Министерство юстиции республики казахстан



жүктеу 2.59 Mb.
бет9/9
Дата21.04.2019
өлшемі2.59 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылғы 29 тамыздағы

№ 1349 бұйрығына

4-қосымша



Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу туралы
өтінімдерге
сараптама жүргізу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 шiлдедегi «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабының 2) тармақшасының екінші абзацына сәйкес әзiрлендi және интегралдық микросхема топологиясын тiркеу бойынша өтiнiмдерге сараптама жасау тәртiбiн белгілейді.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) интегралдық микросхема – элементтерi мен байланыстары оның негiзiнде бұйым жасалған материалдың көлемiнде және немесе бетiнде ажыратылмастан құрылған электрондық схеманың қызметiн атқаруға арналған аяқталған немесе аралық нысандағы микроэлектрондық бұйым;

2) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi – топология) – интегралдық микросхема элементтерiнiң жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардың материалдық жеткiзгiште бекiтiлген кеңiстiк - геометриялық орналасуы;

3) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;

4) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік саласында уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

5) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы.

6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

2-тарау. Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге


сараптама жүргізу үшін өтінімдер беру тәртібі

3. Топология авторы немесе өзге де құқық иеленушi сараптама ұйымына интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм (бұдан әрі - өтінім) беру жолымен топологияны тiркеуге құқылы.

Егер жұмыс берушi мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау тәртiбiмен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушiге тиесiлi болады.

Топология авторы мынадай жағдайларда өтінім тапсырады:

егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған болып табылмаса;

егер топология қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау ретiнде жасалған, бiрақ автор мен жұмыс берушi арасындағы шартпен автор тiркеуге өтiнiм беруге және топологияны тiркеу туралы куәлiк алуға құқығы көзделген болса.

4. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі арқылы сараптама ұйымына қолма-қол беріледі немесе пошта арқылы жолданады.

5. Өтінім өтініш берушімен тікелей немесе өкіл арқылы, оның ішінде уәкілетті органда тіркелген патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі.

Өкiлдiң өкiлеттiлiгi сенiмхатпен расталады.

Өтінім келесі құжаттармен қамьылған:

1) атына тiркеу сұралатын авторы (лары) және тұлға (лар), сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, топологияның бiрiншi пайдаланылған күнi, егер ондай орын алған болса, көрсетiле отырып интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiм;

2) рефератты қоса алғанда, топологияны сәйкестендiретiн материалдар;

3) тіркеу туралы өтінім өкілдік арқылы берілсе, 1994 жылғы
27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) талаптарына сәйкес берілген сенімхаттың көшірмесі.

Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу үшін сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат.

6. Өтiнiм және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Көрсетілген құжаттар басқа тiлде ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы өтінімге қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.

Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуға тиiс.

7. Барлық құжаттар оларды тiкелей көшiрмелеуге жарамды болатындай етiп ресiмделедi.

Әрбiр парақтың жолдары сол парақтың ашық қалдырылған жиегiне қатарластыра орналастырылып, бiр жағы ғана пайдаланылады.

8. Өтiнiмнiң құжаттары берiк, ақ, тегiс, селдiр емес, жылтыр емес қағазда орындалады.

9. Өтiнiмнiң әрбiр құжатының екiншi және одан кейiнгi парақтары араб цифрларымен нөмiрленедi.

Екi және одан да көп өтiнiш берушiлер тiркеуге өтiнiм берген кезде өтiнiшке және оған толықтыруға (ларға) олардың әрқайсысының қолы қойылады.

10. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайтын топологияны тіркеуге өтінім келіп түскенге дейін сәйкестендіру материалдары, мыналарды қамтиды:

1) топологияның әрбiр қабатын бейнелейтiн, мынадай визуальды қабылданатын материалдардың әрбiр түрлерiнiң толық жиынтығы;

2) құрама топологиялық сызба немесе қабатты топологиялық сызбалар;

4) кейiннен ресми бюллетеньде жариялауға арналған мынадай мәлiметтердi қамтитын реферат:

өтiнiште және оған толықтыруда (ларда) көрсетiлген әрбiр автордың тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол болса);

тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса) немесе әрбір құқық иеленушінің аты;

топологияның атауы;

интегралдық микросхеманы дайындау үшiн қолданылатын технологияның түрi;

интегралдық микросхеманың қолданылу саласын, мақсатын, қызметiн қамтитын аннотация көрсетiлуi тиiс.

Аннотацияның көлемi - 700 баспалық белгiге дейiн.

11. Өтiнiм тiркеуге келiп түскен күнге дейiн коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған топологияны сәйкестендiру мақсатында, топологияны сәйкестендiру материалдарында, осы топологияның коммерциялық мақсаттарда пайдаланылған түрiн қамтитын интегралдық микросхеманың үлгiлерi қосымша екi данада болуы тиiс, ал рефератта коммерциялық мақсатта бiрiншi пайдаланылған күн туралы және интегралдық микросхема үлгiсiнiң негiзгi техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер қосымша қамтылуы тиiс.

12. Көзбен көрiп қабылданатын материалдардың бейнесi кемiнде 20:1 масштабта ұсынылуы тиiс.

Фотосуреттегi бейненiң түсi қарама-қарсы болуы тиiс.

Сызбалар мен фотосуреттердiң барлық даналарында бейненiң масштабы көрсетiлуi тиiс.

13. Егер топологияның қандай да бiр қабаты көзбен көрiп қабылданатын материалдарда құпиялық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын болса, бұл қабаттың тиiстi бөлiгi (немесе түгел қабаты) алынып тасталады да топологияны сәйкестендiретiн материалдар құрамына кодталған түрде енгiзiледi.



3-тарау. Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге
арналған
сараптама өтінімдері бойынша істерді жүргізу тәртібі
14. Өтiнiм бергеннен кейiн ол бойынша хат жазысу және өтiнiмдi қараған кезде өз мүддесiн қорғау үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес ресiмделген сенiмхат бере отырып өкiл тағайындай алады.

15. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын жеке тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға топологияны тiркеу жөнiндегi iстi патенттiк сенiм бiлдiрушi арқылы жүргiзедi.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлға, хат жазысу үшiн Қазақстан Республикасының шегiндегi мекенжайын көрсеткен жағдайда, топологияны тiркеуге байланысты iстi патенттiк сенiм бiлдiрушiсiз жүргiзе алады.

16. Өтiнiм берiлгеннен кейiн жiберiлген материалдарда, өтiнiштiң нөмiрi мен өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы болуы тиiс, өзге жағдайда материалдар қараусыз қайтарылады.

17. Iс жүргiзу мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.

Кемшiлiктермен ресiмделiп ұсынылған, оқылуы қиын материалдар, қаралмайды. Осындай материалдарды берген тұлғаға тиiстi хабарлама жiберiледi.

18. Мәлiмет ресми бюллетеньге жарияланғанға дейiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органның сұрауы бойынша немесе өзiнiң бастамасы бойынша өтiнiмнiң материалдарын толықтыруға, түзетуге және нақтылауға құқылы.

Түзетiлген материалдарды өтiнiш берушi алмастырушы парақтар түрiнде ұсынады.

Егер түзету жаңсақ басылуға, библиографиялық деректердi көрсетудегi қателiктерге және тағы басқаларға қатысты болса және құжатты түзету тiкелей көшiрме жасаған кезде нақтылыққа қатысты терiс салдарларға апарып соқпаса, түзету енгiзудiң қажеттiгi алмастырушы парақтарды ұсынбастан өтiнiш берушiнiң хатында бiлдiрiлуi мүмкiн.

4-тарау. Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу тәртібі
19. Егер өтiнiштiң келiп түскен материалдарында өтiнiш және сызбалар немесе топологияның көшiрмесi қамтылса, онда олардың келiп түскен күнi қойылып тiркеледi. Өтiнiшке уәкiлеттi органның кiрiс нөмiрi берiледi.

Өтiнiш материалдарының келiп түсуi туралы өтiнiш берушiге уәкiлеттi орган қойған деректемелермен (кiрiс нөмiрi және келiп түскен күнi) өтiнiштiң бiр данасын беру немесе жiберу жолымен хабарланады.

20. Сараптама ұйымымен он бес жұмыс күні ішінде өтінімді қарастыру барысында:

өтiнiште мазмұндалуға немесе оған қоса тiркелуге тиiс құжаттардың болуы;

өтiнiш құжаттарына қойылатын осы Қағиданың белгiленген талаптарының сақталуы тексерiледi;

Өтiнiштi қарау топологияның түпнұсқалылығы, өтiнiш берушiнiң өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi немесе олардың дұрыстығын қорғауға құқығы тексерiлмей жүзеге асырылады.

21. Өтініште осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда немесе құжаттарды ресiмдеуде, олардың тiкелей көшiрмеленуiне кедергi жасайтын кемшiлiктердiң анықталуы (беттердiң форматына, жиектердiң көлемiне қойылатын талаптардың бұзылуы өтiнiш материалдарын оқуды қиындататын басып шығару сапасы) топологияны тiркеу жүргiзiлмейдi және өтiнiм керi қайтарылды деп есептеледi.

Интегралдық микросхемалар топологияларын

тіркеу туралы өтініштерге сараптама

жүргізу қағидаларына қосымша




КІРІС НӨМІРІ

________________________________


Түскен күні: _______. _________. 20______

(21) ӨТІНІМІНІҢ ТІРКЕУ НӨМІРІ


_________________________

(22) ҰСЫНУ КҮНІ

__________________________


Интегралдық микросхематопологиясын тіркеу туралы

ӨТIНIШ


ХАТ АЛМАСУ МЕКЕНЖАЙЫ (Пошталық индекс, Қазақстан Республикасының аумағында мекенжайы, фамилиясы, аты, әкесінің аты (соңғы болған жағдайда) немесе адресаттың аты)


Тел.:

Факс:

Электрондық пошта мекенжайы:

Төменде көрсетілген құжаттарды тапсыру арқылы өтініш беруші тіркеуге ұсынылған объектіде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің жоқтығын растайды және ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК тіркелген объектіні сәйкестендіретін материалдарды қағаз жеткізгіште және электрондық жеткізгіште көшіріп алу, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ЭЕМ ге жазу.


1. ТІРКЕЛГЕН ТОПОЛОГИЯМЕН ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА АТАУЫ:

БАЛАМАЛЫ АТАУ:

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУ:


2. ҚҰҚЫҚИЕЛЕНУШІ (ӨТІНІМ БЕРУШІ (ЖӘНЕ) БСН: _____________________ ЖСН: _________________
Жеке басын куәдандыратын құжаттың нөмірі: ___________________________

(Жеке тұлғаның аты-жөні) және заңды тұлғаның атауы (құрылтай құжаттарына сәйкес) және орналасқан жері (заңды тұлға үшін), оның ішінде елдің атауы автор (лар) - автор (лар) тұратын жер туралы мәліметтер 5А бағанында келтірілген)

3. ТІРКЕУ ТОПОЛОГИЯСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗІ

(белгілеу [Х]) (егер өтініш беруші заңды тұлға болса немесе өтініш берушілердің құрамы авторлардың құрамына сәйкес келмесе)

 өтінім беруші жұмыс беруші болып табылады  автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқығын өтініш берушіге беру құқық беруші өтінім берушіге жұмыс беруші  жанжақты мұрагерлік тәртібімен (мұрагерлік, қайта құру)

 өтінім беруші автор болып табылады  ________________________________________________________________

Басқаларды көрсету


4. МЕСТО И ДАТА ПЕРВОГО ИСПОЛЬЗОВАНИЯ РЕГИСТРИРУЕМОЙ ТОПОЛОГИИ

Ел: _____________________________________________________ күні: айы: жылы:



5. АВТОРЛАР Барлық авторлар _____  авторлар осылай аталуға бас тартса

5А. АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

Туған жылы: күні: айы: жылы: Азаматтығы:
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


Телефон нөмірі мен мемлекетін көрсете отырып, тұрғылықты мекенжайын:

Тіркелген топологияны құруға автордың шығармашылық үлесінің қысқаша сипаттамасы:

6. ТОПОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ КҮНІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚИЕЛЕНУШІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

Азаматтығы:

Мекенжайы: Телефоны:


6А. ҚОРҒАЛҒАН ТОПОЛОГИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (осы топологияны құру кезінде пайдаланылады)


7. «ҰЗМИ» РМК қызмет көрсету ақысы  төленген  төленбеген

ТӨЛЕУШІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ (жеке тұлғаның аты-жөні (егер бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы):



 жеке тұлға үшін

Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірі:




 заңды тұлға үшін

БСН:


БСК:

БСК:


ЖСН:




8. ҮШІНШІ ТАРАПТАРҒА ЖЕТКІЗУ ҮШІН БАЙЛАНЫС РЕКВИЗИТТЕРІ (телефон, электронды пошта және т.б.):


9. ӨТІНІМ БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІНІҢ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ӨКІЛІНІҢ ҚОЛЫ

__________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атынан өтінішке ұйым басшысына немесе оны уәкілеттік берген басқа тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің лауазымын көрсете отырып және мөрмен бекітілген жағдайда заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.

Кез-келген тұлғаның қолы, аты-жөні мен аты-жөні және өтінішке қол қойылған күні көрсетілуге тиіс.

Құқық иеленушілер-жеке тұлғалар, осы өтініште көрсетілген жеке деректерді мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мақсаттар мен көлемдерге, сондай-ақ тіркелген объектіге айрықша құқықтың қолданылу кезеңінде қолдануға келісетіндігін растайды)


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 02.10.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 17459 болып енгізілді

Результаты согласования

Министерство юстиции РК - Директор Карлыгаш Амангельдиновна Есембаева, 01.10.2018 12:29:15, положительный результат проверки ЭЦП



Результаты подписания

Министерство юстиции РК - Министр МЮ РК Марат Бакытжанович Бекетаев, 01.10.2018 12:35:11, положительный результат проверки ЭЦП



ИС «ИПГО». Копия электронного документа. Дата 06.10.2018.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет