Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



жүктеу 1.46 Mb.
бет6/9
Дата13.09.2017
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

11-тапсырма. Сөйлемді тауып оқыңдар.

Мына дөңгелекке қазақтың аса әйгілі адамының шығармасынан бір сөйлем жазылған. Оны сағат тілінің бағытына қарай үнемі екі сөзден қалдыра отырып оқу керек.

Сонда ол қай сөзден бастап оқылу керек?

Бұл –кімнің шығармасынан алынған, қандай сөйлемдер?


Артық болмас білгенің!


Маңайдағыларды бағындыруға, біреуді өзіне тәуелді етуге тырысу – демікпеге әкеп соғады. Сондықтан қасындағыларға ерік бер, әркім өз бағыты, ынта-ықыласымен тірлік кешсін.


Денің сау болса,

Жарлымен деме.

Жолдасың көп болса,

Жалғызбын деме.


Ұйқы – тынықтырады,

Жұмыс – шынықтырады.


ТЕСТ
1. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Сары торы;


В) Доңыз деген қандай жиіркенішті;

Д) Сүт тез қайнаса ше;


Е) Әкем картопты алды;
С) Келетін болса, хабар бер.
2. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

А) Сен менен аулақ жүр;

В) Біреу көп үшін, көп біреу үшін;

Д) Жеріміз біздің неткен бай;

Е) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды;

С) Қазір қай жерде тұрасыз.


3. Сөйлем құрамына қарай неше түрге бөлінеді?

А) 2;


В) 3;

Д) 4;


Е) 7;

С) Құрамына қарай бөлінбейді.


4. Тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалатын сөйлем түрі не?

А) жайылма;

В) жалаң;

Д) атаулы;

Е) толымды;

С) толымсыз.


5. Атаулы сөйлемдер негізінен қай сөз табынан болады?

А) етістік;

В) зат есім;

Д) сан есім;

Е) еліктеуіш;

С) шылау.




10-САБАҚ. ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ




Сөздік!
1-тапсырма Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Байлық – богатство Өмір – жизнь

Баға – цена Сергек – бодрый; бодрствующий; живой.

Уақыт – время Еңбек – труд

Көмек – помощь Қажыр-қайрат – сила, мощь, энергия

Үздіксіз – безпрерывный, регулярный, непрестанный.

Құштарлық – влюбленность; увлеченность; страстное желание, пылкость

Денешынықтыру –физкультура, закаливание.

Көңіл-күй – самочуствие, настроение

Салауатты өмір салты – здоровый образ жизни
2-тапсырма Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын

түсініңіз.

Қоғамның басты байлығы адам болса, адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет. Дене тәрбиесімен айналысқан адам өзін сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айрықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең басты көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Оларды өмірді сүріп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.




3-тапсырма Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.




Сұхбаттасайық!
4-тапсырма Диалогқа қатысыңыз.
– Спорт сіздің өміріңізде қандай орын алады?

– Күнделікті жаттығу жұмысын жасайсыз ба?

– Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенге қалай қарайсыз?

– Спорттың қандай түрін ұнатасыз?

– Қазақстанның атақты спортшыларын білесіз бе?

– Біздің Республикамызда спорттың қай түрі жақсы дамыған?


Грамматикалық минимум!

Септік жалғау

Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді.


Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:


Септіктер (падежы)

сұраулары

Септіктердің жалғаулары

Атау (именительный)

Ілік (родительный)

Барыс(дательно/направитель)

Табыс (винительный)

Жатыс (местный)

Шығыс (исходный)

Көмектес (творительный)


кім? не?

кімнің? ненің?

кімге? неге?

кімді? нені?

кімде? неде?

кімнен? неден?

кіммен? немен?


Арнайы жалғауы жоқ

-нің, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е

-ды, -ді,-ты, -ті, -ны, -ні,

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

-мен, -менен, -бен, -бенен,

-пен, -пенен


Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу.



  • Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі;

  • Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі.




Жай септелу

Тәуелді септелу

А. үй

І. үй –дің

Б. үй –ге

Т. үй -ді

Ж. үй-де

Ш. үй –ден

К. үй - мен


А. үйім

І. үй –ім-–нің

Б. үй –ім-е

Т. үй – ім-ді

Ж. үй- ім-де

Ш. үй –ім-нен

К. үй – ім-мен





Жай септелу

Тәуелді септелу

А.с.дәрігер

І.с.дәрігердің

Б.с.дәрігерге

Т.с. дәрігерді

Ж.с. дәрігерде

Ш.с. дәрігерден

К.с. дәрігермен


Дәрігер -ім

Дәрігер-ім-нің

Дәрігер-ім-е

Дәрігер-ім-ді

Дәрігер-ім-де

Дәрігер-ім-нен

Дәрігер-ім-мен


5-тапсырма Берілген сөздерді септеңіз.


Септіктер

аурухана

медбике

Атау







Ілік







Барыс







Табыс







Жатыс







Шығыс







Көмектес








6-тапсырма «2011 жылғы VІІ Қысқы Азия ойындары» туралы, дайындық барысы т.б. мәліметтерді іздеңіз. Жиналған ақпарат бойынша қорғаңыздар.

Сайттар: www.akorda.kz,



www.kazinfo.kz,

www.astana.kz,

www.google.kz,

www.egemen.kz
Термин сөздермен танысайық!


Активный биологически

Биологиялық белсенді, биобелсенді

Акупрессура

Биобелсенді нүктелерді саусақ ұшымен уқалап емдеу

биотип

әр адамның индивид ретінде өзгеріске ұшырамайтын қасиеттерінің жиынтығы

гипокинез

Қимылдың көлемі мен жылдамдығының бұзылуы

Монопарез

Бір қолдың немесе бір аяқтың шала салдануы

Реабилитация

Оңалту (еңбекке қайтадан жарамды ету шараларының жиынтығы)

Шизофазия

Түсініксіз сөздерді тізбектеп сөйлеу

Движения, мышечные крупные

Бұлшық еттің ірі қимылдары

Имплантат

Жат материалдардан организмге қондырылған нәрсе

Инактивация, инактивирование

Белсенділігі жойылу, белсенділігін жою


7-тапсырма Жазылым тапсырмалар
7.1.-тапсырма «Сөзден сөз тудыру» ойыны. Салауаттылық сөзін пайдалана отырып, сөз құрастырыңыз.

Мысалы: ауа, алау,

7.2.-тапсырма Жоғарыда берілген сөздік бойынша шағын мәтін құрастырыңыз. Сөздерден қазақ тілінің төл дыбыстарын тауып, астын сызыңыз. Үлгі: Салауатты өмір салтын сақтайық.

7.3.-тапсырма Тұрақты тіркестердің мағынасын жұптастырыңыз.


Тұрақты тіркес




Мағынасы

Ағынан жарылды




жақсы білу

екі езуі екі құлағына жету




сөйлемеу

Он саусағындай біледі




өте жақын, өз адамындай

ит өлген жер




қуану

төбе шашы тік тұру




қорықты

салы суға кету




алыс

тіс жармау




өкіну

Мойны ырғайдай




ештеңені жасырмады,

бар сырын ақтарды



Ығай мен сығай




азып-тозған

Тонның ішкі бауындай




бетке ұстарлар

7.4 -тапсырма Мағынасы қарама – қарсы сөздерді табыңдар.

адал

мықты


дос

түн


асыл

кәрілік


тырысу

жүрек жұтқан

ұзын

дұшпан


байлық

бейшара


осал

қысқа


жастық

арам


су жүрек

ұмтылмау


күн

кедейлік



Сөз құдіреті!

7.5 -тапсырма Шахмат атының жүрісімен төмендегі сөздерді осы жазылған тәртібімен

оқысаңдар ешбір мағына бермейді. Ал егер шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысаңдар, ой-пікір туралы айтылған халық мақалы шығады. Сонда қай сөзден бастап оқу керек.

7.6-тапсырма «Спорт пен денешынықтыру – салауатты өмір салтының негіздері» тақырыбында денсаулықты нығайтуға байланысты эссе жазыңыз және қорғаңыз. Үлгі: Адамның денсаулығы – оның байлығы. Денсаулық мықты болу үшін денешынықтырумен айналысу керек.
7.7-тапсырма Қандай ақынның өлеңін жатқа білесіз?
8-тапсырма www.google.kz, www.уandex.ru сайты арқылы тақырыпқа қатысты суреттер табу. Сурет бойынша, әрқайсысына 2 сөйлем құрастырыңыз.
Нәтижесі:


Пайдалы кеңестер!
9-тапсырма Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Есіңізде болсын, күнделікті тұлғалық жаттығулармен қатар, дене шынықтырудың мына түрлерімен шұғылдануыңызға болады :

– Таңертеңгі гимнастика

– Баяулап жаяу жүру, біртіндеп жылдамдықты және арақашықтықты ұлғайту ( 3 км-ді 30 минутта ).

– Баяу желе жүгіру ( 30 мин ).

– Суға жүзу ( жұмасына 3рет ).

– Велосипед тебу ( 30 мин- тан 8 км ).

– Шаңғы тебу және басқалар.

– Егер, сізде артериялы қысым көтеріңкі болса, волейбол, футбол, теннистермен шұғылдануға, еңкейіп жасалатын жаттығуларды жасауға, ауыр жүк көтеруге болмайды.



Артық болмас білгенің!


Ақша жоғалтсаң – ештеңе жоғалтпағаның,

Уақыт жоғалтсаң – көп нәрсе жоғалтқаның,

Ал денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін де жоғалтқаның.

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің.

ТЕСТ

1.Сөздердің қайсысы септік жалғауында тұр?

А) аспанды;

В) санады;

Д) ойлады;

Е) ақылды;

С) беделді.

2. Адам өміріндегі баға жетпейтін дүние не? Адам өміріндегі ... баға жетпес дүние.

А. Ақша;

В. Қызмет;

С. Денсаулық;

Д. Қызмет;

Е. Машина.

3. Марат жолдасымен бірге кетті.

А) табыс;

В) атау;


Д) ілік;

Е) барыс;

С) көмектес.

4. «-ды, -ді, -ты, -ті» қай септіктің жалғаулары?

А) ілік;

В) жатыс;

Д) шығыс;

Е) көмектес;

С) табыс.

5. Қазақ тілінде неше септік бар?

А) алты;

В) сегіз;

Д) жеті;

Е) бес;


С) тоғыз.
11- САБАҚ. ІШІМДІКТІҢ АҒЗАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Сөздік!
1-тапсырма Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

Ішімдік – алкоголь

Қимыл – движение

Еркінен тыс – неволи

Белгілері – признаки

Мінез-құлқы – поведение

Әсер етеді – влияет

Жүйке жасушасы – нерв

Улы – ядовитая
2-тапсырма Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.
Ішімдіктің ағзаға тигізетін әсері
Ішімдік (алкоголь) бұл химиялық зат, адамның ағзасына жағымсыз әсер етеді, әсіресе миға, мас болу жағдайын тудырады.

Мас болубұл мидың зиянды заттармен улануы, оның нәтижесінде жады, көңіл, ойлау әрекеті бұзылады.

Сен көпшіліктің мас болғанын көрген шығарсың. Оларда бас кезінде өздеріне батылдық сезім және әлсіреу, содан кейін сөйлеуі байланыссыз болады, заттар көз алдында бұлдырлайды, аяқтары оралады, сол уақытта олар өздерін өзі бақылай алмайды.

Жасөспірім үшін зиянсыз ішімдік деген ұғым жоқ. Ішімдік жасөспірім ағзасының қалыптасуына өрескел араласады.

Ішімдікке спирттің дәмі емес, оның мас болу жағдайы, күш-қуат пайда болғанын сезілуі, разылық сезімнің пайда болуы, көңіл күйдің жақсаруы сияқты әрекеттер тартады. Өмірде ішімдік ішу заңды құбылыс деген пікір қалыптасқанымен, ол сенің қатаймаған ағзаңда ішімдікке тәуелділік пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Ішімдікті қабылдауға не себепші болады:


  • Ішімдік айналасы ( ата-анасы, құрбылары және бөтен адамдар );

  • Ішімдік ішкен кезде өзі-өзіне сенетін белгі, ержеткендік, батылдық, кумирға ұқсауға тырысу пайда болады;

  • Ішімдік өнімдерін кино, теледидардан, жарнама таратушылардан;

  • Құрбыларының үлгілері, ішімдік ішетін ауладағы компанияларды іздеу;

  • Жігерсіздіктің дамуы (жаман ықпалға тез берілу), тәуелділік, жауапкерсіздік, қиындықты жеңіп шығуға қорқуы себеп болады.


3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Сұхбаттасайық!
4-тапсырма Диалогқа қатысайық.

Жүйке жүйесінің аурулары

– Қай жеріңіз ауырады?

– Басыңыз ауыра ма?

– Басым жиі ауырады.

– Ауырғаныңызға қанша болды?

– Ауырғаныма оншақты күн болды.

– Денеңіз қыза ма, ыстығыңыз көтеріле ме?

– Денем кешке жақын қызады

– Басыңыздың қай жері ауырады?

– Желкем ауырады?

– Қанша уақыт ауырады?

– Күніне екі-үш сағатқа дейін ауырады.

– Жүрегіңіз айни ма?

– Жүрегім таңертең тұрғанда айниды?

– Сізге дәрігерлік тексерістен өту керек
5-тапсырма «Тұқым қуалайтын ауру» деген пікірге өз көзқарасыңызды шағын мәтін құру арқылы білдіріңіз.

Ішімдік – тұқым қуалайтын ауру. Ең алдымен, оның мінез-құлқы өзгереді, интелектісі төмендейді, ешнәрсеге сауқы соқпайды.


Грамматикалық минимум!
Етістік

Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.



  • Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

  • Тұлғасына қарай негізгі етістік (кел, кет, айтпады), туынды етістік (ой-ла, сан-а, күл-імсіре);

  • Құрамына қарай дара етістік (баста, кес, тара, байы), күрделі етістік (алып кел, жазып отыр);

  • Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай болымды етістік (алды, жаздыр, өшірді), болымсыз етістік ( келме, кетпе, алма, келген жоқ, алған емес);

  • Мағынасына қарай салт етістік (үйге кел, кісімен хабарлас), сабақты етістік (хатты оқы, есепті шеш)


6-тапсырма Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.

Мәтіннен етістікті табыңыз.
«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50% өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

Қорыта келгенде, академик Н.М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”


7-тапсырма Термин сөздермен танысайық!

Алкоголемия

Қан құрамында алкоголь болу

Алкоголизация

Тінге этил спиртін жіберіп емдеу әдісі

Гипобулия

Бір іспен айналысуға талапсыздық, ынтасыздық, ештеңе істегісі келмейтін психикалық жағдай

Гипогевзия

Дәм айыру қабілетінің нашарлауы

Дефект, наследственный

Тұқым қуалаған ақау, кемістік

Мнительность

Шүбәланғыштық, секемшілдік, күмәнданғыштық

Нервозность

Қызбалық, ызақорлық, күйгелектік, ашуланшақтық

Нефрит, наследственный

Тұқым қуалайтын бүйрек қабынуы

Слабоумие, алкогольное

Алкогольдік (маскүнем) жарыместік


Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.

Ақын – ұлттың жүрегі,


Шешен – көптің тірегі,
Батыр – көптің білегі. 

Қымбат дүние қолға түсе бермейді,


Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

Тіл қаруы – сөз,


Сөз қаруы – ой. 

Байлауы жоқ шешеннен,


Үндемеген есті артық
Бәйге алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық. 





Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> География пәнінен облыстық олимпиада
2015 -> Сыздыкова Гульжанар Каримовна карабаева Самал Сериковна Исетова Венера Мухаметжановна Список граждан, допущенных к собеседованию на объявленный конкурс
2015 -> Ибраев Жомарт Омашұлы; Результат конкурса по осуществлению отбора кандидатов на занятие
2015 -> Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы
2015 -> Биографическая справка
2015 -> Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет