Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан


Бассейн өзендерінің сағалардың экожүйесі және көлшаруашылық жүйесін қайта құру шаралары



бет12/32
Дата22.09.2017
өлшемі4.1 Mb.
#1527
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

Бассейн өзендерінің сағалардың экожүйесі және көлшаруашылық жүйесін қайта құру шаралары

Шідерті өзені Павлодар облысы бойынша үлкендігі бойынша Ертістен кейінгі екінші өзен. Оның жалпы ұзындығы 502 км, сонымен қатар ол қарағанды облысының аумағында 113 км ағады, ал Қарағанды Павлодар облыстарының шекарасы бойынша – 64 км және Павлодар облысы бойынша - 325 км. Өзенің су тастау ауданы 15900 км2 құрайды. Су тастау ауданының көп бөлігі Қарағанды облысында орналасқан, ол жердің геоморфологиялық ерекшелігімен түсіндіріледі, бірақ жайылым жерлердің негізі Павлодар облысында орналасқан және 24 - 28 мың гектарды алып жатыр.

Жоғары айтылғандарды ескере отырып, Қаныш Сатпаев атындағы (бұрынғы Иртыш-Қарағанды каналы) каналды жобалағанда Шідерті өзенінің оптималды су ресурстарын кешенді пайдалануының сақтау мүмкіндігі қарастырылған.

Қ. Сатпаев ат. канал Белая өзенінен Ертіс суын көтереді, ол жерде № 1 насос бекеті орналасқан, Екібастұз қаласынан өтіп кетіп Шідерті өзеніне дейін алты насос бекетімен жабдықталған. Әрі қарай Шідерті кенттінің жанындағы арнайы гидротүйін арқылы Шідерті өзенің табиғи ағыны реттелгенен кейін канал Шідерті өзенінің ағысы бойынша жасалып, 16 ты насос бекеттерімен Қарағанды жағына беріледі. Сонымен қатар гидротүйін ғимаратының жайылымды жерлерге су тастау орнына Шідерті өзенінде арнайы магистральді канал салынды (№ 33 канал), Қ. Сатпаев каналының № 108 су жіберілімі арқылы су алынады.

Су ресурстарды экономды және тиімді пайдалану мақсатында, Шідерті сағасының жайылымды жерлерінің көктемгі су тасқыны үшін, жобамен жайылымды жерлерде арнайы лиманды инженерлі жүйесі қарастырылған.

Көрсетілген жобада Шідерті жеріндегі лимандарнға Қ. Сатпаев каналының су ресурстарынан жіберілетің су көлемі 83,0 млн м3 құрады, 3500 м3/га суармалы нормасы. Бұл судың көлеміне жайылымдардағы көлдерді сумен толтыруға және басқа өзенің жанындағы су айдындырын сумен толтыру.

Ертіс бассейнді инспекциясының деректері бойынша, 1975 тен 1982 жж дейін Шідерті өзенінің сағасына су жіберілуі көлемі 96,0-100,0 млн. м3 шамасында еді. ССРО құлдырағанан кейін, Қазақстан мемлекетті құрыла басталған жылдары Шідерті өзенінің лиманды жерлері сумен толтырылған еді, ол көптеген БИ деректерімен дәлелді. Ал, 1990 жылдан 1997 жылға дейін жылдың сумен қамтамасыздығына байланысты 27,6 млн. м3 тен 90,5 млн. м3 дейін су жіберілді, орташа есеппен 66,5 млн. м3 құрады. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Шідерті жайылымына су жіберілмеді., 2003 тен 2005 жылға дейін жіберілетің су көлемі 30 млн. м3 құрады, 2006 жылдан 2010 жылға дейін жіберілген су көлемі 50 млн. м3 құрады, ал 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін шідерті лимандарына жіберілетің су көлемі 100,0 млн. м3 .

Шідерті-Өленті табиғи кешенің сақтау үшін және қалпына келтіруге, мемлекеттік қорық аймағын ұйымдастыру қажет, ол табиғи- экологиялық барлық параметрлер бойынша қажетті шараларды қамтамасыздандырады.

Көлдердің Алакөл – Сасықкөл жүйесі мелиоративті – қалыпқа келтіру жұмыстар көлемдерін анық тау барысында құрамына көл жүйелерінің гидрологиялық тәртібін қалыпқа келтіру жөніндегі ғылыми, жобалау – іздестіру және құрылыс жұмыстары енгізілген кешенді көзқарасты талап етеді. Тіреу аймақ ауданының кеңейюіне бәлкім байланысынан Үржар өзенінің негізгі арнасының өзгеруі болды және осы осы өзеннің негізгі ағысы Бесқопа өзені арқылы өтіп жатыр. Осының нәтижесінде алқаптағы өзен арнасындағы көлдер өзенмен байланысы үзілді және судың ашылынуы және саз-балшық болуына байланысты олар балық қорлардың өзінің жаңару функцияларын жоғалты.

Қошкаркөл көлі Ағынды су айдыны, одан ағылатың ағыстың терендігімен деңгейі реттеледі. Көлдің Оңтүстік-шығыс жағындағы жағалауында дамба орналасқан, ол арқылыАрал-Төбе бөлігінен балық алынады. Дамбада су ағылуына құбырлар салынған. Қазіргі кезде дамбаның бір бөлігі сумен шайылған. Қошқаркөл көлінің деңгейін қалпында ұстау үшін сумен шайылған бөлігін қалпына келтіру қажет.

Сол себепті, Алакөл-Сасықкөл жүйесіне мынандай шаралар қолдану қажет.

Алакөл-Сасықкөл көл жүйесі мынандай шараларды қажет етеді.

а) Сасықкөл көлі:


  • Мамошкин ағысында шлюзды-регулятор құрылымы

  • Үлкен ағысты тазалау

б) Алакөл көлі:

  • Ұрджар өзенінің ағысын тазалау және Ұрджар өзенінен Бескопа өзеніне суды бөгеу.

в) Қошқаркөл көлі:

  • Осы су айдынының деңгейін қалпында ұстау үшін және Сасықкөл көлінен балықты тасу мақсатында Арал-төбе жеріндегі шайылған жолды қалпына келтіру.

Жайық (Урал) өзенінің бірегей су- және ландшафтты – экологиялық жүйесін сақтау мен қалыпқа келтіру мәселесі аймақтың күрделі мәселелерінің біріне айналған. Соңғы төрт онжылдықта Батыс Қазақстандағы Владимировка ауылының жанында жайық өзенінің ағысы өзгерген. Осы уақыт ішінде өзенің ағысы 300 м қозғалған (7-8 м жыл сайын, су тасқынына байланысты ) және оң жағалауы құлдырап жатыр. Жайық өзенінің ағысы қатерлі жағдай тұдырып Кушум өзенінің ағысы арқылы өтуі мүмкін. Су басу қатеріне 100 мыңнан артық халқы бар 29 тұрғын мекендер, 3 млн га ауылшаруашылық дақылдары түсуі мүмкін, сонымен қатар Урал-Кушум жүйесінін 4 бөгетті шайылуы мүмкін. Гидрологиялық тәртіпті жақсарту мақсатында «Бас сұлбада...» (2010 жыл) қорғаныс бөгетті құру, Урал ө. жағаларын нығайту, түпті тереңдету жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс – шаралар жоспарланған.

Басқа аудандарда, өзенің төменгі ағысында, Атырау облысында да ағысты реттеу және түпті тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет.

Нұра өзенінің бассейнінің үлкен ойығы Теңіз-Қорғалжын шұңқыры. Орталығын Теңіз және Қорғалжыл көлдері алып жатыр. Қорғалжыл қорығы әлемдік деңгейде танымал. Ол ерекше қорғалатың ланшафты сулы батпақты жер болып, ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.

Жылдық ағыстың негізгі бөлігі көктем мезгілінде құрылады. Көктемгі ағыстың жылдық ағыс көлемінен 85-90 % құрайды. Бұл бассейндегі барлық өзендердің қар еруімен байланысты толтырылады. Жазғы және күз мезгілінде жылдық ағыстың 10-15 % ғана өтеді, ал қыс мезгілінде 1% аз.

Суы аз жылдары жазғы және күзгі ағыстың үлесті салмағы 16-20% дейін үлкееді.

Табиғи климаттық жағдайына және антропогенді жағдайларға байланысты өзенде судың деңгейі ауытқып тұрады (өзен ағысының реттелуі және су қоймада судың жиналып қалуы, көл жүйесінің құрғалуы және толып кетуі, уақытылы қайталанып турады. Көп жылды орташа ағыс суы көп жылды және суы аз жылды циклімен сипаталады. Кіші циклді 6-7 жыл және үлкен циклды 20 дан 33 жылға дейінгі циклдер байқалады. Су аз жылдардың ұзақтығы 3-4 жылға дейін. Сол себепті Теңіз көлінде де көпжылды циклдер байқалынған, су деңгейінің көтерілуі және төмендеуі 304 -307 м. БС шамасында ауытқып турады. Бұл суда жүзетін және судың айналасында мекендейтін құстардың жағдайларына кері әсерін алып тигізеді.

Өз уақытында Нұра өзенінің атырауында қорғалжын тобы көлдерін гидрологиялық тәртібін қалпына келтіру үшін ағыстарда үш аз қысымды су көтерілім бөгеттері салынды. Қазіргі кезде ол бөгеттер сынған, ал гидрологиялық тәртіп реттелусіз. Ағыстар су өсімділермен өсіп кеткен және соңғы су айдындарына қажетті су шығының өткізбейді.

Торғай Ырғыз сулы- сазбалшық жерлер топтасқан көлдер болып келеді, реликтивтік құндылығы бар, өткені ол аумақта сирек кездесетін құстарды кездестірсе болады, жеке айтқанда қызғылт фламинго. Көлдер үстіркі сулар, еріген қар сулары, атмосфералық жауын-шашын және жер асты сулардың азғантай бөлігі арқылы толады. Кіші көлдердің максималды тоғандағы орташа тереңдігі шамамен 2 метр, ірілеу көлдер 2,2 -2,5 метр, сирек жағдайда 4 -4,8 метрге дейін болады (Жақсыалакөл көлі). Барлық тұщы көлдер жазғы маусымда басым бөлігі немесе толық су өсемдіктермен өсіп кетеді (қамыс, қоға және тағы басқалар), ащы көлдерде су өсімдіктер жоқ.

Суы аз жылдары көлдердің өзгешілігі олардың тартылып және қыскы уақытта қатып қалуы. Кеуіп қалу және суы мол болуы циклдік қасиеті. Циклдің жалғасуы шамамен 20 -45 жыл құрайды.Көлдердің деңгейі тез арада көтеріледі (4 – 8 жылда), кейін қысқа тұрақсыз максимум болып деңгейі баяу төмен түседі (12 – 20 немесе одан да көп жылдар). Шамамен 60 % көлдер барлығы тұщы. Судың минирализациялығы жылдың сулылығына байланысты. Көлдердің барлығы терең зертелмеген.

Торғай өзенінің (сонымен қатар Байтақкөл, Жарқамыс және Қоғакөл көлдері) сағасындағы көлдер жүйесінің деңгейін демдеу сұрақтары ертеден қарастырылған

Көлдердің қалыпты деңгейін үстау, балық өнімділігін және суда жүзетін құстардың мекенін сақтау мақсатымен техникалық – экономикалық негіздемелер әзерленген, сонымен қатар айрықша қорғауға алынған су – сазбалшықты жерлерді сақтау

Көлдердегі су деңгейін реттеу бойынша іс-шаралар іске аспауы, көлдер жүйесінің режимінің жеткіліксіз зертелуі, сонымен бірге су режимі жағынан және орнито және ихтиофауна жағананда. Сондықтан су-сазбалшық жерледің барлық құрамасын толық зертелуі қажет, сонымен қатар экосистемаларды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін су қорларын гидрологиялық зерттеулер жүргізу.

Торғай өзен бассейнінде негізгі суға қойылатын талаптар экологиялық болып табылады. Орташа сулылық жыл бойынша табиғи қорықтың (Торғай, Сарықопа және Наурызым) сулы-сазбалшық жерлерінің суға қойятын талаптары жалпы көлемі шамамен 550 млн. м3 құрайды.

Сушаруашылық баланстары орындалған кезінде, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік табиғи қорлардың талаптарын қамтамасыз ету алдыңғы орынды алып тұр.

Жоғарда айтылып кеткенді ескере отырып, судың тапшылығы жайылма суаруына жатқызылды, кепілді су беру қалдықты принципы бойынша анықталды.

Жасалған есептер нәтижесінде келесі анықталды, орташа сулылық жылдары жайылма суармалы жерлерге қажетті көлемнен шамамен тек қана 88-66 % су беруі мүмкін, суы аз жылдары қамтамасыздығы 75 % толық су тұтынудан- 20-30 %. Суы аз жылдары қамтамасыздығы 95 % кезінде барлық бассейндерде жайылма суармалы жерлердің барлығына су жіберу тоқтатылуы қажет.

Маусымдар бойынша судың көлемдерін бөлуін нақтылау бойынша қосымша зерттеулер қажет (мысалы,көктемде су қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша мәліметтер маңызы принципиалды), сонымен қатар нақты табиғи экосистемалар және аудандар бойынша.

Торғай, Сарықопа қорықтар және Наурызым мемлекеттік табиғи қорық аймағында қорғауға алынған сулы-балшықты жерлерді сақтау, сонымен қатар суда жүзетін құстардың мекенін және балық өнімділігін сақтау үшін көлдер жүйелерінде табиғи деңгейін қалыпты ұстауға бағытталған арнайы іс-шаралар қатарын әзірлеу қажет.







      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет