Таеквондодан Қазақстан құрамасы Иранда өткен жарыста үздіктер қатарынан көрініп, командалық есепте үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Иран астанасы Тегеран қаласында G-1 санатындағы Fajr Open 2024 турнирі өтті. Әлемнің түкпір-түкіпірінен 300 спортшы сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Ерлер құрамасы 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алса, әйелдер құрамасы 1 күміс, 3 қола медаль иеленді. Ерлерден Бейбарыс Қаблан күміс алса, Нұрлан Мырзабаев, Мақсат Орынбасар, Темірлан Тілеулес және Нұрқанат Қожахмет қола жүлдегер атанды. Ал әйелдерден Мария Севостьянова күміс, Ботагөз Қапанова, Айдана Сүндетбай пен Камила Аймұқашева қола медаль жеңіп алды. 

Айта кетейік, таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшыларында Париж олимпиадасының лицензиясы әлі жоқ.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.