Мың жылдықтар(от алу үйренген). Кейінгі палеолит б з. б. 40-12



жүктеу 0.71 Mb.
бет3/5
Дата13.09.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5

Ақша түрлері

1. Алтын динарлар.

2. Күміс дирхемдер.

3. Мыс теңгелер.

Қазақстан мен Орта Азияда ақшаның осы үш түрі де шығарған жалғыз қала – Отырар.

Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері және дерек көздері.

Тарих адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың матералдық және рухани өмірі саласындағы сан ғасырлар бойындағы тәжірибесінің жиынтығы, бүгінге дейін өткен меңдаған ұрпақтардың кейінге қалдырған мұрасы. Қоғамның әрбір мүшесі ұрпақтар зердесінің, бір сөзбен айтқанда, тарихи зерденің негізінде қалыптасады. Тарихи сана қоғамдық сананың жеке бір бөлігі болып табылады, және дүниеге көзқарас жүйесінде маңызды орын алады. Тарихи сананы қалыптастыру жас ұрпақты өз халқының рухани өмірімен жақындастыруға, оның

мәдениеті мен тарихының бастауларын түсініп өсуіне көмектесуі тиіс.

Қазақ халқының тарихы дүние жүзлік тарихтың маңызды бір бөлігі болып табылады. Түрік халықтарының қатарына

жататын қазақтар саны жағынан олардың ішінде төртінші орын алады, ал териториясы жағынан дүниежүзі халықтарының ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Тарихта әртүрлі этнонимдермен белгілі болған қазақтардың арғы ата-бабалары әрқилы қиын-қыстау жолдардан өтті, жат елдің басқыншыларға қарсы өз тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді және дүниежүзлік өркениетке өздерінің лайықты үлесін қосты. Алайда қасырларға созылған орталық езгі кезеңінде үстемдік етушілер халықтардың бостандығын, жерін,табиғи байлық -тарын, мәдени ескерткіштерін тартып алып қана қоймай олардың тарихи зердесін де өшіруге тырысты. Жаулап алынған

елдердің халқын өздерінің тарихи дәстүрінде тәрбиелеу орталық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақ халқының тарихын ревалюцияға дейін де, одан кейінде Ресей тарихшылары жазды және империялық ұлы державалық идеология тұрғысынан түсіндірілді. Өз халқының тарихын шындық тұрғысынан қарастыруға ұмтылған ұлттық тарихшылар жазалауға ұшырап отырды.

Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының алдында үлкен де жауапты міндеттер тұр. Көп ғасырлар орталық бұғауынан құтылған ол халықтың шындыққа негізделген тарихи санасын қалыптастыру, жас ұрпақты отан сүйгіштік рухында тәрбиелеуі тиіс. Өткенді қайта жаңғыртуға тарихи деректер көмектеседі.

Олар мынадай топтарға бөлінеді.

1. Заттай ескерткіштер (еңбек құралдар, қол өнер бұйымдары, үй тұрмысында пайданылатын бұйымдар, ыдыс-аяқ, киім-кешек, әшекей заттар, металдан жасалған ақшалар, қару-жарақ, тұрғын үйлердің қалдықтары және т.б.). Ежелгі

замандардан қалған заттай ескерткіштерді зерттеумен арнайы тарихи археологиялық ғылым айналысады. Жер қыртысының қабаттарында заттай деректердің бай қорлары сақталған. Олар қазба жұмыстары арқылы бізге жетеді. Археологиялық ескерткіштер әлі жазу болмаған өте ерте дәуірлерді зерттеуде баға жетпес деректер болып табылады.

2. Этнографиялық ескерткіштер, яғни халқымыздың ежелгі тұрмыс салтының бүгінге дейін жеткен қалдықтары: салт-дәстүрлері, діни сенім-нанымдары. Оларды зерттеумен этнография ғылымы айналысады.

3. Лингвистикалық ескерткіштер немесе халқымыздың тілінде сақталған тарихи деректер. Географиялық атаулар, жеке адамдардың есімдері, басқа тілден кірген сөздер, ескі тілдердің қалдықтары халқымыздың шығу тегін анықтауда, миграциялық процестер мен ежелгі қоғамдық қатынастырды зерттеуде көп көмегін тигізді.

4. Фольклордық материялдар, яғни халқымыздың ауыз әдебиетінің ескерткіштері әртүрлі аңыз әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер, тарихи жырлар, шежірелер.

5. Жазба деректер: тасқа, металға, сүйекке, керамикаға жазылған ежелгі жазулар мен қағаз бетіне түскен әртүрлі қолжазба және баспа құжаттар. Қазақстан тарихи жөнінде мәліметтер түрлі тілде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, арап, парсы және орыс тілдерінде жазып қалдырылған.

6. Кино-фото-фоноқұжаттар деректердің ең жаңа түрлері болып табылады. Бұлар бізге және келешек ұрпақтарға ХХ ғ-да

болып өткен аса ірі тарихи оқиғалардың тынысын, тарихи қайраткерлердің бет бейнесі мен үнін жеткізді.

Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ жүздері.

Қазақ және Орта Азияның басқа да Түрік тілдес халықтарының этникалық негізін осы аймақты сонау тас және қола дәуірінен бері мекендеп келе жатқан ежелгі адамдар, одан бері сақ Скиф, Үйсін, Қаңлы, Ғұн, Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Арғын, Керей т.б. тайпалар құрады. Қазақ халқының қалыптасуын ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы біраз кейінге шегерді. Осы кезеңде қазақ даласына біраз моңғол тайпалары да келді. Бірақ олар жергілікті халықпен сіңісіп кетті.

Этнос немесе халық дегеніміз түр тұлғасы, мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі ортақ адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымы. Этностың қалыптасуындағы ең маңызды, басты белгі жер тұтастығы. Қазақ халқы және оның этникалық териториясының қалыптасуы негізінен XV-XVIғ. Аяқталды.

Қазақстанның бір ерекшелігі мұнда тайпалық бірлестіктер жезден пайда болды. Қазақ жүздері туралы мәліметтер жазба деректерде XVI ғасырданбастап кездеседі. Олардың пайда болуы Қазақстанның табиғи климаттық жағдайларына, халқының көшпенді өмір сүруіне байланысты. Ұлы жүз Жетісу мен Оңт. Қазақстанда, Орта жүз Орталық және Солт. Қазақстанда, Кіші жүз Батыс Қазақстанда мекендеді.



Қазақ хандығының құрылуы. “Қазақ” атауы туралы.

Қазақ хандығын құрушылар Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Олар 1457ж. Әбілхайыр хандығынан бөлініп Моғолстанға көшіп барды. Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керейге Жетісудың батысындағы Шу өңірінен қоныс бөліп берді және оларды өз мемлекетінің батыс шекарасын қорғау үшін пайдаланбақ болды. Олармен бірге мұнда 200 мыңнан астам халық көшіп келген еді. 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болды. Осындай жағдайда 1465 жылы қазақ хандығы құрылды. Жәнібек пен Керейдің күшейуінен сескенген Әбілхайыр 1468 жылы оларға қарсы жорыққа аттанып бара жатқанда қайтыс болады.

“Қазақ” деген термин бастапқы кезде көшпенділердің хан билігіне бағынғысы келмей тәуелсіз, еркін жүрген топтарын білдіретін әлуметтік мағынада қолданылды. Жәнібек пен Керей хандығы нығая келе олардың қол астындағы барша халық қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте бұл термин этникалық мәнге ие болып халық атауына айналды.

Осылайша қазақ хандығының дүниеге келуімен бірге “қазақ” этнонимі халық атауы пайда болды.



XVII ғасырдағы қазақ қоғамы.

Жазба әдебиет діни және тарихи кітаптардан тұрады. Қадырғали Жалайридің “Жамиғат туарих” (Жылнамалар жинағы) XV-ХVIIғ. Қазақ тарихына арналды. XVІғ. өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Рашиди” деген еңбегінде қазақ хандығының тарихы туралы баға жетпес мәліметтер жазып қалдырды.



XIVғ. аяғы мен XVғ. бас кезінде Түркістан қаласында салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулет өнерінің үздік ескерткіші болып табылды. Оның ұзындығы 65,5м, ені 45,5м, биіктігі 35,7м.

1726ж. Кіші жүз ханы Әбілхайыр, Ағамандар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлынбай және басқалары Ресейден кіші жүз қазақтары үшін “қорғаушылық сұрауға” елші Қойбағарды жөнелтті. Бірақ оның бұл сапары нәтижесіз қалды. Әйтседе

Әбілқайыр өзінің көздеген мақсатын аяқсыз тастамай 1730ж. қыркүйекте УФА арқылы Петербуркке орыс әйел императоры Анна Иоанновнаға өздерінің бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішін хатпен жолдап әрі ауызекіде айтуды тапсырып, қайтадан елшілік жіберді. 1731ж. 19 ақпанда имератор әйел Анна Иоанновна кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Тиісті ант қабылдау үшін қазақстанға Әбілқайыр ханға тапсырылатын грамотамен сыртқы істер комиссиясының тілмашы А.И.Тевкелев бастаған елшілер жіберілді. Елшілік 1731ж. 5 қазанында Әбілқайырдың ордасына келді. Кіші жүз билеушілерінің көпшілігі ант

беруге қарсы екені белгілі болды. Тевкелев әртүрлі алдап-арбау, паралау арқылы қулығына асырып Әбілқайыр мен оның жақтастарынан ант қабылдады. Бұл оқиға қазақ жерін біртіндеп қосып алудың бастамасы болды.

Ресей ең алғашқы сәттен-ақ бүкіл қазақ жерлерін біртіндеп қосып алуды мақсат етті. Осы ниетпен 1734ж. И.К.Кирилов басқарған арнайы Орынбор экспедициясы құрылды. 1735ж. Орынбор бекінісі салына бастады. Қазақ жерін айналдыра

қоршай әскери шептер құрылды, олар: Горькая, Ертіс, Колыван, Есіл, Орек т.б. шептер.

1755ж. арнайы Орыньор қазақ әскерлері құрылды. Ол Жайық қалашығынан (қазіргі Орал қаласы) жоғарғы Жайық бекінісіне дейінгі жерлерді алып жатқан жоғарғы Жайық әскери шебіне орналасты. Ал, Жайық қалашығынан Каспий теңізіне дейінгі аралықта Жайық қазақ әскерлері(1591ж. құрылған) орналасқан болатын. Еділ мен Жайық аралығындағы Каспий теңізінің солтүстік жағалауын орыс помещиктері Безбородко мен Юсупов иеленді. 1775ж. жалпы қазақтарға Ертіс өзенінен өтуге тыйм салды. 1764ж. қазақтарға Ертіс өзеніне 10 шақырым жақындап көшуге тыйм салынды.

Осылайша кіші жүз және орта жүз қазақтары өздерінің ең жақсы қысқы және жазғы жайылымдарынан айырылды. Бұл

жағдай Жайық және Орынбор казактары мен қазақтардың қарым –қатынасын шиеленістері мен қоймады. Патша үкіметі қазақтарды жуасыту үшін дүркін-дүркін жазалай экспедицияларын ұйымдастырып, ауылдарды ойрандап, тұтқын алып, малдарын мыңдап айдап әкетіп отырды. Сыртқы істер коллегиясы 1755ж. 11 көкекте казактарды, қазақтарды қас дұшпан ретінде қарауға рұқсат берді.

Қорыта айтқанда, ХVIIIғ Ресейдің отарлық әкімшілігі қазақ жеріне белсенді түрде тереңдеп ене бастады және қазақ қоғамының экономикалық негізін шайқалтатын шараларды іске асырды.

Бұл қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресіне алып келді. Күрес сонымен бірге патша үкіметінің құйыршықтарына айналған кейбір қазақ билеушілеріне де қарсы бағытталды.

Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

Қазақ жерлерінің тартып алыну жайылымдық жерлердің өрісін тарылтып, мал шаруашылығына үлкен зиян тигізді. Бұл жағдай отаршылдарға қарсы күреске шығуға мәжбүр етті. Кіші жүз және орта жүз қазақтарының қозғалысының басталуы

Е.Пугачев жетекшіл еткен шаруалар соғысымен(1773-1775ж.ж.) тұспа-тұс келді.

Өзін ІІІ Петр патшамын деп жариялаған Пугачев қазақтар арасында ”манифестер” таратты . Бұл манифестерде ол

қазақтарға бостандық және бұрынғысынша еркін өмір сүру құқығын беруге уәде берді.

Бұл манифестер қазақтардың Пугачев әскеріне жаппай қосыла бастауына ықпал етті. 1773ж. қыркүйегінде көтерілісшілер орыс қамалдары мен бекіністеріне шабуылдай бастады. Жылдың соңында Жайық өзенінің төменгі бойы қазақтардың бақылауында болды. Абылай хан көтерілісшілерді қолдай отырып, жазалау отрядтарына көмек көрсетуден бас тартты. Кіші жүз қазақтары Жайық, Орынбор қалаларын қоршауға және Клагин қамалын алуға қатысты. Орта жүз қазақтары Преснегорький, Петропавл қамалдарына шабуыл жасады.



1775ж. қаңтарында Пугачев дарға асылғаннан кейін патша әскерлері көтерілісшілерді жазалауға кірісті. Оларға Нұралы хан белсене көмек көрсетті. Жазалаушыларға қарсы күресте Сырым Датұлы бастаған Байбақты руының жасағы ерекше ерлігімен көзге түсті.

1775ж. күзінде отаршылдыққа қарсы қозғалыс жаңа күшпен өрістеді. Оны табын руынан шыққан 22 жастағы Сапура Мәтен қызы басқарды. Сапура күресті басқарушы өзі, емес Көктемір Әулие деген аңыз таратты. Кейбір сұлтандардың сатқындығы салдарынан қозғалыс 1776 ж. жазында уақытша бәсеңдеді.

Сырым Датұлының бастауымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

Сырым Датұлының бастаған көтерілісі 1783-1797ж.ж. болды. Кіші жүз қазақтарын көтеріліске шығуға мәжбүр еткен себептер: Ресейдің орталық саясаты, қазақтардың жерін тартып алу, жер мәселесінің шиеленісуі, көшіп қонудың тарихи қалыптасқан маршруттарының бұзылуы, Ресейдің жергілікті әкімшілігі және орыс-қазақ әскерлерінің шектен шыққан зорлық-зомбылығы мен қарақшылығы.

Көтеріліс бірде өршіп, бірде бәсеңдеп отырды. Ресей үкіметі көтерілісшілерді алдаусырату мақсатымен жаңа тактика қолданып хан кеңесін құрды. Оған старшындар, сұлтандар кірді. Көтеріліс осыдан соң бірте-бірте бәсеңдеп, 1797ж. аяғында тыңшыды. Сырым Датұлы серіктерімен Хиуа хандығына өтіп кетті. Сол жерде 1802 жылы қайтыс болды.

1822-1824ж.ж. Әкімшілік реформалар. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс.

1801ж. І Павел патшаның жарлығымен Еділ мен Жайық арасында Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы құрылды. Оның ханы болып Нұралының ұлы Бөкей тағайындалды. Ол бүтіндей Ресей үкіметіне тәуелді болды.

Сырым Датұлының көтерілісі хан үкіметі Ресей империясының Қазақстандағы орталық саясатын толығымен қамтамассыз ете алмайтындығын көрсетті. Сондықтан Қазақстанды Ресей мүддесіне сай басқару жүйесін енгізу мақсатымен Сібір генерал-губернаторы М.Сперанский жасағын “Сібір қазақтары туралы ереже” 1822 жылы қабылдады. Сперанскийдің реформасы бойынша Сібір екі бөлікке Шығыс (орталығы Иркутск) және Батыс (орталығы Тобольск, 1839 жылдың Омск) Сібір болып бөлінді. Батыс Сібірге Орта жүз және Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі мекендеген територияға қарады. Ол “Сібір қазақтарының облысы” деп аталды.

Ережеге сәйкес Сібір қазақтарының облысы окруктерге, окруктер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Сөз жүзінде окрукті аға сұлтан, болысты болыс, ауылды старшын басқарды, ал іс жүзінде олар Ресей әкімшілігіне толық тәуелді болды. Сол жүйесі ресей мүддесіне сәйкестендірілді. Хан өкіметі жойылды.

1824ж. Ресей үкметі “Орынбор қазақтары туралы ереже” қабылдады. Кіші жүз бірнеше бөліктерге бөлініп, оларды Орынбор генерал-губернаторы тағайындаған сұлтандар басқарды. Бұл бөліктер дистанциялардан, дистанциялар ауылдардан тұрды. Оларды басқарушылардың бәрін де шекаралық комиссия тағайындады.

Орта жүзбен кіші жүзде хандық биліктің жойылуы қазақ халқының саяси тәуелсіздігінің жойылуы еді. Ресейдің отарлық саясатының барған сайын күшеюі халықтың қарсылығын туғызып, 1836-1838ж.ж. Бөкей Ордасында жаңа көтеріліске алып келді. Бұл ұлт-азаттық көтерілісті Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Көтерілісшілерге қарсы тұрақты әскер отрядтары мен қазақ әскерлері жіберілді. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында негізгі шайқастар 1837 жылы Тастөбе, 1838 жылы Ақбұлақ деген жерлерде болды.



Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

1837-1847ж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшелігі ол қазақтың үш жүзінде, бүкіл қазақ жерлерін қамтыған көтеріліс болдыжәне хандық қайта қалпына келтірілді, көтерілісшілердің саны 20 мыңға дейін жетті. Көтерілістің мақсаты қазақ жерлерінің территориялық тұтастығын қалпына келтіру,қазақ елінің мемлекеттік сақтау болды.

Кенесарыға екі майданда соғысуға тура келді: солтүстікте патшаның жазалаушы әскерлеріне, ал оңт. қоқандықтардың зорлық-зомбылықтарына қарсы. 1841 жылы үш жүз көлдерінің бас қосқан құрылтайында Кенесары ақ киізбен хан көтеріліп, қазақ хандығы қайта қалпына келтірілді. Бір өкініштісі, өздерінің жеке басының қамын көздеп сатқындық жолға түскен кейбір ел билеушілері Кенесарыға қарсы шығып, отаршылдарға қызмет етті.

Ұлт-азаттық қозғалыстың кең қанат жаюынан қатты сескенген патша үкіметі оны басып жаныштауға үлкен әскери күш бөлді. Көтерілісшілер оңт. қарай ығысуға мәжбүр болды. Кенесары күресте қырғыз халқын тартқысы келді, бірақ ол мақсаты орындалмады. Ол 1847 жылы қырғыз жерінде апат болды.

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

Кіші және Орта жүздердің територияларының Ресей қол астына өтуі аяқталса да, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тәуелді еді. 1812-1816-1820ж. хиуа ханы Мұхаммед Рахым қазақ қоныстарын жан шошырлық күйзеліске ұшыратты. Қазақ шаруаларының Тентек Төре бастаған 1821ж. халық көтерілісі азаттық сипат алды. Көтерілісшілер саны 10 мың адамнан асады. 1871ж. Сұлтан Сүйік Абылайхан ұлы патша үкіметі өзіне қараған руларды Ресей құрамында болуын қалайды деп мәлімдеді. Осы жайлы Жалайыр руынан 66 мың адам қоныс тепкен территориясымен Ресей құрамына алынды. 1825ж. Жетісудың 50 мың адамы бар,Үйсін болысындағы қазақ-р Ресей құрамына кіруге келісім берді.



1848ж. Ұлы Жүз қазақтарын басқару туралы нұсқаулар, 1848ж. қаңтардың 10 күні ұлы жүз қазақтарын басқару туралы

пристав тағайындалды. 1854ж. көктемде Ресей әскерлері Верный деп аталған бекіністің ірге тасын көтерді. Бекініске Іле отрядының 470 солдатымен, офицерлер келіп қоныстанды. 1855ж. Қапалдан ұлы жүз приставасының резиденциясы Верныйға орын ауыстырды. ХІХғ. 1860 жылдары бекініске Ш. Уәлиханов тұрады.



Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. ХІХғ.

60-90ж.ж. Қазақстанда жүргізілген әкімшілік реформалар.

ХІХғ. Бірінші жартысында Ресей Қазақстанның оңтүстігінде өзінің ықпалын күшейту мақсатымен Ақтау, Алатау, Қапал, Аягөз, Лепсі бекіністерін салды. 1854ж. көктемінде Верный бекінісі салына бастады.

Орыс әскерлері 1860 жылы Пішпек, 1863 жылы Созақ, 1864 жылы Әулие ата, Түркістан, Шымкент қалаларымен бекіністерін алды. Осылайша Ресей империясының қазақ жерлерін жаулап алуы толық аяқталды. Ендігі жерде ол Орта Азияны жаулап алуға кірісті.



1867ж. 11 шілдесінде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”; 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” қабылданды. Осы реформаға сәйкес қазақ жері бөлшектеніп үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор, Батыс

Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлініп берілді. Бүкіл үкімет билігі генерал-губернатордың қолына жинақталды. Қазақстанды басқару жүйесі әскери сипат алды. Генерал-губернаторлықтар облыстардан, облыстар уездерден тұрды. Қазақтар өзін-өзі басқару құқығынан айырылды, барлық билік Ресей чиновниктеріне берілді.



1868ж. желтоқсанда Орал мен Торғай облыстарында отаршылдарға қарсы көтеріліс басталды. Оны С. Түркебаев пен Б.Оспанов басқарды. 1870ж. Маңғыстауда болған көтерілісті И.Тіленбаев пен Д.Тәжиев басқарды.

1886ж. 2 маусымында “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”, 1891ж. 25 наурызында ”Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” қабылданды. Қазақстан териториясы 2 бөлінді.



ХІХғ. Екінші жартысында жүргізілген әкімшілік реформалар Қазақстанды біржола Ресей империясының отарына айналдырды. Реформаның ең ауыр зардыбы бүкіл қазақ жерін Ресей империясының меншігі деп жариялау болды.

ХІХғ. Екінші жартысында Ресей үкіметі Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын күшейте түсті. Орыс шаруаларына қазақтың ең құнарлы, жақсы жерлері тартып алынып берді.

Қазақстан азаматтық қарсыластық кезеңінде (1917-1920ж.ж.)

Қазақстанда Кеңес өкіметі ең алғаш орнаған қала Перовск (1917ж. 30 қазан). 1917ж. қазан айынан 1918ж. нурызына дейін Кеңес өкіметі Орынборда, Оралда, Жетісуда қарулы көтеріліспен, қалған аймақтарды бейбіт жолмен жеңді.



1917ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда 2-ші жалпы қазақ сьезі өткізілді. Сьезі қазақ облыстарының териториялық-ұлттық автономиясын құру туралы шешім қабылдады, оны “Алаш” деп атады. 25 адамнан тұратын Алашорда үкіметінің басшысы болып Ә.Бөкейханов сайланды.

1918ж. мамыр, маусым айларында Петропавловск, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларында Кеңес үкіметі құр.

Ақ гвардияшыларды оңтүстікке өткізбеу үшін 1918 жылдың жазында, Ақтөбе майданы құрылды. Ақ гвардияшыларды Сібір жақтан оңт. қарай өткізбеу үшін Солт. Жетісу майданы құрылды.



1920 жылы наурызына дейін Қазақстан жері ақтардан тазартылды.

Қазақстан 20-30 жылдарда.

1920ж. 26 тамызында қырғыз-қазақ АКСР-ін құру туралы декрет жарияланды. Ол РСФСР-дің құрамында болды, астанасы Орынбор қаласы болды. 1924 ж. қазақтар мекендеген Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ АКСР-нің құрамына қосылды. Астана Қызылорда қаласына көшірілді.

1925-1933 ж.ж. Қазақстан партия ұйымын Ф.Голощекин басқарды. Ол “Кіші қазан” идеясының авторы. Оның ойынша социалисттік революция қазақ ауылына соқпай, жанай өтті, онда большевиктердің ықпалы әлсіз, содықтан тап күресін өршітіп жаңа революция жасау қажет. Осы идеяны ол өзіне қарсы келген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, Қожанов, Мыңбаев сияқты қазақ ұлтының бетке шығарларын қудалау үшін пайдаланды.

Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы құрылысы Сібір мен Орта Азияны жалғастырған Түркістан-Сібір (Түркісип) темір жолы болды. Оның құрылысы 1927ж. көкек айында басталып, 1930ж. көкегінде аяқталды. Ұзындығы 1445км. Индустрияландыру жылдарында Шымкент қорғасын зауыты, Ащысай полиметалл комбинаты салынып, Текелі полиметалл, Жезқазған мыс қорыту комбинатының, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының құрылысы басталды. Нәтижесінде Қазақстан түсті металдан өндіру жөнінен Одақ бойынша 2-ші орынға, мұнай өндіру жөнінен 3-ші орынға шығып, Қарағанды КСРО-ның үшінші көмір базасына айналды.

Бірақ Қазақстандағы индустрияландыру тек шикі зат өндірі бағытында болды. Республиканың қазба байлықтары орталыққа тасылды. Мұнай, газ, металл өндіру, машина жасау, станок жасау, прибор жасау кәсіпорындары болған жоқ.

Ресейден қазақстанға көшіп келушілер көбейді. 20-30 ж.ж. аштық пен миграция салдарынан 1939ж. Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы 38% төмендеді.

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұйымдастыру дөрекі әкімшілік шаралар қолданып, күшпен зорлау арқылы, республиканың ерекшеліктері ескерілмей, алдын-ала дайындықсыз жүргізілді. Жергілікті халықты күштеп отырықшыландыру етек алды.

1928ж. 675 қазақ байларының мал-мүлкі тәркіленіп, өздері жер аударылды. Осының салдырынан 1931-1933ж. Қазақстанда бұрын болып көрмеген ашаршылық жайлап, республикада тұратын 6,2 миллион тұрғындардың 2,1 миллионы аштан қырылып, 1 миллионы шет елдерге көшіп кетті.

Мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Егер республикада ұжымдастыру қарсаңында 40,5 миллион мал боған болса, 1933ж. соның 4,5 миллионы қалды. Ұжымдастыруға қарсы республикада 372 көтеріліс болды. 20-30ж. республика мәдениеті үшін күрделі жылдар болды. Үлкен жетістіктермен қатар репрессиялар қазақ интеллигенциясын баудай түсіп, қырып жіберді.



1928ж. 44 бұрынғы “Алаш Орда” қайраткерлеріне “буржуазияшыл-ұлтшылдар” деген айып тағылып тұтқынға алынды. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар бар еді. 1930ж. ішінде М.Тынышбаев және

Х.Досмұхаммедовтар бар, тағы да 40 адам тұтқындалды. 1937-1938ж. репрессиялау жаппай сипат алды. Саяси қайраткерлер Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, О.Исаев, О.Жандосов ақын-жазушылар С.Сейфуллин, Б. Майлин, І.Жансүгіров ғылымдар Қ.Жұбанов, С.Аспандияров атылып кетті. Қазақстанда 7 тұтқын лагерлері құрылды. Олардың ішіндегі ең ірілері «КарЛаг» және «Алжир» болды.



1937ж. Қиыр Шығыстан 100 000 кәрістер Қазақстанға көшіріп әкелінді. Осы жылы мыңдаған күрділер, түрктер, әзірбайжандар мен ирандықтар қазақстанға зорлап жер аударылды.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

1941ж. 22 маусым күні Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыс жылдарында Қазақстаннан майданға 1млн. 366 000 адам қатысты. 20-дан астам атқыштар дивизиялары мен басқа да Әскери бөлімдер құрылды. Қазақстаннан майданға

14,1000автомобиль, 1,5000 трактор, 110,4000 ат пен 16,2000 арба жіберілді.

500 қазақстандық жауынгер Совет Одағының Батыры атағын алды. 4 қазақстандық Т.Бигелдинов, С.Луганский, И.Павлов және Л.Беда осындай атаққа екі рет ие болды. 2-кі қазақ қызы Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова батыр атағын алды. Алғашқылардың бірі болып Рахымжан Қошқарбаев Рейстагқа ту тікті.

КСРО-ның батыс аймақтарын жаудан басып алуына байланысты Қазақстанның экономикалық маңызы арта түсті. Республикаға 200 кәсіпорын көшіріп әкеліп, қысқа мерзім ішінде майданға қажетті өнім бере бастады. Соғыс жылдарында Қазақстан бүкіл Одақта өндірілген мыстың 30% , марганец рудасының 60%, мыс рудасының 50%, висмуттың 65%, полиметалл рудаларының 70%, қорғасынның 85% берді.

Соғыс жылдарында бүтін бір халықтар Қазақстанға күштеп жер аударылды. 1941ж. күзінде 361 мың Еділ бойында тұратын немістер, 1943-1944ж. 507 мың балқар, қарашай, ингуш, чечен халақтары, 110 мың месхет түріктері, 180 мың қырым татарлыры жазалауға ұшырап, Қазақстанға депортациаланды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет