Елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы аналарға әкімдік тарапынан біржолғы қаржылық көмек тағайындалады. "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлеріне қаржылай көмек беріледі. Ал кей өңірлерде мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардаргерлерге де көмек қоры қарастырылған. Жергілікті әкімдіктерде берелетін сома көлемі әртүрлі болмақ. Алайда кей қалаларда биыл біржолғы төлем бюджеттен мүлдем қарастырылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gov.kz

Әкімдік дерегінше, қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді екен. Сондықтан әр аймақтағы төлем сомалары да әр алуан.

Мысалы, бас қала Астанада көпбалалы аналарға 9 000 теңгеден сәл артық қана берілгелі отыр. 

“8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы ана біржолғы әлеуметтік төлем алады”, – деп хабарлайды әкімдік.

Елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII жергілікті бюджеттен қала мәслихатымен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көп балалы отбасыларына, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Айта кетерлігі, Шымкентте бұл сома екі есе – 18 460 теңге. Шаһарда 2019 жылдан бері қала мәслихатының 29 наурыздағы шешімі негізінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.

Қазір оңтүстік шаһаржа 64 134 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 12 608 ана "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері атанған.  

Мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік көмекті жергілікті бюджеттен жоғарыда аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде төленеді. Осылайша, Шымкентте 12 608 ана бір реттік қаржылай көмек алады.

Ал Түркістан облысында мерекеге орай өңір бойынша ақпан-наурыз айларында 14 ауданға төлемақы берілмек. Тізімге Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Түлкібас, Шардара, аудандары және Арыс, Кентау, Түркістан қалалары кіріп отыр.

Жергілікті бюджет есебінен 2-3 АЕК мөлшерінде 42 250 көп балалы анаға, 352,4 миллион. теңгеге ("Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", 1-2 дәрежелі Ана Даңқы орденімен марапатталған аналар) 1 реттік әлеуметтік төлем жоспарланып отыр. Айта кетейік, 2024 жылғы есеп бойынша 1АЕК – 3692 теңге.

Ұлытау облысында – 20 000 теңге. Өңірде бүл мерекеге орай 165 миллион теңге бөлініпті. 

Дәл мұндай соманы Қарағанды қаласының көпбалалы аналары алмақ. Әйелердің жалпы саны – 8 мың.

Ал Ақмола облысында аналардың мәртебесіне қарай 7 мыңнан 18 мың теңгеге дейін біржолғы төлем тағайындалған.

Шығыс Қазақстанда ең көп сома 12 мың теңгеге жуықтайды. Бірақ төлем алушылардың көп екенін айта кеткен жөн. Шығысқазақстандық әйелдердің саны шамамен – 12 мың. 

Десе де төлемдер Алматы, Қостанай және Ақтөбеде қарастырылмаған. Халықаралық әйелдер күні жылына бір рет атап өтіледі. 
Қоғам қайраткерлерінің айтуынша, төлемдер бірыңғай және бәріне бірдей берілуі қажет.

  • Алматыда енді көпбалалы аналар мен бірінші топтағы мүгедектер жол ақысын төлейтін болады

  • Қазақстанда қандай аналарға өмір бойы жәрдемақы төленеді

 

Халықаралық әйелдер күніне орай алты баланың анасы Шолпан Құлбаева әкімдіктен сыйлық алды. Оның шотына 18,5 мың теңге көлемінде біржолғы төлем түсті. 

Көпбалалы ана Шолпан Құлбаева әкімдіктің бұл сыйлығына ризашылығын айтты.

"Бұл өте жағымды сыйлық. Бізді жыл сайын мерекемен құттықтайды. Бұл сыйлыққа бірінші өзімді қуантып, кейін жақындарыма ақша жұмсаймын деп ойлап отырмын", – деді Шолпан Құлбаева.

Республикалық әйелдер кеңесі филиалының төрағасы Баян Жандосованың пікірінше, төлемдер бірыңғай және бәріне бірдей берілуі қажет.

"Әрбір көпбалалы ана – біздің Қазақстанға халық санын көбейткен ана. Ол денсаулық пен тәрбиеге жауапты адам. Менің ойымша, барлық әйелге бір уақытта кем дегенде 30 000 теңге бер керек деп ойлаймын", – деді қоғам қайраткері Баян Жандосова.

Қазақстандық көпбалалы әйелдер, ең бастысы, сыйлықтың өзі емес, басшылықтың көңіл бөліп, назар аударуы деп санайды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.