Министерство задравоохранения республики казахстан



жүктеу 81.96 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі81.96 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ

КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ



МИНИСТЕРСТВО ЗАДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НАУЧНО ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ ИНСТИТУТ КАРДИОЛОГИ И ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ





6R110900 эндокринология, соның ішінде балалар мамандығы бойынша емтихан сұрақтары


  1. Гипофиздің анатомиясы.Гипофиздің троптық гормондарына сипаттама. Гипоталамустың анатомиясы мен физиологиясы. Гипоталамо-гипофизарлы жүйе жұмысының реттелуі. Гипофиздың артқы бөлігі, оның қызметі.

  2. Гипоталамо-гипофизарлы аурулар. Жіктелуі. Гипоталамо-гипофизарлы ауруы бар науқастарды зерттеу әдістері.

  3. Гиперпролактинемия синдромы: патогенез, клиникасы. Микропролактинома, макропролактинома.Асқынулары (офтальмологиялық, неврологиялық). Диагностика.Емі: консервативті терапия (препараттар,пролактиннің бөлінуін тежейтіндер), хирургиялық емі, сәулелік терапия.

  4. Қантсыз диабет: анықтамасы, этиологиясы (патологиялық жағдай және вазопрессиннің бөлінуінің стимульдейтін және тежейтін дәрілік заттар; орталық генезді қантсыз диабеттің себептері), патогенез, жіктелуі, клиникасы, диагностика (лабораторлы, сұйықтықты депривациялаумен тест, инструментальды әдістер), емі.

  5. Гипофизарлы нанизм (ергежейлік, соматотропин жетіспеушілік).Ергежейліктің негізгі себеептері. Клиникасы. Емі. Болжамы.

  6. Соматотропин жетіспеушілігін диагностикалау: антропометрия, сүйек жасы , лабораторлы диагностика, өсу гормонын дефицитін анықтайтын стимульдеуші сынамалар, инструментальды әдістер.

  7. Акромегалия және гигантизм. Этиологиясы, патогенез, клиникасы, диагностикасы, емі.

  8. Жүре пайда болған гипопитуитаризм синдромы: этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, лабораторлы және инструментальды диагностика,емі (медикаментозды және медикаментозды емес).

  9. Семіздік. Этиологиясы, жіктелуі, тұрмыстық жағдайға әсері.Емнің негізгі принциптері мен мақсаты.Медикаментозды емес емдеу. Медикаментозды емдеу. Көрсеткештер.Қарсы көрсеткіштері.Семіздіктің хирургиялық емдеу әдістері. Сәтті емнің көрсеткіштері.

  10. Қант диабеті: анықтамасы,жіктелуі.Глюкоза гомеостазының реттелуі.Инсулиннің метаболикалық әсерлері.Қант диабетінің және басқа да көмірсу алмасудың бұзылуларын лабораторлы диагностикалау.

  11. Қант диабетінің 1 типі: этиологиясы, патогенезі.Клиникалық көріністің ерекшеліктері.Емінің негізгі принциптері. Инсулинотерапия.

  12. Қант диабетінің 2 типі: этиологиясы, патогенезі, қауіп факторы. Клиникалық көріністің ерекшеліктері. Емнің негізгі принциптері.

  13. Қант диабетінің 1 типі. Инсулинотерапия режимдері. Инсулин дозаларын санау.

  14. Қант диабетінің 2 типін емдеу. Қант диабетінің 2 типін емдеу мақсаттары.Қант диабеттің 1 және 2 типтерінің диетотереапиясында ерекшеліктері, физикалық жүктемелер, науқастарды «Диабет мектебінде» оқыту ерекшеліктері.

  15. Пероральды препараттардың жіктелуі, әсер ету механизмдері,қолдануға көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Қант диабетінің 2 типін емдеуде бірінші және екінші қатардағы препараттар.

  16. Қант диабетінің 2 типін емдеу. Қант диабетінің 2 типін емдеуде инсулинотерапияға көрсеткіштер.Инсулинотерапия түрлері. Инсулин мен пероральды препараттармен комбинирленген терапия.

  17. Диабеттік макроангиопатия: патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.

  18. Диабеттік микроангиопатия: патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.

  19. Қант диабетінің кеш асқынулары(созылмалы).Диабеттік нефропатия: патогенезі,диабеттік нефропатия дамуы мен өршуінің қауіп факторлары. Диабеттік нефропатия сатыларының клиникалық және лабораторлы диагностикасы.Диабеттік нефропатияның сатыларына байланысты емі. Диабеттік нефропатиямен ауыратын науқастарға диализге көрсеткіштер.

  20. Диабеттік табан синдромы.Жіктелуі, патогенезі және диабеттік табан синдромның нейропатикалық және нейро-ишемиялық формаларының клиникасы.Диабеттік остеоартропатияның патогенезі және клиникасы. Диагностикасы.Диабеттік табан синдром дамуының қауіп факторлары. Диабеттік табан синдромының емі. Диабеттік остеоартропатияның емі.

  21. Қант диабетінің жедел асқынулары. Кетоацидоздық кома: этиологиясы, патогенезі, диагностикасы,емі.

  22. Гестациялық қант диабеті: анықтамасы, диагностикасы,емдеу әдістері.

  23. Қалқанша без гормондарының биосинтезі,секрециясы және әсер ету механизмі. Қалқанша без ауруы бар науқастарды зерттеу әдістері: физикальды, лабораторлы, инструментальды.Жемсаудың жіктелуі(ВОЗ, 1994). Қалқанша без ауруларының жіктелуі.

  24. Эндемиялық жемсау және басқа йоддефицитті аурулар. Йоддефицитті аурулардың эпидемиологиясы және этиологиясы. Патогенезі.Йоддефицитті аурулардың жіктелуі.Йоддефицитті тиреопатиялардың клиникалық формалары. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы.

  25. Гипотиреоз: патогенезі, этиологиялық жіктелуі, клиникасы, гипотиреоздың клиникалық «маскасы». Диагностикасы.Гипотиреоздың орынбасушы терапиясы,сәтті емнің көрсеткіштері.Жүктілерде гипотиреозды емдеу ерекшеліктері.

  26. Туа пайда болған гипотиреоз: анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, бала дамуында және әртүрлі жаста аурудың клиникалық көрінісі, диагностикасы (скрининг, лабораторлы-инструментальды әдістер), салыстырмалы диагностика, емі.

  27. Жайылмалы уытты жемсау: анықтамасы,жіктелуі, патогенезі, клиникалық көрінісі,диагностика алгоритмі.

  28. Жайылмалы уытты жемсау.Емі: медикаментозды ем, радиоактивті йодпен терапия, хирургиялық ем. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер. Рецидивтердің қауіп факторлары.

  29. Тиреотоксикалық криз: клиникасы, жедел көмек.

  30. Жедел тиреоидит: анықтамасы, клиникасы, диагностикасы, емі.

  31. Жеделдеу тиреоидит ( де Кервена гранулематозды тиреоидиті): анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі.

  32. Созылмалы фиброзды тиреоидит( Ридель тиреоидиті): эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы,емі.

  33. Ағзада фосфор мен кальций алмасудың маңызы. Паратгормон, ағзадағы маңызы. Кальцитонин,ағзадағы маңызы. Д витамині, зат алмасудағы маңызы.Фосфор-кальций алмасудың гормональды реттелуі.

  34. Біріншілік гиперпаратиреоз ( Реклингаузен ауруы, фиброзды-кистозды остеодистрофия). Біріншілік гиперпаратиреоздың клиникалық формалары: сүйектік (остеопоротикалық, фиброзды-кистоздық остеит, педжеттік), висцеропатикалық, аралас – клиникалық көріністері.Диагностиксы және салыстырмалы диагностикасы. Біріншілік және екіншілік гиперпаратиреоздың емдеу принциптері.

  35. Гиперкальциемиялық криз. Диагностикасы. Гиперкальциемиялық криз кезінде жедел көмек.

  36. Гипопаратиреоз. Жіктелуі. Гипокальциемиялық жағдай. Этиологиясы. Патогенезі.Сіресіп тырысулардың (тетании)даму механизмдері. Клиникасы. Сіресіп тырысулар синдромы. Сіресіп тырысулардың эквиваленттері. Орталық,вегетативті жүйке жүйесінің зақымдануларының клиникалық симптомдары, трофикалық бұзылыстар.Диагностикасы және гипокальцемия мен тырысу синдромы бар аурулармен салыстырмалы диагностикасы. Емі және профилактиксы.

  37. Гипокальциемиялық криз. Гипокальциемиялық криз кезінде жедел терапия.

  38. Остеопороз: анықтамасы,остеопороз,жіктелуі (біріншілік, екіншілік), клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностика,емі(патогенетикалық терапия , симптоматикалық және этиологиялық терапия,сынықтардың профилактикасы ).

  39. Бүйрекүсті бездің қыртысты және милы қабатының қызметтері.Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі; рениннің секрециясына әсер ететін факторлар. Бүйрекүсті безі гормондарының биосинтезі, секрециясы және әсер ету механизмдері: кортикостероидтардың секрециясының реттелуі, стероидты гормондардың биосинтезі; бүйрекүсті бездің қыртысты қабатында гормондар синтезінің негізгі бағытттары; катехоламиндердің биосинтезі және метаболизмі; адренорецепторлардың әртүрлі типтерімен байланысу әсерлері.

  40. Бүрекүсті безі ауруы бар науқастарды зерттеу (физикалық әдістер, лабораторлы әдістер, гормональды зерттеулер, функциональды сынамалар :үлкен және кіші дексаметазонды тест; альдостерона секрециясын тежеу тесті; инсулинді гипогликемиямен тест;АКТГ-мен сынама;метирапонмен сынама; ортостатикалық сынама, инструментальды зерттеу әдістер :бүйрекүсті бездерін визуализациялау : УЗД, КТ, МРТ, сцинтиграфия).

  41. Гипокортицизм: анықтама, жіктелуі. Біріншілік гипокортицизм ( созылмалы бүрекүсті безі жетіспеушілігі, Аддисон ауруы): анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы (орталық генезді гипокортицизм). Емнің негізгі принциптері , емнің нәтижелілігі.

  42. Жедел бүрекүсті безі жетіспеушілігі. Жедел көмек.Аддисонды криз профилактикасы.

  43. Гиперкортицизм синдромы: анықтамасы, жіктелуі (орталық АКТГ- тәуелді гиперкортицизм, АКТГ-тәуелсіз гиперкортицизм, АКТГ- эктопиялық синдромды ятрогенді гиперкортицизм).Иценко-Кушинг ауруы: этиологиясы, патогенезі, клиникасы.

  44. Гиперкортицизм синдромын диагностикалау алгоритмі(клиникалық этап, гормональды зерттеулер, топикалық диагностика, инструментальды зерттеу әдістері), фармакологиялық сынамалармен салыстырмалы диагностикалау. Емі.

  45. Бүйрекүсті безі қыртысты қабатының туа пайда болған дисфункциясы. Этиологиясы және патогенезі, жіктелуі, бүйрекүсті безі қыртысты қабатының туа пайда болған дисфункциясы типтеріне байланысыты клиникалық көрінуі, диагностикасы, емі.

  46. Біріншілік гиперальдостеронизм ( Конн синдромы): анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы(көріну симптомдары және артериалды гипертензия асқынулары;гипокалиемия симптомдары;аурудың ағымдары), диагностикасы(скрининг өткізуге жататын қауіп топтары) және салыстырмалы диагностикасы (екіншілік гиперальдостеронизм). Емнің негізгі принциптері.

  47. Феохромоцитома. Клиниклық көрінісі, аурудың формалары. Диагностикасы және емі.

  48. Катехоламинді криз кезінде жедел көмек.

  49. Адамның репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы,репродуктивті жүйеде байқалатын жасқа байланысты және әйеледерде етеккір ағымына байланысты болатын ағымды өзгерістер.Жыныс гормондарының биосинтезі, секрециясы және әсер ету механизмдері.

  50. Репродуктивті жүйеде патологияға күдіктенуде әйелдерде жүргізілетін зерттеу әдістері (физикалық, лабораторлы, функциональды, инструментальды). Репродуктивті жүйеде патологияға күдіктенуде ерлерде жүргізілетін зерттеу әдістері (физикалық, лабораторлы, функциональды, инструментальды) Генетикалық тесттер.

Каталог: images -> Education -> Residency -> Question new
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
Education -> Стандарт табл
Question new -> Вопросы для поступающих в резидентуру по нефрологии
Education -> Информационная справка о дисциплине


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет