Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары



Дата22.04.2019
өлшемі40.5 Kb.
#112061


Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2013 жылғы « » .

№ бұйрығымен

бекітілген

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары

1. Осы Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы қаулысына сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын (бұдан әрi – дерекқор), мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн (бұдан әрi – бiрыңғай тiзiм) қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.



2. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәлiметтердiң, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын беретiн мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтердің негізінде дерекқор мен бірыңғай тізімді қалыптастырады және күн сайын жаңартып отырады.

3. Дерекқорда әрбiр салымшы жөнiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс: тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), салымшының (алушының) жынысы, туған күнi, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі, жасалған күні, оның қолданылуын тоқтату күні мен себебі.

4. Бірыңғай тізімде әрбір салымшы (алушы) жөнінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күнi, ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі және жасалған күні және оның қолданылуын тоқтату күні мен себебі.

5. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған мәліметтердің негізінде Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені немесе енгізілмегені туралы хаттаманы (бұдан әрі – Хаттама) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар туралы мәліметтерді енгізуден бас тартылған жағдайда, Хаттама Орталық пен бірыңғай жинақтаушы қоры арасындағы Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес енгізілмеу себебін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы енгізілмеген шарттар туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

6. Орталық күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі салымшылардың (алушылардың) деректемелерін Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры мәліметтерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.

7. Салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде: тегінде, атында, әкесінің атында (болған кезде), туған күнінде, ЖСН мен жынысында айырмашылықтар анықталған кезде Орталық салымшылардың деректемелерін Жеке тұлғалардың Мемлекеттік деркеқоры мәліметтерімен сәйкес келтіреді.

8. Салымшының (алушының) деректемелері өзгергендегі туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, Орталық пен бірыңғай жинақтаушы қоры арасындағы Ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсілмен бірыңғай тізімге өзгерістерді енгізген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.



9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан салымшының (алушының) деректемелері өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыныңавтоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізеді.
Каталог: sites -> default -> files
files -> «келісемін» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі
files -> 016 жылдың тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментімен тіркелген жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
files -> 016 жылдың және 31 қаңтар аралығында бсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған, хабарлама тізімі
files -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
files -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
files -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
files -> Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың қаңтарда тіркелген
files -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет