Министерство юстиции республики казахстан


тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама



жүктеу 2.59 Mb.
бет3/9
Дата21.04.2019
өлшемі2.59 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама
3.1. параграф. Өнертабысқа өтінім бойынша ресми сараптама жүргізу тәртібі
59. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» № 371 Жарлығымен (бұдан әрі – Президент Жарлығы) мәліметтерді мемлекеттік құпияға жатқызуға уәкілетті болып белгіленген мемлекеттік органмен өтінім мемлекеттік құпия деп табылса, өтінім түскен күннен бастап үш айдың ішінде өтінім берушіге Заңның
5-бабының 6-тармағына сәйкес өнертабысқа құқықтық қорғауды беру мүмкін еместігі туралы хат жолданады.

60. Өтінім туралы мәліметтер ол сараптама жасау ұйымына келіп түскен сәттен бастап патент беру туралы мәліметтер жарияланғанға дейін құпия болып табылады және жарияланбайды.

61. Өнертабыс шет елдерде патенттелген кезде, сараптама жасау ұйымына берілген өтінім бойынша, өтінім берушінің өтінішхаты бойынша алғашқы өтінімнің куәландырылған көшірмесі беріледі.

Алғашқы өтінімнің куәландырылған көшірмесі ол сараптама жасау ұйымына берілгеннен бастап кемінде үш ай өткен соң беріледі. Алғашқы өтінімнің куәландырылған көшірмесі өтініш берушінің өтінішхаты негізінде, сараптама жасау ұймының келісімімен белгіленген мерзімнен бұрын берілуі мүмкін.

62. Өтінімге ресми сараптама өтінім сараптама ұйымына келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.

63. Өтінімге ресми сараптама жүргізу кезінде мыналар тексеріледі:

өтінімде қамтылатын және қоса берілетін құжаттардың болуы;

өтінім берген үшін ақы төленгені туралы құжаттың болуы;

өнертабыстың мәнін талдаусыз, өнертабыстың бірлік талаптарының сақталуын қоса алғанда, Заңмен белгіленген өтінімді ресімдеуге қойылатын, талаптардың сақталуы;

қосымша материалдарды ұсынудың белгіленген тәртібінің сақталуы;

өнертабысты ӨХС бойынша сыныптаудың дұрыстығы.

64. Құжаттарына қойылатын талаптар бұзыла отырып берілген өтінім бойыншаөтінім берушіге жіберген күннен бастап үш ай мерзім ішінде түзетілген немесе жоқ құжаттарды ұсыну туралы ұсыныспен сұрау салу жіберіледі.

Сұрау салу:


  1. қажетті құжаттар пакеті толық ұсынылмаса;

2) өтініште қажетті мәліметтер, реквизиттер, қол қоюлар, мөрдің баспа-таңбасы (ол болған жағдайда) болмаса, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажеттігі болса;

3) құжаттарды ресімдеуде оларды тікелей репродукциялауға кедергі келтіретін (өтінім материалдарын оқуды қиындататын басып шығарудың сапасы) кемшіліктер анықталса;

4) өтінімде жалпыға қол жеткізу мүмкін емесе көздерге жасалған сілтемелер, не онда қамтылған қандай да бір (патент туралы мәліметтерді жариялау кезінде автор ретінде көрсетпеуге ниет білдірген авторлар туралы мәліметтерді есептемегенде) мәліметтерді жариялау мүмкін емес деп көрсетілген болса;

5) өнертабыс формуласында құқықтық қорғау сұратылатын өнертабыс объектісі көрсетілмесе;

6) өнертабыс формуласында тиісті түрдегі объектінің ерекшеліктерінің орнына тек оны жүзеге асыру және (немесе) пайдалану кезінде орын алатын оның пайдалану көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттері, әсерлері мен құбылыстар туралы деректер болса;

7) өнертабыс формуласында сәйкестендіруді қамтамасыз ететін еркешеліктерді сипаттау жөніндегі талаптар бұзылса;

8) өнертабыстың көпбуынды формуласының тәуелді тараптарында өнертабыстың қоғам мүдделеріне, адамгершілік пен мораль қағидаттарына қайшы келетін белгілер болса;

9) формуланың тәуелді тармағын бір өнертабысқа жатқызу талабы бұзылса;

10) өнертабыстың формуласында ол бағынатын формула тармағының белгісін (белгілерін) алып тастауды немесе ауыстыруды болжайтын тәуелді тармақ болса;

11) өтінім құжаттары бір-біріне сәйкес келмесе (атап айтқанда, өнертабыстың өтінімде келтірілген атауы сипаттамада көрсетілген атауға сәйкес келмесе, сызбалар өнертабыс сипаттамасына сәйкес келмесе);

12) рефератқа қойылатын талаптар бұзылса;

13) сипаттамада, өнертабыс формуласында және рефератта жалпы қабылданған терминологияны пайдалану және өтінім материалдарының мәтінінде терминология бірдейлігін сақтау туралы талаптар бұзылса;

14) өтінімде сұратылатын бұрынырақ басымдықты белгілеумен байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі болса;

15) өтінім берілген өнертабыстың (өнертабыс топтарының) мәнін талдамастан анықталатын сипаттамаға, формулаға және рефератқа қойылатын басқа да талаптарды бұзылушылықтар болса жіберіледі .

Өтінім берушіге сұрау салуда бірыңғай өнертапқыштық ойды құрайтын бір өнертабысқа немесе өнертабыстар тобына жататын нақтыланған сипаттама мен формуланы табыс ету ұсынылады.

Өтінімге сараптама сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылатын құжаттарды немесе оларды табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішхат ұсынбаса, өтінім кері қайтарылды деп саналады, ол турады өтінім берушіге белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Өтінім берушімен өткізілген мерзімдерді Заңның 22-бабының


13-тармағына сәйкес қалпына келтіруге болады.

65. Өтінім нысаны мынадай сыныпталады.

Сараптама жасау ұйымы, өтінім нысанын техниканың не ол не бұл саласына ара қатынасын белгілеу мақсатында өтінім берілген өнертабысты ӨХС сәйкес сыныптайды.

Сыныптама:

формальды сараптама жүргізу кезінде;

ақпараттық іздеу және (немесе) өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

Сыныптау кезінде сыныптама индексін таңдау үшін өтінім берілген өнертабыс формуласы негіз болып табылады.

Өнертабыстың мәнін толығырақ түсіну үшін сипаттама мен сызбалар тартылады.

Егер өтінім ӨХС әртүрлі айдарларына жататын бірнеше объектілерді қамтыса, барлық тиісті сыныптамалық индекстер белгіленеді. Бұл ретте бірінші индексті таңдау өнертабыстың атауымен белгіленеді.

Формальды сараптама сатысында белгіленген сыныптамалық индекстер өтінімге формальды сараптама жүргізу процесінде өзгертілуі мүмкін.

66. Заңның 22-бабының 4-тармағына сәйкес Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушіге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi

Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.

Өнертабыс бірлігі талаптарының сақталуы өнертабыстың бірінші формуласына қатысты немесе, егер ол өзгермесе, өтінім берушінің ұсынылған формуласына қатысты тексеріледі.



Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгiзуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi.

Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн

67. Егер өтінімде оларға қойылатын талаптар сақталған барлық құжаттар қамтылса, өтінім берушіге формальды сараптаманың оң нәтижесі туралы хабарлама формальды сараптама аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.



2-параграф. Өнертабысқа патент беруге өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізу тәртібі
68. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.

Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң (oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды.

69. Өтінімге мәні бойынша сараптама формальды сараптама оң нәтижемен аяқталған жағдайда және өтінімге мәні бойынша сараптама жасаған үшін төлемді растайтын құжат ұсынылған жағдайда Заңның 20-бабының ережелерін ескере отырып, өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он үш ай ішінде жүргізіледі.

70. Өтінім беруші Заңның 22-бабының 11-тармағына сәйкес сұрау салуға жауап беру үшін белгіленген мерзімдерді ұзарту, қалпына келтіру туралы өтінішхаттарды берген жағдайда, сараптама мерзімі тиісті өтінішхаттарды ескере отырып, ұзартылады.

71. Өнертабысқа сараптама жасауға өтінімді беру күні бойынша басымдықты анықтау Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

72. Өтінім беруші басымдықты өтінімсараптама жасау ұйымына берілген күннен бұрынырақ күн бойынша сұратқан кезде өтінім берушінің Заңның 20-бабының 2, 3, 4, 5, 6-баптарында, осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген талаптарды сақтауы тексеріледі.

73. Сұратылатын басымдықты сол бір өтінім берушінің бұрын берген өтініміне қосымша материалдар түскен күннен бастап белгілеу Заңның
20-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады және мына талаптардың сақталуы тексеріледі:

Осындай басымдық сұратылатын өтінім сараптама жасау ұйымының қосымша материалдарды, олардың өтінім берілген өнертабыстың мәнін өзгертеді деп танылуына байланысты назарға алу мүмкін еместігі туралы өтінім берушіге хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына түсуі тиіс;

Өтінім берілетін өнертабыс түскен күні бойынша басымдық сұратылып отырған қосымша материалдарда (осы матриалдар түскен өтінімнің мазмұнын ескере отырып) ашылуы тиіс.

Сұратылатын басымдық сол бір өтінім берушінің сараптама жасау ұйымына Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес бұрынырақ өтінiм берген күн бойынша белгiленедi және мына талаптардың сақталуы тексеріледі:

Осындай басымдық сұратылатын өтінім өнертабысқа неғұрлым ертерек өтінім берілген күннен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге неғұрлым ертерек өтінім берілген күннен бастап алты ай ішінде сараптама жасау ұйымына түсуі тиіс;

басымдық сұратылатын өтінімді өнертабысқа немесе пайдалы модельге бұрынырақ өтінім берген нақ сол өтінім беруші немесе оның құқықтық мирасқоры беруі тиіс;

өтінім берілген өнертабыс, өнертабысқа немесе пайдалы модельге бұрынырақ берілген өтінімде ашылуы тиіс;

бұрынырақ берілген өтінім бойынша бұрынырақ басымдық сұратылмайды.

Бұрын берілген бірнеше өтінімдер негізінде басымдық сұрау кезінде көрсетілген талаптардың сақталуы олардың әрқайсысына қатысты белгіленеді.

Көрсетілген басымдықты сұрау кезінде бұрынырақ берілген өтінім (немесе, егер олар бірнешеу болса, барлығы) қайтарылды деп саналады, ол туралы талап етілген басымдықты анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.

74. Өтінім беруші бөлінген өтінім бойынша сұратып отырған өнертабыс басымдығын сараптама жасау ұйымына Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес сол бір өтінім беруші осы өнертабысты ашатын алғашқы өтінімін берген күні бойынша анықтау мына талаптардың сақталуын тексеруді қамтиды:

Бөлінген өтінім сараптама жасау ұйымына, өнертабысқа немесе пайдалы модельге патент беруге өтінім бойынша қарсылық білдіру мүмкіндігі таусылған, қорғау құжатын беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін (өтінім бойынша іс жүргізуді жалғастыру мүмкіндігі болған кезеңде), ал сараптама жасау ұйымы көрсетілген өтінім бойынша беру туралы шешім қабылдаған жағдайда – Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік тізілімінде тіркеу күніне дейін келіп түсуі тиіс;

Бөлінген өтінімде өтінім берілген өнертабыс алғашқы өтінімде ашылуы тиіс, ал егер, өтінім конвенциялық өтінімнен бөлінген және басымдық оның басымдық күні бойынша сұратылып отырса, - бірінші өтінімде ашылуы тиіс.

75. Өтінім беруші бірнеше басымдық сұратып отырса, оларды сұрату үшін өтінім беруші көрсетіп отырған негіздерге байланысты басымдықты белгілеу үшін оның тиісті шарттарды сақтауы анықталады.

76. Өнертабыс басымдығын белгілеу шарттарын сақтауды тексеру кезінде соның негізінде басымдық сұратылып отырған өтінім немесе осындай сұрату үшін негіз болатын қосымша материалдар берілген өтінім қайтарылмаған болып табылатыны тексеріледі.

Егер өтінім қайтарылған болып саналса, ол қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.

Өтінім берушінің бұрын берген, басымдық сұратуға негіз болып табылатын материалдарында (бұрын берген өтінімде, қосымша материалдарда) өтінім берілген өнертабысты ашумен байланысты талаптардың сақталуы анықталса, осы материалдарда (сипаттамада, бұрын берілген өтінімнің формуласында, қосымша материалдардың мәтіндік бөлімінде) өтінім берілген өнертабыс формуласына енгізілген барлық белгілердің көрсетілгені тексеріледі.

Өнертабыс басымдығы конвенциялық өтінімнен бөлінген өтінім бойынша сұратылып отырған жағдайда, тиісті талаптарды сақтаған жағдайда, өнертабыстың басымдығы конвенциялық өтінімнің басымдық күні бойынша белгіленеді.

Бұл ретте конвенциялық өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн бөлінген өтінімді берген күн болып саналады.

Өтінім беруші тиісті талаптарды сақтамаған жағдайда, өнертабыс басымдығы өтінімді Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша басымдықты анықтаған күннен бастап бес күн ішінде өтінім берушіге алдын ала хабарлама жібере отырып, белгіленеді.

Егер, көрсетілген талаптар көп буынды формуланың тармақтарының бірінде сипатталған өнертабысқа қатысты талаптар сақталмаса, өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша басымдық тек осы өнертабыс үшін ғана белгіленеді.

77. Тексеру формальды сараптама нәтижелері бойынша қарауға қабылданған өнертабыс формуласына қатысты, ал егер оны өтінім беруші формальды сараптама аяқталғаннан кейін өзгертсе - өзгертілген формулаға қатысты жүргізіледі. Өтінімге формальды сараптама жүргізу кезінде өнертабыс бірлігінің талаптары бұзылғаны анықталса, және өтінім беруші белгіленген мерзімде өнертабыстың қайсысы берілген өтінім аясында қаралатынын хабарласа, тексеру осы өнертабыс формуласына қатысты жүргізіледі.

Егер белгіленген мерзімде өтінім берушіден хабар келмесе, тексеру формулада бірінші болып көрсетілген өнертабысқа қатысты жүргізіледі.

Өнертабыс формуласын тексеру кезінде онда өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижені алу үшін өтінім берілген өнертабыстың жиынтығы жеткілікті барлық маңызды белгілерінің болуы анықталады.

Егер, ол болмаса техникалық нәтижеге (егер өтінім беруші олардың бірнешеуін көрсетсе, ешбір нәтижеге) қол жеткізілмейтін маңызды белгі өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағына енгізілмеген, бірақ формуланың сипаттамасында немесе тәуелді тармағында қамтылған болса, өтінім берушіге осындай белгіні формуланың тәуелсіз тармағына енгізу ұсынылады.

Бұл ретте, осы белгінің техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін қажеттігін растайтын дәлелдер келтіріледі. Бұндай дәлелдер сипаттамада ашылған белгілер мен техникалық нәтиже арасындағы себеп-салдарлық байланысқа немесе өтінім берілген өнертабыстың сараптама жүргізген теориялық талдауына негізделуі мүмкін.

Қаралатын формуланың тәуелсіз тармағы өтінім берілген өнертабыстың маңызды емес белгілерін немесе орындаудың немесе пайдаланудың тек жеке нысандарын сипаттайтын белгілерді қамтыса, өнертабыс формуласының осындай редакциясын сақтау орындылығы туралы өтінім берушінің пікірі сұратылады.

Егер, көрсетілген шарт сақталмағаны анықталса (белгі оны сәйкестендіруді қамтамасыз етпейтін анықтаулармен сипатталған), сараптама өтінім берушіден өнертабыс формуласында қамтылатын белгіге қатысты маманның техника деңгейі негізінде оның мағыналық мазмұнын түсіну мүмкіндігі бар екенін растайтын мәліметтерді сұратады.

Егер көрсетілген шартты сақтау үшін белгіні өнертабыстың сипаттамасы негізінде түзету қажет болса, өтінім берушіге осындай түзетуді жүзеге асыру ұсынылады.

Егер көрсетілген шарт сақталған, бірақ белгіні сипаттау үшін ескірген не осы техника саласында қабылданғанға сәйкес келмейтін терминология пайдаланылған болса, өтінім берушіге өнертабыс формуласына тиісті түзетуді енгізу ұсынылады.

Егер өтінім беруші өнертабыс формуласын түзетуден бас тартса, өтінімді одан әрі қарау кезінде осындай белгі немесе оны сипаттау үшін пайдаланылған, өнертабыс формуласына енгізілген ұғымдар, назарға алынбайды.

Егер өнертабыс формуласы жалпы ұғыммен көрсетілген белгіні қамтыса, оны пайдалану заңдылығы анықталады.

Сараптама белгіні іске асырудың осы жалпы ұғымға жататын, бірақ өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижені алуды қамтамасыз етпейтін (басқа да маңызды белгілермен бірге) осындай жеке нысандарын анықтаса, өтінім берушіге тиісті дәлелдемелер келтіріледі және оларды жоққа шығару немесе формуланы өнертабыстың сипаттамасы негізінде түзету үсынылады.

Егер өтінімде бір тәуелсіз тармағы бар бір буынды немесе көп буынды формула келтірілсе, осындай формулада бір өнертабыс сипатталғаны тексеріледі.

Көрсетілген талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда, жіберілетін сұрау салуда өтінім берушіге осы туралы хабарланады және анықталған бұзушылықты жою үшін формуланы түзету ұсынылады.

Бұл ретте, сондай-ақ түзетілген формулада бірлік талаптарын сақтау және түзетілген формулаға өнертабысқа бұрын жекелеген тәуелсіз тармақтармен көрсетілмеген жаңа тәуелсіз формуланы енгізген жағдайда, қосымша төлем жасау, не формуланы түзетуден бас тартқан жағдайда, - одан әрі қарауға жататын өнертабысты көрсету қажеттігі көрсетіледі.

Өтінім берушінің белгіні сипаттау үшін баламалы ұғымдарды пайдалану талаптарын сақтамауы көрсетілген қорытынды үшін негіз болса, оларға қатысты осындай бұзушылық анықталған нақты баламалы сипаттамаларды (барлық немесе өтінім беруші келтіргендердің кейбіреулерін) көрсете отырып, жол берілген бұзушылықтың сипаты көрсетіледі.

Егер, өтінім беруші бірнеше тәуелсіз тармақтарды қамтитын көп буынды формуланы ұсынса, олардың әрқайсысына (егер ондайлар болса, оған бағынысты тәуелді тармақтармен бірлесіп) талдау жүргізіледі.

Әрбір тәуелсіз тармағы (егер ондайлар болса, оған бағынысты тәуелді тармақтармен бірлесіп) тек бір өнертабысты сипаттайтын көп буынды формулаға қатысты оған енгізілген өнертабыстар бірыңғай өнертабыстық түпкі ойды құрайтын өнертабыстар тобын білдіретіні анықталады.

Егер өнертабыстар бір бірімен бірыңғай өнертабыстық түпкі ойды құрайтындай соншалықты байланысты болса, өтінім бір өнертабысқа немесе өнертабыстар тобына жатады.

Егер:

өнертабыс формуласында бір өнертабыс сипатталса;



өнертабыс формуласында өнертабыстар тобы сипатталса;

олардың бірі екіншісін (құрылғыны немесе тұтастай затты немесе олардың бөлігін) алу (жасау) үшін арналған болса;

олардың бірі екіншісін жүзеге асыру үшін арналған болса (мысалы тәсіл немесе құрылғы тәсілді тұтастай немесе оның әрекеттерінің біреуін жүзеге асыру үшін);

олардың бірі екіншісін (екіншісінде) пайдалану үшін арналған болса (мысалы, тәсілде пайдалану үшін арналған тәсіл және зат; тәсіл немесе құрылғы және оның бөлігі; құрылғыны немесе затты жаңаша немесе белгілі бір мақсатта қолдану және оларды осы мақсатқа сәйкес пайдаланумен бірге тәсіл; құрылғыны немесе затты жаңаша немесе белгілі бір мақсатта қолдану және олардың құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғы немесе композиция);

бір мақсаттағы, бір техникалық нәтижені (нұсқалар) алуды қамтамасыз ететін, бір түрдегі объектілерге (бірнеше құрылғы, бірнеше заттар, бірнеше тәсілдер) жататын болса, өнертабыс бірлігі сақталған болып танылады.

Тәуелсіз тармақтарда сипатталған өнертабыстарды нұсқаларға жатқызу дұрыстығын тексеру кезінде өнертабыстардың өтінім беруші көрсеткен мақсаттары мен техникалық нәтижелері сәйкес келетіні анықталады.

Егер өнертабыстар тобының әрқайсысы (немесе олардың біреуі) үшін бірнеше техникалық нәтижелер көрсетілсе, ал сәйкестік көрсетілген техникалық нәтижелер санынан тек кейбіреулеріне ғана қатысты анықталса, техникалық нәтижелердің сәйкестік шарты бұзылды деп саналмайды.

Барлық өнертабыстар үшін техникалық нәтиженің ортақ сипаттамасынан басқа, олардың біреуінің тұжырымдамасы қандай да бір өзіндік ерекшелікке нұсқауды қосымша қамтитын жағдайда да техникалық нәтижелердің сәйкестік шарты бұзылған деп саналмайды.

Өтінім беруші өнертабыс бірлігі талаптарын сақтамағаны анықталған жағдайда, өтінім берушіге сараптама жүргізу кезеңінде хабарлама жіберіледі.

Егер өтінім беруші ұсынған өнертабыс формуласын талдау кезінде оның қойылған талаптарға сәйкес келмеуі анықталса, бірақ бұл өтінім берілген өнертабыстың патенттік қабілеттігін тексеруге кедергі болмаса, өнертабыс формуласын түзетуге байланысты барлық мәселелер осындай формуламен сипатталған өнертабыстың патенттік қабілеттігі туралы алдын ала қорытынды алынғаннан кейін өтінім берушімен бірге айқындалады.

Патенттік қабілеттілікті тексеру үшін өтінім беруші растаған өзгерістер бар формула қабылданады.

Тексеру кезінде бір тәуелсіз тармағы бар бір буынды немесе көп буынды формула біреуден көп өнертабысқа жататын және өтінім беруші формуланы түзетуден бас тартқан жағдайда, өтінімге сараптаманы жалғастыру тек өтінім беруші одан әрі қарауға жататын өнертабысты көрсеткен жағдайда ғана жалғастыру мүмкін болады және патенттік қабілеттілікті бағалау тек бір өнертабысқа ғана қатысты жүзеге асырылады.

78. Өтінім берілген ұсыныстың патенттік қабілеттігін тексеру ол Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнертабысқа жатады деп танылатынын және ол техникалық нәтижеге жатқызылуы мүмкін осындай нәтижені алуды қамтамасыз ететінін анықтаудан басталады.

Сондай-ақ осындай өтінім берілген ұсыныстың Заңның 6-бабының


3-тармағына сәйкес, патенттік қабілеттігі бар деп танылмайтын шешімдерге жататыны не жатпайтыны тексеріледі.

Өтінім берілген ұсыныс қорғаудан алынып тасталғандарға жатқызылуы ықтимал болса, тиісті дәлелдер мазмұндалып өтінім берушіге сұрау салу жіберіледі.

Қорғаудан алып тасталғандарға жататынына қорытынды шығарылмаған өтінім берілген ұсыныс өнеркәсіптік қолдануға жарамдылығы, жаңалық және өнертабыстық деңгейіне жету шарттарына тексеріледі.

Қаралатын формулада баламалы ұғым болса, патентке қабілеттілікті тексеру осындай ұғымдарын бірін қамтитын белгілердің әрбір жиынтығына қатысты жүргізіледі.

Өтінім берілген өнертабыстың патентке қабілеттілігін тексеру кезінде автор, өтінім беруші немесе олардан тікелей немесе жанама осы ақпаратты алған кез келген адам ашқан, осылайша өнертабыстың мәні туралы ақпарат жалпыға мәлім болған өнертабысқа қатысты ақпаратты қамтитын көз, егер өнертабысқа өтінім сараптама ұйымына ақпарат ашылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей берілсе техника деңгейіне енгізілмейді.

Патенттік қабілеттілікке тексеру нәтижелері бойынша патент беру немесе патентті беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.

79. Өнертабыс, егер ол өнеркәсіпте, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау және басқа да қызмет салаларында пайдалануы мүмкін болса, өнеркәсіптік қолдануға жарамды болып табылады.

Өнертабысты пайдалану мүмкіндігін анықтау кезінде өтінім материалдарында мәлімделген өнертабыс объектісінің мақсатының көрсетілуі тексеріледі.

Сондай-ақ өтінім материалдарында өнертабысты оның формуласының кез келген тармақтарында сипатталғандай қолдана отырып жүзеге асыру мүмкін болатын құралдар мен әдістердің сипатталуы тексеріледі. Өтінім материалдарында осындай мәліметтер болмаса, өнертабыс басымдығы күнінен дейін жалпыға мәлім болған көзде осы құралдар мен әдістердің сипатталуына жол беріледі.

Одан басқа, өнертабыс формуласы тармақтарының кез келгені бойынша жүзеге асыру кезінде өтінім беруші көрсеткен мақсатты іске асыру іс жүзінде мүмкін екендігі тексеріледі.

Егер өнертабыстың басымдық күніне барлық көрсетілген талаптар сақталғаны анықталса, өнертабыс өнеркәсіптік қолдануға жарамдылық шартына сәйкес деп танылады.

Көрсетілген талаптардың тым болмаса біреуі сақталмаса, өнертабыстың өнеркәсіптік қолдануға жарамдылық шартына сәйкессіздігі туралы қорытынды шығарылады.

Бұл жағдайда, өтінім берушіге тиісті дәлелдемелерді мазмұндаумен бірге, және осы дәлеледемелерге қатысты өз пікірін айтуды және өнертабыс формуласын түзетуді ұсына отырып, сұрау салу жіберіледі (егер сараптаманың пікірінше, өтінім материалдарын осындай түзету мүмкін болып, оның нәтижесінде көрсетілген қорытынды өзгеруі мүмкін болса). Бұл ретте формуланы түзету бойынша нақты ұсыныстар келтірілуі мүмкін.

Өнеркәсіптік қолдануға жарамдылық шартына сәйкестігі анықталған өнертабысқа қатысты жаңалық және өнертабыстық деңгейін тексеру жүргізілмейді.

80. Өнертабыс, егер ол техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады.

Өнертабыстың жаңалығын тексеру өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағында қамтылатын белгілердің барлық жиынтықтарына қатысты жүргізіледі.

Басымдық күні бұрынырақ өнертабысқа немесе пайдалы модельге өтінім сол күннен бастап, мына шарттар жиынтығы сақталған жағдайда техника деңгейіне енгізіледі:

өтінім, соның ішінде халықаралық беру анықталған және Қазақстан Республикасы көрсетілген халықаралық, сондай-ақ өзіне қатысты осы Қағидалардың талаптары сақталған еуразиялық өтінім Қазақстан Республикасында берілген болса;

өтінім қайтарылған немесе қайтарылмаған болып саналса.

Басымдық күнінен бастап техника деңгейіне сонымен қатар Қазақстан Республикасында патенттелген (соның ішінде нақ сол адам патенттеген), яғни Қазақстан Республикасының тиісті Мемлекеттік тізілімдерінде тіркелген барлық өнертабыстар мен пайдалы модельдер енгізіледі.

Басымдық күні бұрынырақ өтінім, онда ол берілген күні қамтылатын сипаттамаға және формулаға қатысты енгізіледі. Егер бұл күн қаралатын өтінімнің басымдық күнінен неғұрлым кешірек болса, басымдығы бұрынырақ өтінім оның басымдықты анықтау үшін негіз болған материалдардың (бастапқы өтінім, бұрын берілген өтінім, қосымша материалдар) мазмұнымен сәйкес келетін бөлігінде техника деңгейіне енгізіледі.

Егер техника деңгейінде, өнертабыстың, мақсатын қоса алғанда, қаралатын формуласында қамтылатын барлық белгілерге ұқсас белгілер тән болатын құрал анықталса, өнертабыс тиісті жаңалық талабына сәйкес деп танылмайды.

Егер, өтінім берілген өнертабыс белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсатпен қолдануға жатқызылса, ол өтінім беруші көрсеткен мақсат бойынша сол өнім мен тәсілді қолдану белгілі болған көз анықталса, ол жаңалық талабына сәйкес деп танылмайды.

Бұрынырақ басымдық күні бар өтінім техника деңгейінде қаралатын өнертабыс белгілі болған ақпрат көзі болып табылса, өтінім қайтарылғаны не месе қайтарылмағаны анықталады, қаралатын өнертабысқа мәні бойынша сараптама жүргізу кезеңінде өтінім берушіге осындай өтінім бар болуы (өтінім берушіні көрсетпестен және мазмұнын ашпастан) және оның өтінімін бұрынырақ басымдығы бар өтінім бойынша анықталғанша қарауды кейінге қалдыру мүмкіндігі туралы хабарланады.

Өтінім беруші өтінімді қарауды кейінге қалдыруға келіспесе, өтінім берілген өнертабыстың жаңалық талабына сәйкессіздігі анықталады.

Егер тәуелді тармақтарды қамтитын формуланың тәуелсіз тармағында сипатталған өнертабыс жаңалық деңгейіне сәйкес келсе, тәелді тармақтарға қатысты техника деңгейіне талдау жүргізілмейді.

Тәуелді тармақтарды қамтымайтын формуламен сипатталатын өнертабыс жаңалығының болмауын анықтау кезінде, мәні бойынша сараптама жасау кезеңінде өтінім берушіге сараптама дәлелдерін мазмұндаумен бірге, және осы дәлелдерге қатысты өз пікірін ұсынуды және қажет болса, өтінім материалдары негізінде өнертабыс формуласын түзетуді ұсына отырып, сұрау салу жіберіледі

Жаңалық талабына сәйкессіздік белгіленген өнертабысқа қатысты өнертабыстық деңгейді тексеру жүргізілмейді.

81. Өнертабыстың өнертабыс деңгейі болады, егер оның маман үшін техниканың деңгейі туралы мәліметтері болмаса.

Өнертабыс техниканың деңгейі туралы мәліметтерден маман үшін келесі болып танылмайды, атап айтқанда, оның ерекше белгілеріне сәйкес келетін белгілеріне шешімдер анықталмаған жағдайда, немесе, осындай шешімдер анықталып, ерекше белгілерінің өтініш беруші көрсеткен техникалық нәтижеге ықпал етуі расталмаған болса.

Көрсетілген шарттардың сақталуын тексеруге кіреді:

аса жақын аналогын анықтау;

тәуелсіз формула тармағында сипатталған өтініш берілген өнертабыстың аса жақын аналогтан ерекшеленетін белгілерін (ерекше белгілерін) анықтау;

техника деңгейінен қаралатын өнертабыстың ерекше белгілеріне сәйкес келетін белгілері бар шешімдерді анықтау.

Өнертабыстың өнертабыс деңгейінің шарттарына сәйкес келмейтіндігі танылады, атап айтқанда, мыналарға негізделген:

техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін белгілі құралды белгілі ережелер бойынша қосылатын (біріктірілетін), оған қатысты нақты осындай толықтырулардың ықпал етуі белгіленген қандай да бір белгілі бөлікпен (бөліктермен) толықтыруға;

техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін белгілі құралдың қандай да бір бөлігін (бөліктерін), нақты осындай ауыстырудың ықпал етуі белгіленген басқа белгілі бөлікпен ауыстыруға;

құралдың қандай да бір бөлігін (элементін, іс-қимылын) бір уақытта оның негізделген функциясын алып тастаумен және осындай әдеттегі алып тастау нәтижесіне (оңайлату, массасын, габариттерін, материал сыйымдылығын азайту, сенімділігін арттыру, процестің ұзақтығын қысқарту) қол жеткізумен алып тастауға;

бір типтес элементтерді, іс-қимылдарды осындай элементтердің, іс-қимылдардың құралда болуына негізделген техникалық нәтижені күшейту үшін ұлғайтуға;

осы материалдың белгілі қасиеттеріне негізделген техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін белгілі материалдан белгілі құралды немесе оның бөлігін (бөліктерін) орындауға;

оларды таңдау және олардың арасындағы байланыс белгілі ережелер, ұсынымдар негізінде жүзеге асырылған белгілі бөліктерден тұратын және қол жеткізілетін техникалық нәтиже осы құрал бөліктерінің белгілі қасиеттеріне және олардың арасындағы байланыстарға ғана негізделген құралды жасауға;

белгілі өнімді немесе тәсілді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға, егер осы мақсатты іске асыру мүмкіндігі оның белгілі қасиеттеріне, құрылымына, орындалуына негізделген және нақты осындай қасиеттер, құрылым, орындау осы мақсатты іске асыру үшін қажет болса.

Өнертабыс деңгейінің шарттарына сәйкес келеді, атап айтқанда:

белгіленген құрылымы бар жаңа химиялық біріктірулерді (класты, топтарды) алу тәсілі;

белгіленген құрылымы бар белгілі химиялық біріктірулерді (класты, топты) алу тәсілі, егер ол осы класс немесе топ үшін жаңа біріктіру реакциясына немесе осы класс немесе топ үшін оны өткізу шарттары белгісіз біріктіру реакциясына негізделген болса;

синэнергетикалық әсерді қамтамасыз ететін, ең болмаса, екі белгілі ингредиенттен тұратын, қол жеткізу мүмкіндігі техника деңгейінен шықпайтын композиция;

белгілі біріктірулер тобының жалпы құрылымдық формуласына жататын, бірақ арнайы алынған және зерттелген болып сипатталмаған және осы топ үшін сапалық немесе сандық қатынастағы жаңа белгісіз қасиеттерді көрсететін химиялық біріктіру (селективтік өнертабыс).

Өнертабыс қарапайымдылығынан және материалдардағы механизмнің техникалық нәтижеге қол жеткізу өтінімінен өнертабыс деңгейіне сәйкес келмейтін болып қарастырылмайды, егер осындай жаңалық техника деңгейінен емес, өтінім материалдарынан ғана белгілі болса.

Мәлімделген өнертабыстың ерекше белгілерінің техникалық нәтижеге ықпал етуі бір және бірнеше ақпарат көздерімен расталады. Қандай да бір ақпарат көздерін көрсетпестен техниканың нақты саласындағы жалпыға белгілі білімдерге негізделген аргументтерді тартуға рұқсат беріледі.

Алайда бұл өтінімді одан әрі қарау кезінде сараптаманы осындай көздерді көрсету міндеттерінен босатпайды, егер өтінім беруші осыны талап ететін болса.

Ерекше белгілердің техникалық нәтижеге ықпал етуін растау талап етілмейді, егер осы белгілерге қатысты осындай нәтиже өтінім берушімен анықталмаған болса немесе ол көрсеткен техникалық нәтижеге қол жеткізілмегені белгіленген жағдайда.

Егер тәуелді тармақтар қамтылған көп буынды формулада сипатталған мәлімделген өнертабыс тәуелді тармаққа қатысты өнертабыс деңгейіне сәйкес деп танылатын болса, формуланың тәуелді тармақтарына қатысты одан арғы тексеру жүргізілмейді.

Егер тәуелді тармақтары жоқ формуламен сипатталған өнертабыстың өнертабыс деңгейінің жоқтығы белгіленген болса, өтінім берушіге сараптама жүргізген кезеңде тиісті дәлелдер баяндалған сұрау салу және осы дәлелдерге қатысты өз пікірін беру ұсынысы және, қажет болғанда, өнертабыстың түзету енгізілген формуласы жолданады.

82. Егер, тәуелді тармақтарды қамтитын көп буынды формулада сипатталған, тәуелсіз тармаққа қатысты жаңалық немесе өнертабыстық деңгейінің болмауына байланысты патентке қабілетсіздігі туралы қорытынды алынса, өтінім берушіге сараптама жүргізу кезеңінде ол туралы хабарланады және осындай мақсаттылық расталған жағдайда, өнертабыстың түзетілген формуласын ұсына отырып, өтінімді одан әрі қарау мақсаттылығы туралы пікірін айту ұсынылады.

Өнертабыстың тәуелді тармақтарды қамтитын тәуелсіз тармаққа қатысты патентке қабілеттілігі айқындалған жағдайда, осы тармақтарда қамтылатын өнертабыс белгілерінің сипаттамасы өнертабысты жүзеге асыруға немесе өтінім беруші көрсеткен мақсатты ісе асыруға кедергі келтірмейтіні тексеріледі. Одан басқа тәуелді тармақтардың белгілерін тарта отырып сипатталған өнертабыс қоғам мүдделеріне, адамгершілік және мораль қағидаттарына қайшы келмейтіні тексеріледі.

тәуелді тармақтарды қамтитын көп буынды формуламен сипатталған өнертабыс барлық аталған шарттарға қатысты тексерудің оң нәтижелері кезінде патентке қабілетті деп танылады және патент беру туралы қорытынды шығарылады.

Шарттардың кез келгеніне қатысты тексерудің теріс нәтижесі кезінде өтінім берушіге ол туралы сұрау салуда хабарланады және сараптаманың қорытындысын жоққа шығаратын дәлелдерді ұсыну не өнертабыс формуласынан осындай тәуелді тармақтарды түзету немесе алып тастау ұсынылады.

Егер өнертабыстар тобы мәлімделген болса, патентке қабілеттілігін тексеру оған кіретін өнертабыстардың әрқайсысына қатысты жүргізіледі. Топтың патентке қабілеттілігі тек топтың барлық өнертабыстары патентке қабілетті болғанда ғана расталады.

Егер топтағы өнертабыстардың барлығы патнтке қабілетті еместігі анықталса, өтінім берушіге ол туралы хабарланады және кетірілген дәлелдерге қатысты өз пікірін білдіру және, қажет болса, формуладан патентке қабілеттігі жоқ өнертабыстар сипатталған тәуелсіз тармақтарды алып тастау, не осы тармақтарды түзетілген түрде табыстау ұсынылады.

83. Қосымша материалдарға, оның ішінде өнертабыстың өзгертілген формуласына сұрау салу, өтінім берушіге жолданады, егер, қорытынды шығаруды қоса алғанда, осындай материалдарсыз мәні бойынша өтінімге сараптама жүргізу мүмкін болмаған жағдайда.

Сұрау салу үшін келесі мән-жайлар негіз болып табылады:

өнертабыс формуласын оны тексеру нәтижесі бойынша нақтылау қажеттігі;

басымдылығын белгілеумен байланысты мәселелерді шешу қажеттігі, атап айтқанда, конвенциялық басымдылықты сұрау кезінде бірінші өтінімде мәлімденетін өнертабысты ашумен

мәлімделген өнертабыстың патент қабілеттілігін тексерумен байланысты мәселелерді шешу қажеттігі;

мәлімделген өнертабыстың патент қабілеттілігін тексеру нәтижесі бойынша өнертабыс формуласын нақтылау қажеттігі;

бір басымдылық датасына ие болатын барабар өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қараумен байланысты мәселелерді шешу қажеттігі.

Қаралған өнертабыстың (өнертабыстардың) патент қабілеттілігі белгіленген жағдайда өтінім берушіге формуланы оған қатысты патент қабілеттілігін бағалау жүргізілмеген өнертабыс (өнертабыстар) сипаттамасын алып тастау немесе осы өнертабысты (осындай әрбір өнертабысты) тиісті ақы төлеумен тәуелсіз тармаққа бөліп шығару арқылы түзету қажеттігі туралы сұрау салу жолданады.

Бұл ретте өтінім берушіге бір айлық мерзімде хабарлама беріледі, белгіленген мерзімде сұрау салынған материалдарды немесе тиісті ақы төлеумен көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаған жағдайда өтінім Заңның 22-бабы 8-тармағына сәйкес кері қайтарып алынған болып саналады.

Өтінім беруші формулаға оған қатысты өтінімнің алғашқы материалдарында жоқ болған немесе сәйкестендірілмеген белгінің немесе сипаттамасы ақпарат көзіне сілтеме жасаумен ауыстырылған белгінің патент қабілеттілігі немесе өтінім беруші өтінім бергеннен кейін ұсынған немесе назарға алынбаған жаңа тәуелсіз тармақты қосу туралы қорытынды алынған өнертабысты қосуды талап еткен жағдайда өтінім берушіге көрсетілген белгі және (немесе) тармақ қамтылмаған формуланы беру ұсынысымен сұрау салу жолданады. Бұл ретте өтінім берушіге сұрау салынған материалды ұсынбаған жағдайда өтінім кері қайтарып алынған болып саналатыны хабарланады.

Мәні бойынша сараптама жүргізу (немесе аяқтау) үшін кедергі болған мән-жайларды баяндаумен қатар өтінім берушіге жолданатын сұрау салуда өтінімді қарау кезінде туындаған барлық мәселелер, ескертулер мен ұсыныстар келтіріледі.

Сұрау салуда қандай да бір мәселе бойынша келтірілген сараптама пікірі техникалық немесе құқықтық сипаттағы дәлелдермен бекітіледі. Қажет болғанда техникалық әдебиетке, Заң қағидаларына, осы Ережеге және басқа құжаттарға сілтеме жасалады.

Өтінім берушіге елеулі белгі сипаттамасын нақтылау, формуладан елеусіз белгіні алып тастау сияқты формуланы түзетумен байланысты ұсыныстарды жолдаған кезде осындай түзетудің құқықтық салдарын және одан бас тартуды көрсету қажет.

Сұрау салуда ақпарат көзіне сілтеме жасалған жағдайда оның осы көзді табу үшін қажетті барлық библиографиялық деректері, сондай-ақ өтінімді қарау кезінде назарға алынған мәліметтерді табу үшін қажетті басқа деректер (бет, абзац, графикалық бейнелер фигурасының нөмірі) көрсетіледі.

Мәлімделген өнертабыстың патент қажеттілігін тексеру нәтижесі бойынша өнертабыс формуласын нақтылау қажеттігі сұрау салу үшін негіз болып табылған және формуланы нақтылау сипаттаманы және (немесе) сызбаларды тиісті түзетуді талап еткен жағдайда өтінім берушіге осындай ұсыныс жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде нақтыланған сипаттаманы және (немесе) сызбаларды (немесе ауыстыратын парақтарды) беру ұсынылады.

Осындай ұсыныс сипаттамада және (немесе) сызбаларда, оның ішінде бұрын сараптама көрсеткен, бірақ өтінім беруші жоймаған кемшіліктер болған кезде жасалады. Сараптаманың сұрау салуына жауап сұрау салу өтінім берушіге жолданған күннен бастап үш ай ішінде беріледі. Сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімі Заңның 22-бабы 13-тармағына сәйкес қалпына келтіріледі.

84. Өнертабыс (немесе өнертабыс және пайдалы модель), егер формулалардың тәуелсіз тармақтарының мазмұны түгел сәйкес болса, ұқсас болып танылады.

Егер өнертабыстың қаралатын өтінім бойынша патентке қабілеттілігі анықталған, бірақ ұқсас өнертабысқа немесе пайдалы модельге сондай басымдық күні бар басқа қайтарып алынбаған немесе қайтарып алынды деп есептелмеген өтінім болса, патент беру туралы қорытынды оның сараптама ұйымына жіберген күні неғұрлым бұрынырақ екені дәлелденген өтінім бойынша шығарылады, ал осы күндер сәйкес келген жағдайда – сараптама жасау ұйымының барынша бұрынырақ тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі.

85. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша немесе өтінім берушінің бастамасымен берілген қосымша материалдарды тексеру мыналарды қамтиды.

Өтінім құжаттарын түзететін немесе нақтылайтын және өтінім берушінің бастамасымен берілген қосымша материалдар түскен кезде өтінім берушінің осындай құжаттарды ұсыну мерзімдері сақтау тексеріледі.

Көрсетілген қосымша материалдар ұсынылған жағдайда, өтінім түскен күннен бастап екі ай өткен соң және олармен бірге тиісті төлемді растайтын ұсынылмаса, бұл материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Осындай хабарлама өтінім берушіге сараптама жіберетін кезекті құжаттың мазмұнына енгізіледі.

Сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім беруші берген қосымша материалдарға қатысты өтінім берушінің оларды ұсынудың белгіленген мерзімдерін сақтауы тексеріледі.

Өтінім беруші өз бастамасымен немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша ұсынған және қарауға қабылданған қосымша материалдар олардың мәлімделген өнертабыс мәнін өзгертпеуіне тексеріледі, Қосымша материалдар, егер онда өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ, формулаға енгізуге жататын белгілерді қамтыса, өтінім берілген өнертабыстың мәнін өзгертеді деп саналады.

Белгілер, олар өтінім беруші ұсынған нақтыланған формулада ғана емес, өтінім беруші осындай енгізуді тек көрсеткенде де өнертабыс формуласына енгізуге жатады деп саналады.

Қосымша материалдарда келтірілген және формулаға енгізуге жататын белгілер, егер олар онда немесе формулада, егер ол ұсынылған болса, сараптама жасау ұйымына патент беруге өтінім, өнертабыс сипаттамасы және сызбалар (егер сипаттамада оларға сілтемелер болса) түскен күні ашылмаған болса, өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ деп танылады.

Егер өтінімнің бастапқы материалдарында өнертабыс белгісі оны орындаудың жеке нысандарын ашпастан жалпы ұғыммен көрсетілген болса, осындай орындау нысанын қосымша материалдарда оны өнертабыс формуласына енгізуге жататын белгіге жатқызумен ұсыну қосымша материалдарды мәлімделген өнертабыстың мәнін өзгертетін деп тануға негіз болып табылады.

Сипаттамада тек техника деңгейіне, және соның ішінде жақын аналогына ғана қатысты аталатын белгілер мәлімделген өнертабыстың бастапқы өтінім материалдарында қамтылатын белгілеріне жатпайды.

Егер, өтінім берілген өнертабыс белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсатта пайдалануға жатса, белгілі объектінің сипаттамасындағыдан және тағайындау формуласындағыдан басқа нұсқауларды немесе белгілі объектінің сипаттамасы үшін пайдаланылатын өзге де белгілерді қамтитын қосымша материалдар мәнін өзгертетін деп танылады.

Өтінім өнертабыстар тобына жататын жағдайда, топтың нақ осы өнертабысына қатысты сипаттамада аталған белгілер топтың қандай да бір өнертабысының өтінімнің бастапқы материалдарында қамтылатын белгілері деп саналады.

Біреуі екіншісінде пайдалануға арналған өнертабыстар тобы ерекшелікті құрады. Бұл ретте екіншісінде пайдалануға арналған бір өнертабыстың бастапқы материалдарда қамтылатын белгілері осы екінші өнертабыстың да белгілері болып саналады.

Өнертабыс туралы өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ, формулаға енгізуге жататын белгілерге қатысты емес мәліметтер өнертабыстың мәнін өзгертетін деп саналмайды. Осындай мәліметтерге, атап айтқанда, өнертабысты жүзеге асыру шарттары туралы жаңа (қосымша) мәліметтер, өнертабысты іске асыру мысалдары, қосымша техникалық нітиже алу мүмкіндігіне нұсқау, нақтыланған графикалық материалдар жатқызылуы мүмкін.

Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгізуге жататын белгілермен бірге қамтылатын қосымша материалдар, сонымен бірге өтінімді қарау үшін қажет өзге де мәліметтер көрсетілген белгілерді қамтитын бөлігінде ғана мәнін өзгертетін болып танылады.

Өзге мәліметтер сараптама жүргізу кезінде ескеріледі.

Қосымша материалдарда ұсынылған өттінім беруші өзгерткен өнертабыс формуласын тексеру кезінде өзгерістер мәлімделген өнертабысқа (өнертабыстарға) жататыны анықталады.

Өнертабыстың мақсатын көрсететін алғашқы тектік ұғымды басқа ұғыммен ауыстырған кезде, егер көрсетілген ұғымдар бір мағыналы болса, бағыныс қатынасында болса немесе қиылысатын болса формуланы өзгерту мәлімделген өнертабысқа жатады деп танылады.

Өнертабыс формуласының өзгеруі сонымен қатар:

өнертабыс ретінде мәлімделетін объект түріне ғана нұсқауды өзгертулер, егер қайта көрсетілген түр алғашқысынан гөрі өнертабыстың алғашқы формуласында қамтылған белгілер сипатына әлде қайда сәйкес келетін;

өнертабыстың бастапқы «жаңа мақсатта қолдану» объектісін, егер ол туралы мәліметтер басымдық күніне дейін жалпыға мәлім болмаған объектіні қолдану мәлімделсе, көрсетілген жаңа мақсаттағы объектіге ауыстырған;

егер басымдық күніне белгілі мәліметтерден мәлімделгеннен тек мақсатымен ерекшеленетін құралдың белгілі болуы анықталса, өнертабыстың бастапқы көрсетілген объектісін өнертабыстың «жаңа мақсатта қолдану» объектісіне ауыстырған жағдайдарда мәлімделген өнертабысқа жатады деп танылады.

Қосымша материалдарда өнертабыстың өзгерген формуласы қамтылған жағдайда, формуланың өзгеруі оған қаралатын формулада осындай деп танылатын тәуелсіз тармақтарының біреуін немесе бірнешеуін енгізу формуланың өзгеруін көздейтіні және осындай қосымша материалдармен оларды ұсыну мерзімдерін ескере отырып, тиісті төлемді растайтын құжат ұсынылғаны анықталады.

Көрсетілген құжаттарды қосымша материалдармен бірге ұсынбаған жағдайда, өтінімді қарау кезінде формуланың өзгерістері назарға алынбайды

Өнертабыс формуласының мәлімделген өнертабысқа жатпайтын өзгерулері назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге осы факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Қосымша материалдарды мәлімделген өнертабыстың мәнін өзгертеді деп таныған жағдайда, өтінім берушіге қосымшаға енгізілген мәліметтердің қайсысы сараптаманың осындай қорытындысына негіз болғаны туралы хабарланады (сараптаманың оған жіберетін кезекті құжатында).

86. Өнертабысқа өтінім пайдалы модельге патент беруге өтінімге өнертабысқа патент бергенге дейін ауыстырылады.

Патент беру туралы шешім шыққаннан кейін өтінішхат түскен кезде, өтінім берушіге өтінімді қайта өзгерту мүмкін еместігі туралы хабарлама өтінішхат түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Пайдалы модельге патент беруге өтінімге өзгерту патенттеу объектілері адамдар мен жануарларды диагностикалық, терапевтикалық және хирургиялық емдеу тәсілдері болатын өтінімдерге қатысты жүргізілмейді.

Өтінімде адамдар мен жануарларды диагностикалық, терапевтикалық және хирургиялық емдеу тәсілдерінен басқа пайдалы модель болып танылатын объектілер де қамтитын өнертабыс топтары мәлімделсе, өзгеру соңғыларына қатысты жүзеге асырылады.

Осындай өзгерту туралы өтінішхат түскенде өзгертуді жүзеге асыру үшін қажетті барлық мәліметтердің болуы тексеріледі, сондай-ақ ол өнертабысқа патент беру туралы шешім қабылданғанға дейін берілгені және өтінішхатқа белгіленген көлемде тиісті төлем туралы құжат қоса берілгені анықталады.

Өтінішхат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда, өтінім берушіге ол туралы хабарланады.

Өзгерту туралы өтінішхатпен және белгіленген көлемде тиісті төлем туралы құжатпен бірге біз мезгілде пайдалы модельге патент беру туралы өтініш, сипаттама, формула, сызбалар ұсынылады.

Талап етілетін құжаттар өтінішхатпен бірге немесе өтінішхат түскен күннен бастап бір ай ішінде ұсынылмаған жағдайда, өтінішхат берілмеген болып саналады, ол туралы өтінім берушіге белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Өзгерілуі болмаған өтінім өнертабысқа өтінім болып қалады.

Өзгертуге өтінішхат белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді және Заңның 28-бабының 1-тармағымен белгіленген мерзімді сақтай отырып ұсынылады, сондай-ақ онымен бірге белгіленген көлемде тиісті төлем туралы құжат ұсынылады. Өтінім берушіге жасалған өзгерту туралы және өтінімді әрі қарай қарау пайдалы модельге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізілетіні туралы хабарлама өзгерген күннен бастап бір ай мерзімде жіберіледі.

Өтінімді өзгерту туралы өтінішхат келіп түскен күні өтінім беруші өнертабысқа өтінімді түзететін, нақтылайтын қосымша материалдарды не өнертабыстың өзгерген формуласын ұсынған жағдайда, өзгерту туралы өтінішхатты қарағанға дейін осы материалдарды тексеру жүргізіледі.

Өнертабыстарға қайтарылған немесе қайтарылған болып есептелетін өтінімдерге өзгерту жүргізілмейді.

Егер, өзгерту туралы өтінішхат қайтарылған болып саналатын өтінімге қатысты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес келіп түссе және өтінішхатпен бірге өткізілген мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш ұсынылса, соңғысы Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес қаралады.

Өтінім берушіден оған бұрын орын алған өзгерту туралы хабарлама жібергеннен кейін пайдалы модельге өтінімді өнертабысқа өтінімге қайта өзгерту туралы өтінішхат түскен кезде, өтінім берушіге осындай өтінішхат түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгертуді жүзеге асыру мүмкін емес деген хабарлама жіберіледі.

Өтінім берушінің оған өнертабысқа өтінімін пайдалы модельге өзгерту жүзеге асырылғаны туралы хабарлама жіберілгеннен кейін түскен өнертабысқа өтінімді пайдалы модельге өзгерту туралы берген өтінімді жарамсыз деп есептеу туралы өтініші өтінімді қайта өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

87. Сараптама жасау ұйымы, егер мәні бойынша сараптама нәтижесінде өтінім беруші сұратып отырған құқықтық қорғау көлемінде Заңның 6-бабында белгіленген өнертабыстың патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес екені анықталса, сараптама ұйымы Заңның 22-бабының 9-тармағына сәйкес өтінім берушімен келісілген өнертабыс формуласымен бірге патент беру туралы шешім шығарады.

Сараптама жасау ұйымының оң шешімі, патент берген үшін төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы хабарламаны шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіге жібереді.

Өтінім берушіге сараптама жасау ұйымының патент беру туралы шешім шығарғаны туралы хабарламасы жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына патентті беруге дайындау және Бюллетеньде жариялау үшін тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынады.

Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, төлеу мерзімі, өткізіліп алған мерзімді қалпына келтіруге төлем жасалғаны туралы құжат ұсынылған кезде үш ай ішінде қалпына келтіріледі. Осы құжаттар ұсынылмаса, өтінім қайтарып алынды деп саналады, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, ол туралы өтінім берушіге қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай ішінде хабарлама жіберіледі.

88. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптама, егер мәлімделген өнертабыс патенттеудің қолайлы жағдайлары көзделген объектілерге жататын болса, тездетіліп жүргізіледі.

Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілері ретінде қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайтуға бағытталған электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн жаңартылатын энергия көздерiн күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, қолданып, ойлап табылған сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi:

биомасса, биогаз және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды қамтитын өнертабыстар танылады.

Өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптаманы тездетіп жүргізу туралы өтінім берушінің өтінішхаты өтінім берген кезде беріледі. Өтінішхатпен бір мезгілде формальды және мәні бойынша тездетілген сараптамаға төлемді растайтын құжат тапсырылады.

Формальды және мәні бойынша тездетілген сараптамаға төлемді растайтын құжат тапсырылмаған жағдайда өтінішхат берілмеген болып табылады, ол туралы өтінім берушіге өтінішхат берілмеген деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптаманы тездетіп жүргізу он күн ішінде формальды сараптаманы жүргізуді, екі ай ішінде ақпараттық іздеу жүргізуді, үш ай ішінде мәні бойынша тездетілген сараптама жүргізуді қамтиды.

Өнертабысқа патент беруге өтінімге формальды сараптаманы тездетіп жүргізу, сараптама жасау ұйымына сараптаманы тездетіп жүргізу туралы өтінішхат түскен күннен бастап, өтінім беруші формальды сараптаманы бастау үшін қажетті барлық құжаттарды (мәліметтерді) берген жағдайда басталады. Егер, сараптаманы тездетіп жүргізу туралы өтінішхат түскен күні өтінім беруші көделген құжаттарды (мәліметтерді) бермеген жағдайда формальды сараптама, өтінім беруші барлық қажетті құжаттарды берген күннен бастап басталады.

Техника деңгейін анықтау үшін тездетілген ақпараттық іздеуді жүргізу сараптаманы тездетіп жүргізу үшін төлем жасалған жағдайда екі ай ішінде жүргізіледі.

Өтінімге мәні бойынша тездетілген сараптама жүргізу іздеу туралы есеп түскеннен кейін және мәні бойынша сараптама басталған күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге мыналарды жібереді:

патент беру туралы шешімді, егер мәлімделген өнертабыс (өнертабыстар тобы) патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келсе, өнертабыс сипаттамасы мен формуласы қойылған талаптарға сәйкес келсе, ал реферат пен сипаттама сол берілген түрінде жариялануы мүмкін болса;

өтінім құжаттарына толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер, қажеттігі, көзделген жағдайдарда белгіленген төлемдер туралы сұрау салуды;

патент беруден бас тарту туралы шешім:



өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде;

егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;

егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе берiледi.

Тездетілген сараптама жүргізу мерзімін өтінім беруші тездетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхатты, сондай-ақ тездетілген сараптама жүргізу үшін белгіленген төлемді растайтын құжатты ұсынған кезде ұсынған күннен бастап есептеу басталады.

Белгіленген төлемді растайтын құжат ұсынылмаған жағдайда тездетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхат назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге өтініш берілмеген деп саналған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Өтінімге тездетілген сараптама жүргізуді есептеу мерзімі өтінім берушіден, сараптаманың хабарламалары мен сұратуларына жауаптарды, тиісті төлемді растайтын құжатты қоса алғанда, қажетті құжаттарды алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Тездетілген сараптама жүргізу туралы өтінішхат патенттеудің қолайлы жағдайлары көзделген объектілер тізіміне кірмейтін өнертабыстарға өтінімдерге қатысты назарға алынбайды.

89.Сараптама жасау ұйымы Заңның 22-бабының 10-тармағына сәйкес патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады.

90. Ақпараттық іздеу өнертабыстың онымен салыстыра отырып патентке қабілеттілігін бағалау жүзеге асырылатын техника деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.

Мәлімделген ұсыныс оның мәнін түсіну қиындатылып сипатталған немесе оны өнертабыс деп танымайтын объектілерге жатқызу үшін негіздер болса, өтінім берушіге хабарлау талап етіледі және, тиісінше ақпараттық іздеу жүргізу мерзімдері ұзартылады.

Өтінім берілген ұсыныстың сипаттама ерекшеліктері сақталған жағдайда ақпараттық іздеу жүргізілмейді.

91. Ақпараттық іздеу нысаны:

1) ақпараттық іздеу сипаттамалар мен сызбаларды (олар болса) ескере отырып, өнертабыстың формуласы негізінде жүргізіледі;

2) өтінім құжаттарын түзету, нақтылау және өзгерту ақпараттық іздеу жүргізу кезінде, егер оларды өтінім беруші ақпараттық іздеуді бастаудан бұрын енгізсе, ескеріледі.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде бірлік талабын бұзуы туралы хабарламаға жауап бермесе, ақпараттық іздеу формулада бірінші болып көрсетілген өнертабыс (бірыңғай өнертабыстық ойды құрайтын өнертабыс топтары) бойынша жүргізіледі.

92. Техника деңгейін белгілеу кезінде жалпыға мәлім деп кез келген адам өзі таныса алатын не оның мазмұны туралы оған заңды жолмен хабарлануы мүмкін ақпарат көзінде қамтылатын мәліметтер саналады.

Ақпарат көзін техника деңгейіне енгізген күн деп белгіенген:

Жарияланған қорғау құжаттарына сипаттамалар үшін – оларда көрсетілген жариялау күні;

Отандық басылымдар мен бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСРО) басылымдары үшін – оларда көрсетілген басылымға қол қойған күн;

Отандық басылымдар мен басылымға қол қойылған күні көрсетілмеген бұрыңғы КСРО басылымдары, сондай-ақ өзге де басылымдар үшін – олардың жарыққа шыққан күні, ал оны анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда – айдың соңғы күні немесе басылымда көрсетілген жылдың 31 желтоқсаны, егер жарыққа шығу уақыты тиісінше аймен немесе жылмен белгіленсе;

мақалалардың, шолулардың, монографиялардың және басқа да материалдардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру үшін – оларды сақтауаға тапсырған күн;

ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және басқа да конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларға түсіндірме жазбалар үшін - олардың осы органдарға түскен күні ;

нормативно-техникалық құжаттама үшін – оған уәкілетті органда оны тіркеу күні;

қолжазба құқығында бысылып шығарылған диссертациялар мен диссертациялардың авторефераттары үшін, - олардың кітапханаға түскен күні; конкурс өткізуге қатысты құжаттармен расталған;

көзбен қабылданатын ақпарат көздері үшін (плакаттар, модельдер, бұйымдар және т.б.) үшін – оларды қарау мүмкін болған құжатпен расталған күн;

көрмеде орналастырылған экспонатта үшін – оларды көрсету басталған құжатпен расталған күн;

ауызша баяндамалар, дәрістер, сөз сөйлеулер үшін – егер олар көрсетілген күнге тиісті іс-шараларды өткізу күніне қолданылатын қағидаларда белгіленген тәртіппен дыбыстық жазба аппаратымен немесе стенографиялық тәртіппен жазылған болса, баяндама, дәріс, сөз сөйлеу күні;

радио, теледидар, кино арқылы хабарлар үшін – егер көрсетілген күні қолданылып жүрген тәртіппен белгіленген тиісті ақпарат тасушыда жазылған болса, - осындай хабарлау күні;

пайдалану нәтижесінде белгілі болған техникалық құрал туралы мәліметтер үшін – жалпыға осы мәліметтер мәлім болған, құжатпен расталған күн болып табылады.

Электрондық түрде – Интернет, Интернет желісінен айрықша онлайн қол жеткізу және CD және DVD-ROM дискілер арқылы алынған мәліметтер үшін -не көрсетілген электронды орта арқылы, егер оларда ол қойылса, қол жеткізілген құжаттарды жариялаған күн, не, егер осы күн жоқ болса, - құжатпен расталу шартымен осы электронды ортаға мәліметтерді орналастырған күн.

93. Іздеу саласының (өсы өтінім бойынша техника деңгейін анықтау үшін ақпарат қаралатын ғылым мен техника бөлімдерінің жиынтығы) сипаттамасы ретінде ХПС айдарларының индекстері пайдаланылады.

Іздеу саласын белгілеу кезінде жалпы өнертабыс объектісі мен оның барынша жақын аналогынан айрықша функциональдық дербес белгілері ескеріледі.

Іздеу саласын анықтау кезінде сонымен бірге өнертабыс пен неғұрлым жақын аналогына ортақ функционалды дербес белгілер, егер оларға жататын функционлаьды дербес болып табылмайтын айрықша белгілер болса, ескеріледі. Бұл белгілерді іздеу белгілі объектілерде, сондай-ақ осы объектілердің және олардың бөліктерінің мақсатына жатқызылмастан олардың бөліктерінде де жүргізіледі.

Сараптама жасау ұйымы мыналарды қамтитын көлемде ақпараттық іздеуді қамтамасыз етеді:

Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарының бюллетенін;

Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарына сипаттамаларды;

Ресей Федерациясының атқарушы билігінің Зияткерлік меншік жөніндегі федералды органының, сондай-ақ бұрыңғы КСРО патенттік ведомствосының ресми бюллетеньдерін;

бұрыңғы КСРО мен Ресей Федерациясының қорғау құжаттарына сипаттамаларды;

еуразиялық патенттерге сипаттамаларды;

өнертабыстарға Ресей Федерациясының патенттерін және пайдалы модельдерге Ресей Федерациясының патенттері мен куәліктерін беруге жарияланған өтінімдерді;

еуразиялық патенттерді беруге жарияланған өтінімдерді;

Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония; Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы (орыс және ағылшын тілдеріндегі рефераттар көлемінде), Швейцария (француз, неміс тілдерінде), Австрия, Австралия және Канада, сондай-ақ Еуропалық патенттік ведомствоның патенттік құжаттамасы, ДЗМИ, Африка зияткерлік меншік ұйымының және Африка аймақтық өнеркәсіптік меншік ұйымының патенттік құжаттамасын;

ДЗМҰ Халықаралық бюросы жариялаған тізім бойынша кемінде бес жыл ретроспективасы бар патентті емес әдебиетті.

Мәлімделген өнертабыстың жаңалығын тексеру мақсаттары үшін ақпараттық іздеу жүргізу кезінде сонымен бірге олардың бұрынырақ басымдығы шартымен Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерге берілген барлық өтінімдер (қайтарлығандардан басқа).

94. Ақпараттық іздеу туралы есепті ресімдеу және іздеу нәтижелерімен танысу тәртібі.

ақпараттық іздеу туралы есепте:

іздеу жүргізілген өтінімнің нөмірі;

өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн;

мәлімделген өнертабысты сыныптау кезінде белгіленген ХПС айдарының индексі (индекстері);

ақпараттық іздеу жүргізілген өнертабыстың атауы;

іздеу саласын сипаттайтын ХПС айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);

библиографиялық деректер ретінде құжаттарға, олардың ақпараттық іздеу нысанына жататын нақты бөліктеріне келтірілген сілтемелер. Егер сілтеме өнертабыс формуласының барлық тармақтарына жатпаса, формуланың оған сәйкес нақты тармағы мен тармақтары көрсетіледі.

Егер өтінім бойынша неғұрлым бұрынырақ басымдық сұратылса, өтінімнің сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күннен бұрын, бірақ басымдық күнінен кешірек жарияланған құжаттар ерекше аталады.

ақпараттық іздеудің аяқталған күні көрсетіледі.

Іздеу туралы есепте көрсетілген құжаттардың көшірмелері, мәліметтері үшінші тұлғаларға танысу үшін қол жеткізілмейтін өтінімдердің көшірмелерін ескермегенде, тиісті төлем жүргізген жағдайда ұсынылады.

Үшінші тұлғаның өтінішхаты бойынша жүргізілген ақпараттық іздеу туралы есептің көшірмесінің бір данасы патент иеленушіге жіберіледі.

Кез келген адамның өтінім бойынша жүргізілген ақпараттық іздеу туралы есептің көшірмесін алуға құқығы бар.

Өттінім берушіге, патент иеленушіге немесе үшінші тұғаға жіберілетін ақпараттық іздеу туралы есептің даналарынан немесе оның көшірмесінен іздеу көлеміне қосылған өтінімдердің библиографиялық деректері алып тасталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет