Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант Газа секторының солтүстігіндегі құрлық шабуылы аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: timesofisrael.com

Министрдің хабарлауынша, жақын арада сектордың оңтүстігіндегі Хан-Юнис аймағында да шабуыл аяқталуы мүмкін. 

"Қазір Газа секторының солтүстігінде, аймақтағы барлық ХАМАС батальоны талқандалған соң, сарбаздар ХАМАС-тың қалған нысандарын іздестіру және лаңкестік топтың соңғы содырларының көзін жойып, тұтқындау үшін жұмыс істеп жатыр", — деді министр. 

  • Үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеле ме – Саясаттанушылар Йемендегі жағдайға және оның Қазақстанға әсеріне баға берді
  • Израиль Газа секторының солтүстігінде ХАМАС қолбасшыларының жойылғанын хабарлады

Галланттың айтуынша, Израиль қарулы күштері Газа секторының оңтүстігінде ХАМАС әскерін бақылауда ұстап отыр. 

"Осы акция аясында Хан-Юнис бригадасы жауынгерлік күшін жоғалтып, бірте-бірте тарап жатыр. Сондай-ақ біз Рафахқа апаратын жолдарды жер үстінен және астынан бақылауға алдық", — деді қорғаныс министрі.

Галлант "саяси шешімсіздік әскери операцияның барысына зиян келтіруі мүмкін" екенін айтты. 

"Газадағы болашақ үкімет сектордан шығуы керек. Газаны палестиналықтар басқарады. Әскери науқанның соңы саяси акт арқылы қамтамасыз етілуі керек", — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Газа секторын өмір сүруге келмейтін жағдайға жеткенін мәлімдегенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ Израиль Газа секторының солтүстігінде ХАМАС қолбасшыларының жойылғанын хабарлаған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.