетін жалпы баланстық пайданы қалыптастыру.

Экономикалық факторлар және олардың пайдаға әсер етуі.

Пайдалылық көрсеткіштердің жүйесі, оны анықтау әдістері.



9тақырып.Корпорацияның қаржылық жоспарлауы...........................................20

Бизнес жоспардың негізгі мақсаттары мен құрамы.

Кәсіпорын сметалары.

10 – тақырып. Корпорацияның негізгі капиталына және айналымнан тыс қорларына арналған инвестициялар....................................................................................................................24

Негізгі капиталдың экономикалық табиғаты, құрамы және бағалау әдістері.

Амортизация және оның негізгі капиталды жаңартудағы рөлі.

Тіелей инвестициялар негізгі капиталды қайта өндіру тәсілі ретінде.

Тікелей инвестицияларды қаржыландыру қайнар көздері.

Материалдық емес активтер, оларды сатып алу амортизация көздері.



11 – тақырып. Корпорацияның инвестициялық саясаты..........................................25

Инвестиция мәні мен түрлері.

Инвестиция жұмысының субъектілері.

12 – тақырып. Корпорацияның кәсіпкерлік тәуекелдігі мен

потенциалды банкроттығын талдау негіздері.............................................................27

Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау.

Кәсіпорын тәуекелділікті талдау.
Тақырыптар бойынша келтірілген есептер.........................................................................29
Пән бойынша тест сұрақтары...............................................................................................33
Кейбір ұсынылатын әдебиеттер тізімі ................................................................................49

1 – тақырып. Корпорация қаржысының мәні.


  1. Кәсіпорынның қаржы қарым – қатынастары. Корпорация қаржысының қызметі.

  2. Корпорацияның ақша қорлары мен резервтері.

  3. Кәсіпорынның қаржы ресурстары.

  4. Кәсіпорынның қаржы мехенизмі.

  5. Кәсіпорынның қаржы қызметінің мақсаттары.


1. Кәсіпкерлік жұмыс кезінде кәсіпорындарда шаруашылық қарым – қатынастар пайда болады. Осының нәтижесінде өнімді ұйымдастыру және іске асыру жұмыс жасау, қызмет көрсету, қаржы ресурстарын қалыптастыру және инвестициялық қызмет атқарумен байланысты қаржы қарым – қатынастары қалыптасады.

Кәсіпорын қаржысының материалдық негізі болып ақша қорлары болып саналады. Олардың пайда болу шарты ақша құралдарының нәтижесінде құрылып қолданылатын ақша қорлары.

Кәсіпорын қаржысы – негізгі және айналым капиталдары қалыптасып, кәсіпорынның ақша құралдарының қорларын бөлу және қолдану процесінде пайда болатын қаржы және ақша қарым – қатынастары. Экономикалық мәні бойынша кәсіпорынның қаржы қарым – қатынастарын былай бөлуге болады:


  1. Кәсіпорынды құру кезінде жарғы капиталын қалыптастыруда пайда болатын қарым – қатынастар. Бұл капитал өндірістік қорларын қалыптастыру және материалды емес активтерді сатып алу бірінші қайнар көзі болып табылады.

  2. Кәсіпорындар мен ұйымдар арасында өнімді іске асырумен байланысты қарым – қатынастар.

  3. Шығындарды қаржыландырумен пайданы бөлу және қайта бөлумен байланысты кәсіпорынмен оның бөлімдері арасындағы қарым – қатынастар.

  4. Кәсіпорынмен несие жүйесі арасында қарым – қатынастар (несиені берумен қайтару бойынша және пайыз төлеу бойынша).

  5. Кәсіпорынмен бюджет арасында салық және басқа міндетті түрде төленетін төлемдер бойынша қарым – қатынастар.

  6. Кәсіпорынмен сақтандыру компания арасындағы қарым – қатынастар.

Кәсіпорын қаржысының мәні толық қызметтері арқылы анықталады:

  1. Бөлу.

  2. Бақылау.


2. Жарғылық капитал мөлшері жарғыда көрсетілген және корпорация акцияларды сату нәтижесінде қаражаттан құрылатын капитал. Жарғылық капиталдан басқа ақша қорларына қосымша капитал жатады. Ол келесі қайнар көздері арқылы құрылады:

1. Негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде мүлік құның өсуі.

2. Акцияларды сату және номиналды бағасының айырмашылығы кезінде түсетін эмисcиялық пайда.

3. Өндірістік мақсатқа алынған ақша және материалдық құңдылықтар.

4. Резервтік капитал ҚР-ң заңдарына және басқа құжаттарға сәйкес қалыптасатын ақша қоры. Оны қалыптастыру қайнар көзі салық төлегеннен қалатын кәсіпорынның таза пайдасы (түсім - өнімді өндіру және іске асыру шығындары = кәсіпорын таза пайдасы).
3. Кәсіпорын қаржы құралдары – кәсіпорын қаржы міндеттемелерін төлеуге өндірісті кеңейтумен байланысты шығындарын қаржыландыруға арналған өз ақша түсімдерін қарызға алынған құралдардың жиынтығы.

Капитал дегеніміз - өндіріске салынған айналымнан кейін түсіретін қаржы құралдарының бөлігі.

Кәсіпорынның өз қаржы құралдарына пайда және амортизациялық төлемдер жатады. Кәсіпорынның қарыз құралдарына кәсіпкерлік және қарыз капиталдары жатады.

Кәсіпкерлік капитал – пайда түсіру мақсатымен басқа кәсіпорының жарғылық капиталына салынған капитал.

Ал қарыз капиталы – кәсіпорынға төлеу және қайтару шарттарында уақытша қолдануға банк несиесі түрінде әр түрлі уақытқа берілетін ақша қаражаты.
4. Кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру келесі дәйегілер арқылы құрылады:

1. Өзін - өзін қаржыландыру.

2. Материалдық жауапкершілік.

3. Қаржы резервтерін қалыптастыру және т.б.


5. Кәсіпорынның қаржы механизміең үлкен пайдаға жету мақсатына арналған кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі. Қаржы басқару жүйесіне келесі лимиттер жатады:

1. Қаржы әдістері (қаржылық жоспарлау, қаржылық есебі, қаржылық талдау, қаржылықреттеу және қаржылық бақылау).

2. Қаржы инструменттері (құралдары) яғни бір кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерінен пайда болатын контракт.

3. Құқықтың қамтамасыз етілуі.

4. Қаржы басқарудың бағдарлама.....

Қаржы инструментерімен байланысты операциялар нарық және нақты құң арқылы жүргізіледі.

Нарықтық құң – сату немесе сатып алған түсетін сомма.

Нақты құң – активті айырбастайтын сомма.

Шаруашылық субъектілер жұмысын ұйымдастырған кезде арнайы қаржы қызметін құрайды. Қаржы жұмысының негізгі мақсаттары:


  1. Шаруашылықты қаржы ресурстармен қамтамасыз ету.

  2. Қаржы қарым – қатынастарды ұйымдастыру.

  3. Негізгі және айналым капиталын сақтау және оларды мақсатты қолдау.

  4. Бюджетке, банктерге, жұмысшыларға төлемдердің уақытында төленуін қамтамасыз ету.

Қаржы жұмысының мәні негізгі және айналым капиталының жұмысын қамтамасыз ету және комерциялық жұмыспен байланысты қаржы қарым – қатынастарын ұлғайту.
Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорын қаржысының мәні

2. Кәсіпорын қаржысының материалдық негізі.

3. Қаржылық қарымқатынастарға не жатады,

4. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері

5. Қосымша және жарғылық капитал

6. Қәсіпорын қаржысын басқару жүйесі.

7. Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру дәйегілері


2 – тақырып. Корпорацияның негізгі капиталы

1. Негізгі қорлар олардың қаржы мен құрылысы.

2. Корпорацияның негізгі қорларын қаржыландыру және қайта өндіру қайнаркөздері.

3. Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері.


1. Өндірісте ұзақ мерзім пайдаланатын қоғамдық еңбекпен қалыптасқан материялдық құндылықтар негізгі қорлар болып аталады. Олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға бөлінеді. Өндірістік негізгі қорларға келесі топтар жатады:

А) күрделі шығындар

В) құрылыстар, машиналар мен жабдықтар , жылжымайтын мүлік, және өндірістік пен шаруашылық құралдар

С) материялды емес активтер (тауар белгісі мен тауар үлгісі).

Өз жағынан негізгі өндірістік қорлар активтік және пассивтік топқа бөлінеді. Мысалы жылжымалы мүлік, машиналарактивтік топқа, құрылыстар пассивтік топқа жатады.

Өндірістік емес негізгі қорларға үйлер , жатаханалар, әлеуметтік мәдениет объектілері, мектептер , кітапханалар, яғни бұл негізгі қорлар өндіріс процесінетікелей қатысады, бірақ кәсіпорын жұмысшысының әлемметтік мәдениет керекшілігін қамтамасыз етеді.

Өндіріске кірген кезде негізгі қорлар бастапқы құн бойынша бағаланады. Жұмыс процесінде негізгі қорлар тозады, жаңа техника өндіру арқылы жаңартылады. Осы шығындар негізгі өндірістік қорлардың қайта өну құнының пішінінде бейнеленеді. Сонымен кәсіпорын балансында негізгі өндірістік қорлар бастапқы және қайта өну құндары бойынша көрсетіледі. Осы екі құнның жиынтығы негізгі өндірістік қорлардың баланстық құны деп аталады.
2. Негізгі өндірістік қорлардың қайта өндірілуі күрделі салымдар арқылы қамтамасыз етіледі. Күрделі салымдарға жаңа техниканы өндіру , қайта құру, жаңа құрылыс және т.б. жатады. Күрделі салымдарды қаржыландыру келесілер арқылы жүргізіледі.


  1. Амортизация - өндіріс процесінде (машиналар мен жабдықтардың тозуы) капиталдың тұтіну көрінісі ретінде компания қызметінің белгісі бір кезеңде оның күрделі активтерінің құнын есептеп шығару. Аммартизация нормасы пайызда құнды қорлардың баланстық құнына есептеледі. Яғни жылдық аммортизациялық төлемдер тең негізгі қорлардың баланстық құны –аммортизация мөлшері / 100%.

Аммортизацияның жалпы сомасы барлық топтар бойынша аммартизация анықталған соң есептеледі.

Жеделдетілген аммартизация - күрделі активтер құнын жедел есептеп шығару арқылы салық салуды қысқартумен көрінетін жаңа жабдыққа күрделі қаржы салуды ынталандыру жолы.



  1. Ішкі құралдарды жинақтау – ол жоспарлау жылдың аяғындағы айналым капиталының керектілігі жоспарлау жылдың басына қарағанда аз болған кезде пайда болады.

  2. Тағы басқа қаржыландыру шығындары:

А) мүлікті, машиналарды жабдықтарды, сатудан түсетін пайда.

Б) Орталық қорлар құрылған кезде негізгі звенодан түсетін пайдалар;

В) Бюджеттік қаржыны бөлу

Қаржылық қайтару жүйесі келесіден тұрады:



  1. Республикалық бюджет құралдары

  2. Банктік несие құралдары;

  3. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос құралдары жатады;

  4. Лизинг

Батыста лизинг бастапқы кезде ұзақ мерзімді аренда ретінде пайда болды. Сосын негізгі қорларды сатып алмай-ақ өндіріс құралдарын қолдану нәтижесінде пайда түсіру құқығы ретінде қолданады.

Лизингтің негізгі пішіндері келесіде:



  1. Қаржылық және тік лизинг

  2. Оперативтік және сервистік

  3. Қайтармалы лизинг

3. Тиімділік тең түсетін пайда / өндіріс шығындары



  1. Қор қайтарымы тең түсім сомасы / қорлардың сомасы

  2. Қор сыйымдылығы тең қорлардың сомасы / түсім сомасы

  3. Материял қайтарымы тең түсім / материялдық шығындар

  4. Материял сыйымдылығы тең материялдық шығындар / түсім.

Өндіріске кіргізілген негізгі қордың орташа жылдық құны = негізгі қорлардың құны / 12 ай * негізгі қордың өндірісте болатын ай саны.

Өндірісте шығарылатын негізгі қордың құны = негізгі қордың құны / 12 ай * өндірістен шыққан соң жылдың аяғына дейін қалған айдың саны.Мысалы, 2004 жылы 1 қаңтарында 3 жылдық мерзімге өндіріске баланстық құны 70000 тг тең жабдық еңгізілген. Бірақ 2006 жылдың қаңтар айының басында бұл жабдық өндірістен шыққан. Осы негізгі қордың орташа құнын есептендер.

70000/12*36 ай = 210

70000/12*24 ай = 140

Амортизацияның жалпы сомасы барлық топтары бойынша амортизация анықталған соң есептеледі. Жеделденген амортизация күрделі активтер құнын жедел есептен шығару арқылы салық салуды қысқартумен көрсетілетін жаңа жабдыққа күрделі қаржы салуды ынталандыру жолы.

Ішкі құралдарды жинау ол жоспарлау жылдың аяғындағы айналым капиталының керекшілігі жоспарлау жылдың басына қарағанда аз болған кезде пайда болады.

Тағы басқа қаржыландыру жолдары

а) мүлікті, жабдықтарды сатудан түсетін пайда

b) орталық қорлар құрылған кезде негізгі звенодан ттүсетін пайдалар

с) бюджеттен қаржыны бөлу

Қаражаттарды қайтару жүйесі келесілерден тұрады



  1. Республика бюджетінің құралдары.

  2. Банктік несие құралдары

  3. Жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос құраладары жатады.

  4. Лизингтік

Батыста лизинг бастапқы кезде ұзақ мерзімді аренда ретінде пайда болды. Сосын негізгі қорларды сатып алмай-ақ өндіріс құралдарымен қолдану нәтижесінде пайда түсіру құығы ретінде қолданды. Лизингтің негізгі пішіндерінде болады

  1. қаржылық лизинг

  2. тік лизинг

  3. оперативтік лизинг

  4. қайтармалы лизинг

3. Бұл тиімділік = түсетін пайда / өндіріс шығындары.

Қор қайтарымдылығы ( фонд отдача) = түсім сомасы / қордың срмасы ( негізгі қорларды қолдану деңгейін көрсетеді).

Негізгі қорларды қолдану деңгейін көрсетеді.

Қор сыйымдылығы = Қордың сомасы / түсім сомасы (өнім бірлігіне есептен қор шығарудың деңгейін көрсетеді).

Материал қайтарымдылығы = Түсім / материалдық шығындар.

Материал сыйымдылығы = материалдық шығындар / түсім.



Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі капиталдың құрамы мен құрылысы

2. Күрделі салымдарды қаржыландыру

3. Қаржыландырудың қайтару жүйесі

4. Амортизацияесептеу тәсілдері
3 – тақырып. Корпорацияның айналым капиталы.


        1. Корпорацияның айналым құралдарын ұйымдастыру негіздері.

        2. Корпорацияның айналым құралдарын нормалау.

        3. Оларды қалыптастыру қайнар көздері.

        4. Айналым құралдарды тиімді қолдану көрсеткіштері.

1. Экономикалық мәні бойынша айналым құралдары дегеніміз өндірістік айналым қорларды қалыптастыру үшін жоспарлы авансталатын ақша құрлдарының жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары:

1) үздіксіз өндіріс процестерімен өнімді іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) өзінің натуралды пішінін өзгерте әр қашанда шаруашылық айналымда болады.

Айналым құралдардың құрамына өндірістік айналым құралдары мен айналыс қоры жатады. Өндірістік айналым қорлары өндірістік босалқы қорлар мен аяқталмаған өндіріске бөлінеді. Айналым қорларғаіске асыруға дайын өнімдерінің босалқы қорлары кассадағы есеп шоттағы және жолдағы ақша құралдары жатады.

Әрбір кәсіпорындарда айналым құралдарының құрамы әртүрлі, ол шығын құрамына, өндіріс түрлеріне есеп мінез құлқына байланысты.


2. Нормалау арқылы анықталатын өзіндік айналым құралдары нормаланған деп аталады. Ол өндірістік босалқы қорлар аяқталмаған өндіріс болашақмерзімдердің шығындары және дайын өнім. Нормаланбайтын өндірістік құралдарға артылған өнім, ақша құралдары және есептегі құралдар жатады. Айналым құралдарды нормалау кезде норма мен нормативті айтады.

Норма дегеніміз жұмыс көлемінің пайызында немесе күн санымен анықталатын тауарлы материалдық құндылықтардың босалқы қорлары. Ол жыл сайын өзгереді.

Норматив ақша пішінінде анықталады. Норманы норматив саналатын көрсеткішке көбейтеді де айналым құралдардың нормативі болады. Мысалы, негізгі матерал мен шикізат нормативі = олардың орташа күндік құны * күн сайынғы босалқы құндылықтардың нормасы. Осы материалдың орташа күндік шығындары = бір кварталдағы өнім шығындарының сомасы / 90күн.

Шикізат және негізгі материалдар бойынша күн сайынғы босалқы қорлардың нормаларына келесі элементтер жатады:

1. Транспорттық босалқы қор;

2. Материалды қабылдап алуға, түсіруге, складқа сақтануға қажетті уақыт (1-2 күн);

3. Ағымдағы складтық босалқы қор;

4. Сақтандыру босалқы қоры;

1) Транспорттық босалқы қордың нормасы = Тауардың жүру уақыты-төлеу тапсырмасының пошта арқылы жүру уақыты.

2) Шикізат пен материалды өндіріске дайындаған кезде технологиялық босалқы қор қалыптасады. Оның ішіне лабароториялық талдауға қажетті уақыт кіреді. Бұл норматив өзінің сомасы ағымдағы складтық босалқы қордан көп болған кезде есептеледі. Мысалы, ағымдағы складтық босалқы қоры 10 күнге тең болса, ал материалды дайындау үшін 20 күн керек болса, технологиялық босалқы қордың саны 10 күнге тең болады.

3) Ағымдағы складтық босалқы қор барлық уақыттың 50 % - на тең болады.

4) Шикізат негізгі материалдық сақтандыру босалқы қоры ағымдағы складтық босалқы қордың 50 % - на тең, сонымен шикізатпен материалдың нор-мативі = (транспорттық босалқы қор + технологиялық босалқы қор + қабылдап алуға керекті уақыт + ағымдағы складтық босалқы қор + сақтандыру қоры)* 1кварталдағы өнім шығындарының сомасы / 90 күн.

Шикізат және негізгі материалдар бойынша күн сайынғы босалқы қорлардың нормаларына келесі элементтер жатады:

1. Транспорттық босалқы қор;

2. Материалды қабылдап алуға, түсіруге, складқа қоюға қажетті уақыт хронометраж 1-2 күн;

3. Ағымдағы складтық босалқы қор;

4. Сақтандыру босалқы қоры;

Транспорттық босалқы қордың нормасы = Тауардың жүру уақыты-төлеу тапсырмасының пошта арқылы жүру уақыты.

Шикізат пен материалды өндіріске дайындаған кезде технологиялық босалқы қор қалыптасады. Оның ішіне лабароториялық талдауға қажетті уақыт. Бұл норматив өзінің сомасы ағымдағы складтық босалқы қордан көп болған кезде есептеледі. Мысалы, ағымдағы складтық босалқы қоры 10 күнге тең болса, ал материалды дайындау үшін 20 күн керек болса, технологиялық босалқы қордың саны 10 күнге тең болады.

Шикізат негізгі материалдық сақтандыру босалқы қоры ағымдағы складтық босалқы қордың 50 % - на тең, сонымен шикізатпен материалдың нор-мативі = транспорттық босалқы қор + технологиялық босалқы қор + қабылдап алуға керекті уақыт + ағымдағы складтық босалқы қор + сақтандыру қоры.

Бұл әдісті нормативті есептеудің тік әдісі деп атайды. Сонымен қатар кәсіпорындар айналым қорларды нормаланған кезде нормалантындардың талдау әдісін қолданады. Айналым құралдардың есебі өндіріс көлемінің өсуі немесе есеп мерзіміндегі нормаланатын айналым қорларының сомасы арасында қарым –қатынас арқылы саналады. Осы мақсатпен нормаланатын айналым құралдар екі топқа:

1. Өндіріс көлеміне байланысты (шикізат пен материалдар)

2. Өндіріс көлеміне байланысатындар (босалқы бөлшектер)

Талдау әдісімен есептелген кезде жоспарланған жылдағы кәсіпорынның жұмыс жылдары саналмайды. Бұл айналым құралдың анықталғанына жеткізбейді. Сонымен барлық нормативтерді қосқан кезде өзіндік айналым құралдардың жоспарланған жылдық қажеті айналым сомасын есептеуге болады. Бұл сан осы көрсеткіштің жылдық ағымдағы сомасымен салыстырылып айналым құралдардың өсуін немесе азаюын анықтайды. Ағымдағы жылдық аяғындағы айналым құралдың артығы жоспарлау жылдағы нормативтің көбеюін жабуға жіберіледі, ал жетпеген кезде ол кәсіпорын өзіндік қайнар көздері немесе банк несиесі арқылы жабылады.

3. Өзіндік айналым құралдардың нормасының өсімдігін жабу қайнар көздері арнаулы анықтамада көрсетіледі. Осы анықтамада келесі көрсеткіштер көрсетіледі:

а) өзіндік құралдарының нормалары.

б) тұрақты пассивтер

в) негізгі жұмыстан түсетін пайда

г) банктің қысқа мерзімді несиесі

д) бюджеттік құралдар.

Тұрақты пассивті жалақы бойынша ең төменгі қарыз алғашқы төлемдердің резервтері, несие берушілердің аванстары және тағы басқа қаражаттары жатады. Жалақының ең төменгі қарызы: 4 квартал жалақы қоры / 90 күн есептелген бір күндік жалақы қоры жалақыны есептелгеннен оны берген күнгі дейінгі күн санына көбейтіледі. Осының нәтижесі пайыз төлемдерімен анықталады. Алғашқы төлемдердің резерві бухгалтерлік есеп ағымдағы жылдың аяғындағы көрсеткіштер арқылы анықталады және жоспарланған жылдағы жалақы қорының көбеюі немесе азаюы байланысты.
4. Айналым қорларды қолдану көрсеткіштері:

1. Айнымалы еселігі = өзіндік құны бойынша есептелген тауар өнімі / айналым құралының орташа қалдығы.

2. Бір айналым бір күнге саналған ұзақтығы = ( айналым құралдарының орташа қалдығы * мерзімдегі күн саны)/ өзіндік құны бойынша есептелген тауар өнімі.

3. Құралдарды айналымға салу есебі = айналым құралдарының орташа қалдығы / өзіндік құны бойынша есептелген тауарлар өнімі.

Айналым құралдарын жақсы қолданған кезде өзіндік айналым қорлардың толық айналым мерзімі қысқаруы мүмкін. Айналым құралдардың керектілігмен ағымдағы мерзіммен қатысқан құралдар сомасының айырмашылығы арқылы айналымнан босатылған қорлардың сомасы анықталады.
Бақылау сұрақтары:


    1. Айналым қорлардың экономикалық мәні

    2. Айналым қорлардың нормалары мен нормативтері

    3. Өзіндік айналым құралдардың нормасының өсімділігін жабу қайнар көздері

    4. Айналым қорларды қолдану көрсеткіштері


4 – тақырып. Қаржы –несие шешідерді қабылдау кезіндегі қаржы –экономикалық есеп айырысудың математикалық негіздері.

1.Қарыз пайызының қарапайым және күрделі мөлшерлемелері .

2.Қарапйым және күрделі есеп мөлшерлемелері .

3.Қаржы шешімдерін қабылдау кезіндегі ақша құнсыздануының есебі.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет