Отандық фильмдердің авторы, режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/kukabeisek/

Жаңалықты “Қазақфильм” киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды жеткізді. 

“Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек Қазақфильм ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, ҚФ-нің творчествалық даму бағытын қадағалап сол бағытқа жауап береді. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар”, – деп жазды актер. 

  • "Бәйтерек" холдингінің басшысы тағайындалды

  • Депутатпен сөзге келіп қалған экс вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

Сонымен қатар Қуаныш Бейсек тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді. 

“Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Бірақ жаңа “Қазақфильм” құруға тырысамыз", – деп жазды су жаңа кеңесші.  

Еске салайық, режиссер жақында қызды болғанын айтып, сүйіншілеген еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от AZAMAT SATYBALDY (@azamatc)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.