Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық дайындау орталығының 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушысы София Фарафонова "Эфес кубогы-2024" халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/cop_zvs

22-28 қаңтар аралығында Түркияның Измир мұз айдынында жыл сайынғы дәстүрлі "Эфес кубогы" жарысы өтті. Бұл халықаралық турнирге 15 елден мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.

  • Australian Open Елена Рыбакинаның тартысын "ең үздік матч" деп атады
  • Сарапшы Жәнібек Әлімханұлына 43-0 рекордсменімен жекпе-жекке шығуды ұсынды

Түркиядағы жарыста Литва спортшысы Александра Головкина бірінші орын алды, ал күміс медаль Молдовадан келген мәнерлеп сырғанаушы Анастасия Грачеваға бұйырды. Ал қазақстандық София Фарафонова үшінші орын алды.

Бұған дейін "Астана" мен "Ақтөбе" футболшыларының қанша жалақы алатыны туралы жазған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.