Министерство юстиции республики казахстан


- параграф. Пайдалы модельге өтінім бойынша сараптамажүргізу тәртібі



жүктеу 2.59 Mb.
бет4/9
Дата21.04.2019
өлшемі2.59 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3- параграф. Пайдалы модельге өтінім бойынша
сараптамажүргізу тәртібі

95. Егер Президент Жарлығына сәйкес мәліметтерді мемлекеттік құпияға жатқызуға уәкілетті болып белгіленген мемлекеттік органмен өтінім мемлекеттік құпия деп табылса, өтінім түскен күннен бастап үш айдың ішінде өтінім берушіге Заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес құқықтық қорғауды беру мүмкін еместігі туралы хат жолданады.

96. Өтінім туралы мәліметтер ол сараптама жасау ұйымына келіп түскен сәттен бастап патент беру туралы мәліметтер жарияланғанға дейін құпия деп саналады және заңсыз ашуға жатпайды.

97. Пайдалы модельді шет елдерде патенттеу кезінде сараптама жасау ұйымына берілген өтінім бойынша, өтінім берушінің өтінішхаты бойынша бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі беріледі.

Бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі оны сараптама жасау ұйымына берген соң кемінде үш айдан кейін беріледі. Бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесі өтінім берушінің өтінішхаты негізінде сараптама жасау ұйымының келісімі бойынша белгіленген мерзімнен бұрын берілуі мүмкін.

98.Өтінім бойынша сараптама Заңның 23-бабына сәйкес өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап төрт ай ішінде жүргізіледі.

99. Өтінімге сараптама жасау кезінде :

өтінімде болуы тиіс немесе оған қоса бірілуі тиіс құжаттардың болуы;

өтінім берген үшін төлем туралы құжаттың болуы;

өтінім құжаттарын ресімдеуге қойылатын Заңмен белгіленген талаптардың сақталуы;

өтінім пайдалы модель ретінде қорғалатын объектіге қатысты берілгенін;

пайдалы модельдің бірлік талаптарының сақталуы;

пайдалы модельдің өтінім беруші ХПС бойынша жүзеге асырған сыныптауының дұрыстығы (егер ол болмаса жүргізіледі осындай сыныптау жүргізіледі);

өтінімде сараптама ұйымына оны берген күннен бұрынырақ басымдықты сұратудың негізділігі;

қосымша материалдарды ұсынудың белгіленген тәртібін сақтау тексеріледі.

100. Егер сараптама процесінде өтінім оның құжаттарына қойылған талаптар бұзылып ресімделгені анықталса немесе өтінім пайдалы модель ретінде қорғалмайтын объектке берілген болса, өтінім берушіге сарптама жүргізу кезеңінде айқындалған кемшіліктерді көрсете отырып, құққытқ сипаттағы қажетті аргументтер келтіріле отырып және жоқ немесе түзетілген құжаттарды Заңның 23-тармағының 2-тармағына сәйкес хабарлама жіберген күннен бастап үш ай ішінде табыстауды ұсынумен сұрау салу жіберіледі. Конвенциялық басымдық сұратылған жағдайда алғашқы өтінімнің (өтінімдердің) жоқ көшірмесі (көшірмелері) өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап алты ай ішінде ұсынылады.

Сұрау салу үшін мыналар негіз болады:



  1. қажетті құжаттар пакетінің толық еместігі;

  2. өтініште осы Қағидаларда көзделген қажетті мәліметтердің, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген реквизиттердің, қолдардың, мөрдің (бар болса) баспа-таңбасының болмауы, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылауқажеттігі

  3. оларды тікелей репродукциялауға кедергі келтіретін кемшіліктерді айқындау (өтінім материалдарын оқуды қиындататын басып шығару сапасы) ;

  4. құжаттарды ресімдеудегі, оларды тікелей репродукциялауға, жариялауға, сақтауға кедергі келтіретін және (немесе) олармен мүдделі адамдардың танысуын мүмкін емес қылатын кемшіліктерді айқындау;

5) пайдалы модельдің сипаттамасында құрылымдық бөлімдердің (егер, тиісті бөлімде мазмұндалуы тиіс мәліметтер басқа бөлімде келтірілген болса, сұрау салу жіберілмейді) болмауы, сондай-ақ пайдалы модельдің сипаттамасында немесе формуласында белгінің сипаттамасын осы белгі ашылған ақпарат көзіне қайта сілтемемен ауыстыру;

6) өтінімде жалпыға мәлім болмайтын ақпараттарға сілтеменің болуы не онда қамтылатын кейбір мәліметтерді жариялау мүмкін болмауын көрсетулердің болуы (авторлар туралы мәліметтерді қоспағанда, егер олар патент туралы мәліметтерді жариялау кезінде автор ретінде көрсетуді қаламаса);



  1. пайдалы модельдің формуласының тармағын бір ұсыныс ретінде мазмұндау талаптарын бұзу;

  2. құқықтық қорғау сұратылып отырған пайдалы модельдің мақсатын көрсететін тектік ұғымның формулада болмауы;

  3. формулада пайдалы модельдің белгілерінің орнына және оны жүзеге асыру және (немесе) пайдалану кезінде орын алатын тек оның пайдалану көрсеткіштері мен тұтыну қасиеттері, әсерлері және құбылыстары туралы деректердің болуы;

  4. пайдалы модельдің формуласында оларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін белгілерді мазмұндау талаптарын бұзу;

  5. пайдалы модельдің көп буынды формуласының тәуелді тармақтарында пайдалы модельдің оны орындаудың немесе пайдаланудың тиісті жеке жағдайларында қоғам мүдделеріне, адамгершілік немесе мораль қағидаттарына қайшы келуімен байланысты белгілердің болуы;

  6. формуланың тәуелсіз тармақтарына қойылатын талаптардың бұзылуы;

  7. пайдалы модельдің формуласында формуланың ол бағынатын тармағының белгісін алып тастауды немесе ауыстыруды көздейтін тәуелді тармақтың болуы;

  8. өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (атап айтқанда, өтінімде келтірілген пайдалы модельдің атауы сипаттамада келтірілгенге сәйкес келмейді, пайдалы модельдің сипаттамасында пайдалы модельдің формуласында көрсетілген белгілер жоқ, пайдалы модельдің формуласында өтінім беруші мәнділігі «Пайдалы модельдің мәні» сипаттама бөлігінде атап көрсеткен белгі жоқ, сызбалар пайдалы модельдің сипаттамасына сәйкес келмейді);

  9. рефератқа қойылған талаптардың бұзылуы;

  10. сипаттамада, пайдалы модельдің формуласында және рефератта жалпы қабылданған терминдерді пайдалану, өтінім материалдарының мәтінінде терминология бірлігін сақтау туралы талаптардың бұзылуы; формулада сипаттамада сол бір белгінің нақты сипаттауымен бірге үйлесетін дұрыс айтылмаған белгінің болуы («ерекше», «арнайы», «жақсартылған»);

  11. белгілер формуласында пайдалы модель объектісі болып табылатын құрылғының үстінде сөздік, бейнелеу немесе құрама белгілеулердің болуы. Бұл ретте өтінім берушіге осындай белгілеулердің басқа адамдар құрылғымен бірдей мақсаттағы тауарлар немесе тиісті қызмет түрлері үшін тіркелген не тіркелуі мүмкін болатын тауар таңбаларымен (қызмет көрсету таңбаларымен) не тауар шығарылған жерлердің атауымен сәйкес келу немесе аралас дәрежеге дейін ұқсас болу және пайдалы модельді пайдаланған жағдайда патент иеленуші мен тауар таңбасы иесінің құқықтарының қақтығысу мүмкіндігі туралы хабарланады.

  12. сипаттамада өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижені алу үшін пайдалы модель формуласының тәуелсіз тармағына енгізілген қалған белгілермен жиынтықта, жалпылаған түрде сипатталған белгінің жеткіліктілігін растайтын мәліметтердің болмауы;

  13. өтінімде сұратылатын бұрынырақ басымдықты белгілеуге байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі;

  14. Сипаттамаға және пайдалы модельдің формуласына қойылатын талаптардың бұзылуының болуы.

Өтінім берушіге сұрау салуда бірыңғай өнертабыстық ойды құрайтын пайдалы модельге не пайдалы модельдер тобына жататын сипаттаманы және формуланы табыстау ұсынылады.

Сараптаманың сұрау салуына жауап оны жіберген күннен бастап үш айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Бұл мерзім өтінім берушінің өтініші бойынша Заңның 22-бабының 13-тармағына сәйкес алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Өтінімге сараптама сұрау салуға жауап алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Егер, өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылып отырған құжаттарды немесе оларды ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаса, өтінім қайтарып алынды деп саналады, ол туралы өтінім берушіге бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

101. Өтінім нысаны мен техниканың қандай да бір саласының ара қатынасын белгілеу мақсатында сараптама жасау ұйымы өтінім берілген пайдалы модельдерді ХПС сәйкес сыныптайды.

Сыныптау өтінімге сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады.

Сыныптау кезінде сыныптау индексін таңдау үшін өтінім берілген пайдалы модельдің формуласы негіз болып табылады. Пайдалы модельді неғұрлым нақты сыныптау үшін сипаттама мен сызбалар пайдаланылады. Егер өтінім ХАС әртүрлі айдарларына жататын бірнеше объектілерді қамтыса, барлық тиісті сыныптамалық индекстер белгіленеді. Бұл ретте бірінші индексті таңдау пайдалы модельдің атауымен анықталады.

102. Өтінімнің және қосымша құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі туралы хабарлама мына жағдайларда жіберіледі.

Егер өтінімді өтінім берілген пайдалы модельдердің мәнін талдаусыз қарау нәтижесінде өтінім пайдалы модельдің бірлік талабын бұза отырып берілгені анықталса, өтінім берушіге ол туралы сараптама жүргізу кезеңінде жіберіледі және оны жіберген күннен бастап үш ай ішінде пайдалы модельдің қайсысы қаралуы тиіс екенін хабарлау, және қажет болса, өтінім материалдарына нақтылауларды енгізу ұсынылады.

Пайдалы модельдің бірлігі, егер:

пайдалы модельдің формуласында бір пайдалы модель сипатталса;

пайдалы модельдің формуласында пайдалы модель тобы сипатталған болса:

олардың бірі екіншісін (құрылғы немесе зат және құрылғыны немесе затты тұтастай немесе оның бөлігін алу (жасау) тәсілі) алуға (жасауға) арналған);

олардың бірі екіншісін (мысалы, тәсілді тұтастай немесе оның әрекеттерінің бірін жүзеге асыру үшін арналған тәсіл және құрылғы) жүзеге асыруға арналған;

олардың бірі екіншісін (екіншісінде) (мысалы, тәсілде пайдалануға арналған тәсіл немесе зат; тәсіл немесе құрылғы және оның бөлігі) пайдалануға арналған;

құрылғыны немесе затты жаңа немесе белгіленген мақсатта және тәсілді оларды осы мақсатқа сай қолдану; құрылғыны немесе затты жаңа немесе белгіленген мақсатта қолдану және олардың құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғы немесе композиция);

бір техникалық нәтижені (нұскалары) алуды қамтамасыз ететін бір мақсаттағы бір түрдегі (бірнеше құрылғы, бірнеше зат) объектілерге жататын болса, сақталды деп саналады.

Пайдалы модельдің бірлігін сақтау алғашқы пайдалы модельдің формуласына қатысты немесе, егер ол өзгермесе, - өтінім беруші белгіленген тәртіппен ұсынған соңғы формулаға қатысты тексеріледі.

Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде пайдалы модельдердің қайсысын (немесе бірлік талаптарына сай пайдалы модельдер тобын, егер осындай топ өтінім берілген пайдалы модельдер ішінде болса) қарау қажет екенін хабарламаса, және нақтыланған құжаттарды ұсынбаса, сараптама формулада бірінші болып көрсетілген тек бір пайдалы модельге (немесе пайдалы модельдің бірлік талаптарына сәйкес топты құратын, формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модельдерге) қатысты жүргізіледі.

Егер қосымша материалдар тұтас немесе бір бөлігінде мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертсе және (немесе) осы Қағидалардың


152-тармағында көзделген талаптар сақталмай ұсынылса, өтінім берушіге олар сараптама кезінде толық немесе тиісті бөлігінде назарға алынбайтыны туралы хабарлама жіберіледі. Қосымша материалдар, өтінімнің түзететін немесе нақтылайтын құжаттары осы Қағидалардың 152-тармағында көзделген талаптар бұзыла отырып ұсынылса өтінім берушіге ол туралы хабарланады.

Көрсетлген бұзушылықтар туралы өтінім берушіге сондай-ақ, негіз болса, жіберілетін сұрау салуда да хабарланады.

103. Пайдалы модельдің басымдығын белгілеу.

Пайдалы модельдің басымды сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күн бойынша белгіленеді.

Басымдық Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ақ онда көзделген халықаралық және аймақтағы ұйымдарға бірінші өтінім берген күн бойынша белгіленеді (конвенциялық басымдық).

Өтінім беруші конвенциялық басымдықты сұраған кезде келесі шартардың сақталуы тексеріледі.

Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді берген өтінім берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының сараптама жасау ұйымына бірінші өтінімді берген күннен бастап он екі ай ішінде конвенциялық өтінімді беруі. Көрсетілген мерзім егер өтінім берушіге байланысты емес жағдайлар бойынша сақталуы мүмкін болмаған кезде екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады. Егер өтінім көрсетілген екі ай ішінде берілсе, осындай жағдайлар аталды ма, жоқ па тексеріледі, егер аталса, осы жағдайлардың орын алғанын құжатпен растау қажеттігі анықталады.

Өтінім беруші пайдалы модельдің басымдығын бұрын берілген өтінім бойынша қосымша материалдар түскен күн бойынша сұратса, Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес келесі шарттардың сақталуы тексеріледі.

Сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге қосымша материалдар мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылуына байланысты назарға алынбайтыны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші немесе оның құқықтық мирасқоры сараптама жасау ұйымына осындай басымдық сұратылатын өтінімді беруі.

Өтінім беруші пайдалы модельдің басымдығын сараптама жасау ұйымына оның бұрынырақ өтінім берген күн бойынша сұратқан жағдайда келесі талаптардың сақталуы тексеріледі.

Бұрынырақ өтінімнің өтінім берушісі немесе оның құқықтық мирасқоры өнертабысқа бұрынырақ берілген өтінім берген күннен бастап он екі ай ішінде немесе пайдалы модельге бұрынырақ берілген өтінім берген күннен бастап 6 ай ішінде осындай басымдық сұратылып отырған өтінімді сараптама жасау ұйымына беруі;

Бұрынырақ берілген бірнеше өтінімдер негізінде басымдық сұрату кезінде көрсетілген талаптар олардың әрқайсысына қатысты сақталуы тиіс;

Өтінімді көрсетілген басымдықты сұрай отырып берген кезде бұрынырақ берген өтінім қайтарылды деп саналады, ол туралы өтінім берушіге хабарланады.

Өтінім беруші бөлінген өтінім бойынша басымдық сұратқан кезде Заңның 20-бабының 5-тармағы негізінде келесі талаптардың сақталуы тексеріледі:

сол бір өтінім берушінің бөлінген өтінімнің пайдалы моделінің иәні алғашқы өтінімде ашылғаны;

өтінім берушісі немесе оның құқықтық мирасқоры бастапқы өтінім бойынша сараптама жасау ұйымының патент беруден бас тарту туралы ол бойынша қарсылық беру мүмкіндігі таусылған қорытындысы шығарылғанға дейін, ал көрсетілген өтінім ойынша сараптама жасау ұйымының патент беру туралы қорытындысы шыққан болса, - Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік тізілімінде тіркеу күніне дейін сараптама жасау ұйымына бөлінген өтінімді беруі;

бастапқы өтінім бөлінген өтінім берілген күнге дейін қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайды.

Көрсетілген талаптар сақталған жағдайда, пайдалы модельдің басымдығы бастапқы өтінім берген күн бойынша, ал бастапқы өтінім бойынша басымдық құқығы болған кезде – осы басымдық күні бойынша белгіленеді. Егер бастапқы өтінім конвенциялық болып табылса, өтінім берушінің тиісті өтініші болса, бөлінген өтінімді берген күн деп конвенциялық өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн саналады.

104. Пайдалы модель бірлігі талабы бұзылғаны анықталған болса және өтінім беруші белгіленген мерзімде пайдалы модельдің қайсысы берілген өтінім аясында қарауға жататынын хабарласа, тексеру осы пайдалы модельдің формуласына қатысты жүзеге асырылады.

Егер өтінім берушіден белгіленген мрзімде хабар келмесе, тексеру өтінімде бірінші болып көрсетілген формулаға қатысты жүргізілді.

Пайдалы модельдің формуласын тексеру кезінде онда өтінім берілген пайдалы модельдің өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижені алу үшін жиынтығы жеткілікті барлық маңызды белгілерінің болуы анықталады.

Егер техникалық нәтижеге (егер өтінім беруші бірнешеуін көрсетке, ешқайсысына) онсыз қол жеткізілмейтін маңызды белгі пайдалы модельдің тәуелді формуласына енгізілмеген, бірақ сипаттамада немесе формуланың тәуелді тармағында қамтылса, өтінім берушіге осындай белгіні формуланың тәуелді тармағына енгізу ұсынылады. Бұл ретте осы белгінің техникалық нәтижеге қол жеткізу үшін қажеттігін растайтын дәлелдер келтіріледі. Бұндай дәлелдер белгілер мен техникалық нәтиже арасындағы сипаттамада ашылған себеп-салдарлық байланысқа немесе өтінім берілген пайдалы модельдің сараптама жүргізген теориялық талдауына негізделеді.

Қаралатын формуланың тәуелдік тармағында маңызды емес белгілерді немесе өтінім берілген пайдалы модельді орындау мен пайдаланудың тек жеке нысандарын сипаттайтын белгілерді қамтитыны анықталса, өтінім берушінің пайдалы модельдің осындай редакциясын сақтау мақсаттылығы туралы пікірі сұратылады.

Егер көрсетілген талап сақталмағаны анықталса (белгі оны сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін ұғымдармен сипатталған), сараптама өтінім берушіден пайдалы модельдің формуласында қамтылатын белгіге қатысты маман үшін техника деңгейі негізінде оның мағыналық мазмұнын түсіну мүмкіндігі бар екенін растайтын мәліметтерді сұратады.

Егер көрсетілген талапты сақтау үшін пайдалы модельдің сипаттамасы негізінде белгіні түзету қажет болса, өтінім берушіге осындай түзетуді жүзеге асыру ұсынылады.

Егер көрсетілген талап сақталған, бірақ белгінің сипаттамасы үшін ескірген не техниканың осы саласында қабылданғанға сәйкес келмейтін терминология пайдаланылса, өтінім беруші пайдалы модельдің формуласына тиісті түзетуді енгізу қажет болады.

Егер өтінім беруші пайдалы модельдің формуласын түзетуден бас тартса, өтінімді одан әрі қарау кезінде осындай белгі немесе оны сипаттау үшін пайдаланылған, пайдалы модельдің формуласына енгізілген ұғымдар назарға алынбайды.

Егер пайдалы модельдің формуласында жалпы ұғыммен көрсетілген белгі қамтылса, оны пайдалану заңдылығы анықталады.

Сараптама осы жалпы ұғымға жататын, бірақ өтінім беруші көрсеткен техникалық нәтижені алуды қамтамасыз етпейтін (басқа маңызды белгілермен бірге) белгіні іске асырудың жеке нысандарын анықтаған жағдайда өтінім берушіге тиісті дәлелдер келтіріледі және оларды жоққа

105. Қосымша материалдарды тексеру.

Өтінім берушінің өтінім құжаттарына осы өтінім бойынша патент беру туралы шешім не патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылғанға дейін мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертпестен түзетулер мен нақтылауларды енгізуге құқығы бар.

Өтінім құжаттарын түзететін немесе нақтылайтын (яғни, олардың мазмұнына енгізуге жататын) қосымша материалдар ұсынылған жағдайда, өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде көрсетілген өзгерістер өтінім берушінің өз бастамасы бойынша енгізілгендерге жататыны тексеріледі, және егер олар соған жататын болса, көрсетілген материалдармен бірге белгіленген тәртіппен төлемді растайтын құжат ұсынылғаны тексеріледі.

Көрсетілген төлем туралы құжат ұсынылмаса, бұл материалдар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге қосымша материалдар түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Бұндай хабарлама өтінім берушіге жіберілетін кезекті сарапатма құжатының мазмұнына енгізіледі.

Өтінім құжаттарының өзгерістері өтінім берушінің бастамасымен енгізілгендерге жататындығын шешу үшін мыналарды ескерген жөн:

Сараптаманың қандай да бір жазбаша хабарламасын, соның ішінде сұрау салуын алғаннан кейін, сондай-ақ осындай хабарламаны алмастан өтінім беруші ұсынған өтінім құжаттарының өзгерістері, егер осы өзгерістер өтінім құжатына қойылған талаптарды оны дайындау кезінде жол берілген бұзушылықтарды жоюға бағытталған болса, өтінім берушінің бастамасымен енгізілген болып саналмайды;

өтінім беруші сараптаманың қандай да бір жазбаша хабарламасын, соның ішінде сұрау салуын алғаннан кейін ұсынған өтінім құжатын өзгертулер, егер бұл өзгерістер сараптаманың осындай жазбашаша мазмұнымен байланысты болса, өтінім берушінің бастамасымен енгізілген болып саналмайды.

Өтінім беруші сараптаманың қандай да бір жазбаша хабарламасын, соның ішінде сұрау салуын алғаннан кейін, сондай-ақ осындай хабарламаны алмай-ақ ұсынған өтінім құжатының барлық өзге де өзгерістері өтінім берушінің бастамасымен құжаттың өзгерістері болып табылады.

Өтінім беруші сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша берген қосымша материалдарға қатысты өтінім берушінің оларды ұсынудың белгіленген мерзімдерін сақтауы тексеріледі.

Көрсетілген материалдар өтінім берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табысталуы тиіс.

Егер өтінім берші қосымша материалдарды белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынғаны анықталса және осы мерзімдер ұзартылмаған болса, өтінім қайтарып алынды деп саналады, ол туралы өтінім берушіге белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Өтінім беруші өз бастамасымен немесе сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша берген қосымша және қарауға қабылданған материалдары түскен кезде олардың өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертпеуі тексеріледі. Қосымша материалдар, егер олар өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ формулаға енгізуге жататын белгілерді қамтыса, өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп саналады.

Белгілер тек қана оларды өтінім беруші ұсынған нақтыланған формулада қамтылған жағдайда ғана емес, өтінім беруші тек қана осындай енгізуді көрсеткенде де пайдалы модельдің формуласына енгізуге жатады деп саналады.

Қосымша материалдарда келтірілген және формулаға енгізуге жататын белгілер, егер олар патент беру туралы өтінім, сипаттама, пайдалы модельдің формуласы және сызбалар сараптама жасау ұйымына түскен күні өтінімде қамтылатын формулада немесе сипаттамада аталмаған болса, өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ деп танылады.

Егер өтінімнің бастапқы материалдарында пайдалы модельдің белгілері оны орындаудың жеке нысандарын ашпастан көрсетілсе, оны пайдалы модельдің формуласына енгізуге жататын белгіге қатыстыра отырып, қосымша материалдарда осындай орындау нысанын ұсыну, қосымша материалдарды мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп тану үшін негіз болып табылады.

Сипаттамада тек техника деңгейіне ғана қатысты аталған, соның ішінде жақын аналогтың белгілері, мәлімделген пайдалы модельдің бастапқы өтінім материалдарында қамтылатын белгілерге жатпайды.

Өтінім пайдалы модельдердің тобына жатқан жағдайда, топтың қандай да бір пайдалы моделінің бастапқы өтінім материалдарында қамтылатын белгілер болып топтың нақты осы пайдалы моделіне қатысты сипаттамада аталған белгілер саналады.

Біреуі екіншісін пайдалануға арналған пайдалы модельдердің тобы ерекшелікті құрады. Бұл ретте, екіншісінде пайдалануға арналған бір пайдалы модельдің бастапқы материалдарда қамтылатын белгілері осы екінші пайдалы модельдің белгілері де болып саналады.

Мәлімделген пайдалы модель туралы, формулаға енгізуге жататын белгілерге жатпайтын, өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ мәліметтерді қамтитын қосымша материалдар пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болып табылмайды.

Осындай мәліметтерге атап айтқанда, жаңа (қосымша) пайдалы модельді жүзеге асыру шарттары туралы мәліметтер, пайдалы модельді іске асыру мысалдары, қосымша техникалық нәтижелерді, нақтыланған графикалық материалдарды алу мүмкіндігіне нұсқау жатады.

Өтінімнің бастапқы материалдарында пайдалы модельдің формуласына енгізуге жататын жоқ белгілермен бірге сондай-ақ, өтінімді қарау үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын қосымша материалдар, тек көрсетілген белгілерді қамтитын бөлігінде ғана мәнін өзгертетін болып танылады.

Өтінім беруші өзгерткен пайдалы модельдің қосымша материалдарында ұсынылған формуласын тексеру кезінде өзгерістер мәлімделген пайдалы модельге (пайдалы модельдерге) жататыны анықталады.

Пайдалы модельдің мақсатын көрсететін бастапқы тектік ұғымды басқа ұғыммен ауыстыру кезінде, егер көрсетілген ұғымдар бір мағыналы, бағыну қатынасында немесе қиылыста болса, яғни олардың көлемдері толық немесе ішінара сәйкес келсе, формуланың өзгеруі мәлімделген пайдалы модельге жатады деп танылады.

Пайдалы модельдің формуласының өзгеруі, сондай-ақ кемшіліктерді жою кезінде жаңа тәуелсіз тармақты (немесе осындай бірнеше тармақтарды) құру жағдайында да мәлімделген пайдалы модельге жатады деп танылады.

Формулаға қосымша тәуелсіз тармақты қосқанда өзгертілген формула өзге пайдалы модельді қамтитын болып танылады.

Пайдалы модельдің формуласының мәлімделген пайдалы модельге жатпайтын өзгерулері назарға алынбайды, ол туралы өтінім берушіге формуланың өзгеруі туралы тиісті құжаттар түскен күннен бастап бір ай ішінде хабарланады.

Қосымша материалдар мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылғанда, өтінім берушіге сараптаманың осындай қорытындысы үшін қосымша материалдардарға енгізілген мәліметтердің қайсысы негіз болғаны туралы хабарланады (оған жіберілетін сараптаманың кезекті құжатында).

106. Заңның 28-бабына сәйкес пайдалы модельге өтінім өтінішхат беру арқылы өнертабысқа өтінімге өзгертіледі. Көрсетілген өзгеру сараптама жасау ұйымының пайдалы модельге өтінім бойынша тиісті шешім шағарғанға дейін мүмкін болады.

Осындай өзгерту туралы өтінішхат түскен кезде, оның дұрыс ресімделуі тесеріледі, сондай-ақ оның өнертабысқа патент беру туралы шешім шығарылғанға дейін ұсынылғаны және өтінішхатқа белгіленген көлемде тиісті төлем туралы құжат қоса берілгені анықталады.

Өтінішхат белгіленген талаптарға сай ресімделмеген жағдайда, өтінім берушіге ол туралы хабарланады.

Өтінішхат патент беру туралы шешім шығарылғаннан кейін түссе, өтінім берушіге өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімді өзгерту мүмкін еместігі туралы хабарлама жіберіледі.

Өзгертілмеген өтінім пайдалы модельге өтінім болып қалады, және одан әрі оған қатысты осы Қағидалардың ережелері қолданылады. Бұл ретте, бастапқы өтінімнің басымдығы мен беру күні сақталады.

Егер өтінішхат қайтарылған деп саналатын өтінім бойынша келіп түссе, және өтінішхатпен бірге өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берілсе, соңғысы Заңның 23-бабының 2–тармағына сәйкес қаралады.

Өзгерту қайтарылғын немесе қайтарылды деп саналатын пайдалы модельдерге өтінімдерге қатысты жүргізілмейді.

Өтінім берушіден өнертабысқа өтінімді пайдалы модельге қайта өзгерту туралы өтінішхат оған алдында өзгерту жүргізілгені туралы хабарлама жіберілгеннен кейін түскен жағдайда, өтінім берушіге осындай өтінішхат түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгертуді жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама жіберіледі.

Өтінім берушінің оның өзгерту туралы өтінішхатын берілмеген деп санау туралы, оған пайдалы модельге өтінімді өнертабысқа патент беруге өзгерту жүзеге асырылғаны туралы хабарлама жіберілгеннен кейін түскен өтініші өтінімді қайта өзгерту үшін негіз болмайды.

107. Өтінімге сараптама жасау нәтижесінде ол пайдалы модель ретінде қорғалатын объектіге жатпайтын ұсынысқа ресімделгені анықталса, патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.

Егер мәлімделген ұсыныс формуланың тармағында сипатталған сол түрінде тұтас Заңның 6-бабының 3-тармағында келтірілген ұсыныстардың тізіліміне жатқызылса, пайдалы модель ретінде қорғалатын объектіге жатады деп танылмайды.

Егер мәлімделген объект көп буынды формулада сипатталса және тәуелді тармақтың мазмұны қоғам мүдделеріне, адамгершілік және мораль қағидаттарына қайшы келсе, ондай объект пайдалы модель болып танылмайды.

Формуланың қандай да бір тармағында сипатталған объект, жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып, пайдалы модель болып танылмайды, өтінім берушіге патент беруден бас тартуға негіз болып табылатын дәлелдерді мазмұндап, егер қажет болса, тиісті ақпарат көздеріне сілтемелер жасалып, және пайдалы модельді формуласын растаумен не пайдалы модельдің формуласын өзгертіп, түзетіп немесе одан тиісті тармақты алып тастап, келтірілген дәлелдерді жоққа шығаруды ұсынумен сұрау салу жіберіледі.

Егер өзінің жауабында өтінім беруші сараптаманың дәлелдерін жоққа шығармаса, және формуланы сұрау салудағы ұсыныстарға сәйкес келтірмесе, патент беруден бас тарту туралы қорытынды шығарылады.

Бұл ретте қорытындыда формуланың басқа тармақтарында сипатталған ұсыныстардың қағидатты қорғау қабілеттігі аталады (егер бұл сараптама барысында анықталса).

Патент беруден бас тарту туралы шешімде өтінім берушінің келтірілген дәлелдермен келіспеген жағдайда уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне шешім жіберілген күннен бастап үш ай ішінде қарсылық беру құқығы туралы хабарланады.

108. Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес келесі жағдайларда пайдалы модельге патент беру туралы шешім шығарады.

Заңның 33-бабында көзделген жағдайдарда пайдалы модельдің патентке қабілеттілік талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қарау кезінде мыналар ескеріледі.

Егер техника деңгейінде, пайдалы модельдің формуласының тәуелсіз тармағында барлық келтірілген маңызды белгілері (осыларға пайдалы модельдің формуласына қойылатын талаптарға қанағат ететін белгілер жатпайды, себебі оларға қатысты қол жеткізілетін техникалық нәтижеге әсері анықталуы мүмкін емес) тән, мақсатының сипатын қоса алғанда, пайдалы модель мақсатына ұқсас құрал белгілі болмаса, патентпен қорғалатын пайдалы модель «жаңалық» талаптарына сәйкес деп саналады.

Техника деңгейі туралы мәліметтер пайдалы модельдің басымдық күніне дейін жалпыға мәлім болған, өтінім берілген пайдалы модельге ұқсас мақсаты бар құралдар туралы әлемде жарияланған мәліметтерді, оларды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәліметтерді, сондай-ақ неғұрлым бұрынырақ басымдығы болған жағдайда, Қазақстан Республикасында өтінім берілген және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдерді және өнертабыстарды қамтиды.

Техника деңгейіне өтінім берушілер қайтарып алған өтінімдер, сондай-ақ қайтарып алынды деп саналған өтінімдер енгізілмейді.

Техника деңгейіне еуразиялық өтінімдер, сондай-ақ Қазақстан Респуликасын көрсете отырып, халықаралық өтінімдер енгізіледі.

Өтінім өтініш, сипаттама, формула және сызбалар (өнертабысқа өтінімдер үшін –егер сипаттамада оларға сілтемелер болса) түскен күні осы өтінімде қамтылатын сипаттамаға және формулаға қатысты техника деңгейіне енгізіледі.

Егер бұл күн қаралатын өтінімнің басымдық күнінен неғұрлым кешірек болса, неғұрлым бұрынырақ басымдығы бар өтінім басымдық белгілеу үшін негіз болған материалдардың (бастапқы өтінім, бұрын берген өтінім, осы өтінімге қосымша материалдар) мазмұнымен сәйкес келетін мазмұнының бөлігінде техника деңгейіне енгізіледі.

Патентпен қорғалатын пайдалы модель, егер мына талаптар орындалса, «өнеркәсіпте қолдануға жарамды» талабына сәйкес деп саналады:

Соның негізінде патент берілген өтінімде пайдалы модельдің өндіріс құралы немесе тұтыну нысаны немесе олардың құрамдас бөліктері ретіндегі нақты мақсаты көрсетілген, немесе осы мақсат пайдалы модельдің атауынан немесе пайдалы модельдің формуласына сүйенеді, пайдалы модельдің формуласына қойылатын талаптарға сай емес белгілерді ескерместен, пайдалы модельді формуланың әрбір тармағына сәйкес орындау кезінде, көрсетілген мақсат іс жүзінде іске асырылады, басымдық күніне белгілі немесе өтінімде сипатталған пайдалы модельді формуланың кез келген тармағында сипатталғандай түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (ал өтінім түскен күннен бұрынырақ басымдық белгіленгенде, - негізінде басымдық белгіленген өтінімде, сондай-ақ материалдарда) құралдар мен әдістердің болуы.

109. Ақпараттық іздеу талаптары.

Ақпараттық іздеу өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өтінімді қараудың кез келген сатысында, ал патент иеленушінің немесе үшінші тұлғаның өтінішхаты бойынша – тиісті төлем жасалған жағдайда пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін жүргізіледі. (Заңның 23-бабының 4-тармағы).

Өтінім берілген ұсыныс оны түсіну мүмкін емес немесе оны Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы модель ретінде танылмайтын объектілерге жатқызу негіздері болып, оған байланысты өтінім берушіге хат жолдау қажет болса, тиісінше ақпараттық іздеу ұзартылады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда ақпараттық іздеу, егер өтінім берушіге жолданғаннан кейін мәлімделген ұсыныстың жоғарыда көрсетілген сипаттама ерекшеліктері сақталса, жүргізілмейді.

Патент иеленушіге үшінші тұлғадан ақпараттық іздеуді жүргізу туралы өтінішхат түскені туралы хабарлама жіберіледі.

Егер ақпараттық іздеуді жүргізу туралы өтінішхат қайтарылған немесе қайтарылған болып табылатын өтінім бойынша түссе, немесе егер ақпараттық іздеуді жүргізу туралы өтінішхат түскеннен кейін өтінім бойынша пайдалы модельге патент беруге сараптама нәтижесінде патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданса, өтінішхат берген өтінім берушіге оны қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ деген хабарлама жіберіледі.

Өтінім берушінің, патент иеленушінің немесе үшінші тұлғаның өтінішхаты бойынша жүргізілген ақпараттық іздеу аяқталған соң, ол туралы есеп өтінішхат берген тұлғаға жіберіледі.

Егер ақпараттық іздеу үшінші тұлға берген өтінішхат бойынша жүргізілген болса, ақпараттық іздеу туралы есеп патент иеленушіге де жіберіледі.

Ақпараттық іздеуді жүргізу туралы өтінішхат түскен күні ұқсас өтінішхат бұрын берілген немесе ақпараттық іздеу жүргізілген немесе жүргізіліп жатқан жағдайда, осындай өтінішхатты берген тұлғаға көрсетілген жағдайлар туралы және оған ақпараттық іздеу туралы есептің көшірмесін беру шарттары туралы хабарланады.

110. Ақпараттық іздеу нысаны.

Ақпараттық іздеу сипаттамалар мен сызбалардыескере отырып, сондай-ақ пайдалы модельдің рұқсат етілетін ықтимал өзгерістерін ескере отырып пайдалы модельдің формуласы негізінде жүргізіледі.

Өтінім құжаттарының түзетулері, нақтылаулары және өзгерістері, егер оларды өтінім беруші белгіленген тәртіппен тиісті өтінішхат беру күніне дейін енгізген болса, ақпараттық іздеу кезінде ескеріледі.

Егер ақпараттық іздеу туралы өтінішхат түске күні өтінім беруші белгіленген мерзімде бірлік талабын бұзу туралы хабарлауға жауап бермесе, ақпараттық іздеу формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модель (бірыңғай өнертабыстық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобы) бойынша жүргізіледі.

Басқа пайдалы модельдер бойынша ақпараттық іздеуді жүргізу жеке ақпараттық іздеу болып саналады, ол туралы сараптама жасау ұйымы ақпараттық іздеуді жүргізу туралы өтінішхатты берген тұлғаға хабарлайды.

111. Техника деңгейіне, іздеу саласы мен көлеміне, ақпараттық іздеу туралы есепке қойылатын талаптар осы Қағидалардың 92, 93, 94 –тармақтарына сәйкес белгіленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет