12-дәріс
Тұтынушы талғамы және таңдауы
МИКРОЭКОНОМИКА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Кітап:
Дәріс:
Микроэкономика
Тұтынушы талғамы және таңдауы
2
Мақсаттар:
• Тұтыну шектерін түсіндіру және пайдалылық ұғымын пайдалана отырып, артықшылықтарды
сипаттау;
• Тұтынушылық таңдауының шекті пайдалылығы теориясын түсіндіру;
• Бюджет сызығы және тауарлар мен табыс бағасының өзгеруі әсерлерін түсіндіру;
• Ауыстырудың шекті мөлшерлемесін азайту принципін, талғамсыздық қисықтарын түсіндіру;
• Тұтынушылық таңдауына әсер ететін бағалар мен табыстың өзгеруін болжау.
Сіз Димаш Құдайбергеннің альбомын алғыңыз келеді. Сіз оны арнайы дүкенге барып 2000 теңгеге
компакт диск аласыз ба, әлде плей маркет, агугай KZ –тен 1000 теңгеге жүктеп аласыз ба? Кейбір адамдар
компакт диск алады, ал кейбіреулері жүктеп алады. Альбомды сатып алушы ретінде біздің таңдауымызды
не анықтайды? Біз гауһар тастардың қымбат, ал су арзан екенін білеміз. Онда, таңдаған кезде, неге
өмір сүруге маңызы зор судан гөрі пайдасыз гауһар тастарға мән береміз? Осы парадоксқа ұқсайтын
көптеген мысалдар келтіре аласыз. Сонымен, сауалнамалардан байқағаныңыздай, осы тақырып назары
тұтынушылық таңдауы теориясын зерттеуде болады.