Мўхтар јуезов



жүктеу 31.93 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі31.93 Kb.
түріРеферат

Қазақстан Республикасының ғылым жіне білім министрлігі
Реферат

Тақырыбы: МҰХТАР ӘУЕЗОВ

Орындаған: №33МБК-нің 9в

сынып оқушысы

Волков Никита 9в
Тексерген:Буркутбаева.К.М
Карағанды 2010

МҰХТАР ӘУЕЗОВ

(1897-1961)

 

М. Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынынамөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақрухани қазынаға айналды.



Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі ШығысҚазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы ӘуезАбай ауылымен іргелес отырып, айналасындағыадамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездіңөзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсыәдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірліадам болған.

 

Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абайөлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Олжөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелгежақын жаттап алдым»,—деп кейін еске алады. Бұл жасМұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдірсуындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылықтағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездіңжәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көптаралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиеткедеген ықылас, құмарлық ерте оянды.



1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» аттыөмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиетсарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ дегенсөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі акылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескенжерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды.

Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкілшығармашылығына, жан-дүниесіне Абайтуындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықшаекені көрінеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он біржасар Мұхтар Семей каласында ағасы Қасымбектіңтәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орысучилещесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдықмұгалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы бітіріпшығады. Бұл кезең жазушының ғылым-білімге дегенізденісі, орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа әдебиетініңтаңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқанжылдары болды.

Семинарияның орыс тілі мен әдебиеті пәнініңокытушысы В. Попов өз естелігінде: "М.О. Әуезовпентұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Алдыңғы партадаотыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтыңденесі сыптай түзу, киімі сәнді, тап-таза, қою шашықап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзібайсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр... Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшағаөте-мөте жетік. Ал эрудициясына бәріміз таңқалатынбыз», — дейді. Бұдан болашақ жазушыныңжан-жақты білімі, жоғары мәдениеті, қарапайымдылығы мен адалдығы, ойының тереңдігісеминария қабырғасында жүрген кезінде-ақ ерекшебайқалғанын көреміз.

1919 жылы Мұхтар Әуезов семинарияны бітіріпшығып, бірыңғай әдеби кызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, қазіргіөскелең өмір талабына сай әдебиеттің қажетінепайдалану үлгісін өзінің жазушылық тәжірибесіменкөрсетті. «Еңлік—Кебек», «Айман—Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсы.

М. Әуезов 1928 жылы Ленинград университетініңфилология факультеті, Ташкент қаласындағы ОртаАзия университетінің аспирантурасын бітіреді.

1917 жылдан басталған алғашқы шығармаларыныңөзінде-ақ жазушы қазақ елінің тіршілігі ментынысына зер салып, терең үңіліп зерттей отырып, көптеген тарихи және әлеуметтік мөселелердікөрсетуге күш салды. Бұл М. Әуезов талантыныңжан-жақтылығын, білім-дәрежесінің молдығынтанытты.



1917 жылы алғашқы шығармаларының бірі — «Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатынАлаш» газетінде жарияланды. «Адамдық негізі — әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетіндебасылды. «

Бұл мақалаларында казақ халқының ғасырлар бойы талайқиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгенін, сонымен бірге кейбірмінезіндегі сүйекке сіңген жаман әдеттерден арылу оңайға соқпайтынындәлелдеп ашып көрсетеді. Мысалы, ел арасындағы парақорлық, жалқаулық, сауатсыздык, т.б. сияқты, түрлі келеңсіз әдеттерді сынайкеле, солардан құтылудың бір жолы оқып-білім алуда жатқанынайтады. «Жалғыз-ақ үмітіміз, қаруымыз — оқығандарда. Оқығандарендігі жас балаларды өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетгі. Соларға «қазақтыңмінезін тастап, айнымай қажымай, таза жүрекпен кемшіліктерге қарсытұрып, бірлік жібіне жармасуынан басқа не тілей аламыз» деп жазғанеді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет