Министерство здравоохранения республики Казахстан


Жобаны мектеп деңгейінде қалыптастыру кезеңдері



жүктеу 498.09 Kb.
бет2/3
Дата21.04.2019
өлшемі498.09 Kb.
1   2   3

Жобаны мектеп деңгейінде қалыптастыру кезеңдері:

  • мектептің техникалық жағдайы мен оқушылардың денсаулық жағдайын талдау.

  • стратегиясы мен негізгі бағыттарды әзірлеу, ұзақ мерзімдік (3 жылдық) іс-әрекет жоспарын жасау;

  • қаржыландыру мен қор жинақтау мәселелеріе шешу және жоба бойынша ықтимал серіктестер іздестіру;

  • Мектептерде денсаулықты нығайту мәселелеріне қоғамды қатыстыру.


Мектептің техникалық жағдайын талдау.

Бұл кезеңге денсаулық жағдайы мен оған әсер ететін факторлар туралы ақпарат жинау, оны жүйелендіру мен талдау жұмыстары кіреді.

Мектеп командасы, біртіндеп мынандай іс-шараларды жүзеге асырады:


  1. оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің денсаулық жағдайын санамалап талдау.

Соңғы бірнеше жылдың ішіндегі ресми статистика мен профтексерулер деректері бойынша сырқаттанушылық құрылымы мен деңгейі талданады, және де оқу процесіне қатысушылардың барлығының физикалық және психикалық даму деңгейі талданады.

Статистикалық есеп құжаттары, медициналық карталар, профилактикалық тексерулердің нәтижелері, ауырғанына сәйкес сабақтан қалу деректері, басқа да статистикалық көрсеткіштер ақпарат алу көздері болып табылады.

Жағдайды осылай талдау білім алу процесіне қатысушылардың сырқаттануының сандық көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.

2) сауалнама жүргізу негізінде мектеп оқушыларының өмір сүру салтын талдау:



  • әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру жағдайы;

  • темекі тұтыну;

  • ішімдікке салыну;

  • ПБЗ тұтыну;

  • қимыл-қозғалыс белсенділігі;

  • бос уақытын өткізу;

  • тамақтану әдеті;

  • компьютерге үйір болу;

  • жеке гигиена;

  • өзінің сыртқы түріне қарауы;

  • денсаулық жағдайын өзінің бағалауы;

  • психикалық денсаулығы;

  • құрбы-құрдастарымен қарым-қатысы;

  • ата-анасымен қарым-қатынасы;

  • мектептегі үлгерімі;

  • педагогтармен қарым-қатынасы;

  • жарақатанушылық;

  • түнгі ұйқысының ұзақтығы;

  • таңертеңгілік гимнастика;

2.5. Индикаторлар




  • денешынықтыру сабақтарын гигиеналық талаптарға сәйкес өткізу (оңтайлы тығыздық, ұтымды құрылым, сабақ жүктелімі, медициналық бақылау);

  • медициналық денешынықтыру тобының болуы, ондағы сабақты ұйымдастыру;

  • оқушылардың білім беру мекемесіндегі қимыл-қозғалыс белсенділігінің көлемі

  • сабақтан тыс кездегі қимыл-қозғалыс белсенділігінің көлемі (спорт мерекелері, денсаулық күндері, жарыстар);

  • сабақтан тыс және каникул кездеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары: түрлі жастағы, жыныстағы оқушылар үшін дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарының (секциялардың, үйірмелердің) жеткілікті мөлшерде болуы;

  • оқытудың ауысымдылығы;

  • балаларды денсаулыққа үйрету үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;

  • оқушылардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі;

  • мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту ісіне ата-аналар мен олардың сайланбалы органының жәрдемдесуге жұмылдырылуы;

  • оқушыларды психологиялық кеңес берумен қамту;

  • денсаулықты нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты конкурстар, конференциялар, мерекелер, оның ішінде балалардың көркем шығармашылығы фестивалдерін өткізу;

  • мектепті және оқу кабинеттерін балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы, денсаулығын қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі көрнекі үгіт құралдарымен безендіру;

  • білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің жұқпалы емес және мектепте туындауы мүмкін аурулармен сырқаттануы бойынша қауіпті факторларды мониторингтеу;

  • мектепте медициналық пункттің (медициналық кабинеттің) болуы;


3 ТАРАУ

Жобаның стратегиясы мен негізгі бағыттарын әзірлеу

Ұзақ мерзімдік жоспар жасау

Жобаның негізгі бағыттары:

3.1. Әр мектепте денсаулықты нығайту жөніндегі практикалық бағдарламалар әзірлеп, енгізу.

3.2 . Мектептердегі медициналық-санитарлық ағарту ісі бойынша бағдарламалар әзірлеу.

3.3. Денсаулықты нығайту мәселелері бойынша оқытушылар құрамын даярлау бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.



3.4. Мектепте денсаулықты нығайту жөніндегі практикалық бағдарламалар әзірлеп, енгізу

Әр мектеп бірінші кезеңде, яғни сандық, сапалық талдау, талқылау, сауалнама жүргізу, кездесу және т.б. барысында анықталған басым бағыттарына орай өзінің бағдарламаларын әзірлейді.


Денсаулықты нығайту жөніндегі практикалық бағдарламалардың негізгі бағыттары:

Жобаға қатысушы мектептерге келесі бағыттар ұсынылуы мүмкін:

  1. Мектептегі денсаулық саясаты;

  2. Мектептегі орта;

  3. Әлеуметтік орта;

  4. Өзара қарым-қатынастар;

1. Мектептегі денсаулық саясаты

Мектептегі денсаулық саясаты – бұл денсаулықты нығайту саласындағы қорларды бөлу мен пайдалануға ықпал ететін, нақты өрнектелген және кеңінен таралған принциптер.



Компоненттері

Бақылау пункттері

Мектеп – дұрыс тамақтану саясатын әзірлейді


Мектеп өз оқушыларының денсаулығы мен сапалы тамақтануын бақылайды. Мұғалімнің, мектеп қызметкерінің дұрыс тамақтанудағы жеке үлгісі. Салауатты өмір салтын насихаттау.


Мектеп - темекі шегуден, ішімдік ішуден және психикаға белсенді әсер ететін заттар қолданудан азат кеңістік

Оқу орны аумағындағы жайларда темекі шегуді толық жою стратегиясын әзірлейді және оны дамытады: бұл ереже қызметкерлердің, оқушылар мен келушілердің бәріне де қатысты.

Мектеп ішімдік ішуді жою бойынша іс-әрекеттер жоспарын әзірлейді және оны дамытады. Психикаға белсенді әсер ететін заттар қолдануды жою бойынша іс-әрекеттер жоспарын әзірлейді.



Мектеп оқушылардың мектеп қорларына бірдей қолжетімділігі болу үшін теңдік принциптерін қолдайды


Мектеп ойын алаңдарын, жабдықтарды, оқытушылардың уақытын және басқа да қорларды пайдалану бойынша мектеп ішінде қалыптасқан тәртіпті қайта қарайды. Қажет болған жағдайда ұлдар мен қыздар арасындағы теңдікті қалпына келтіру шаралары қарастырылады.

Мектеп ҚР бекітілген стандартты емдеу тәсілін қолданады


Медицина қызметкерлері емдеу мәселелері бойынша кеңес беру арқылы барлық емдеу шараларын қатаң қадағалайды

Мектеп бастапқы медициналық көмек (БМК) көрсету саясатын әзірлейді

Мектеп қауымының барлық өкілдері үшін БМК жинақтары дайын болуы тиіс. БМК техникасы бойынша мұғалімдер мен оқушылардың тиісті мөлшері даярланады.

Мектеп ТЖ кезінде және оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда жедел шаралар қолдану саясатын әзірлейді

Мектеп жергілікті ТЖ қызметімен бірлесіп төтенше жағдайлар кезінде БМК көрсету бағдарламасын әзірлейді. ТЖ кезінде мұғалімдер мен оқушылардың БМК көрсетуі үшін қажеттінің барлығы әзірленеді.


2. Мектептегі физикалық орта

Денсаулықты нығайту мектептері өмір сүру, жұмыс істеу және оқу үшін денсаулықты нығайтуға әсер ететін ортаны құруға ықпал етеді. Бұл орта екі фактордан құралады:



  • Физикалық орта (ғимарат, демалыс аймағы, мектеп ішіндегі және сыртындағы, мектеп төңірегі аумағындағы жабдықтар , жарық беру, желдету, сумен жабдықтау жүйелері);

  • Ұйымдастыру құрылымы (басқару, қауіпсіздік шаралары)




Компоненттері

Бақылау пункттері

Мектеп бүкіл мектеп қауымы үшін қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Жаң ойын немесе спорт жабдықтарын таңдау кезінде мектеп қауіпсіздік принциптерін басшылыққа алады және қажет болған кезде, оларды сол жерде пайдалану бойынша барлық қажетті нұсқаулықтардың болуын тексереді. Мектеп барлық құрылғылардың, қондырғылар мен жабдықтардың қауіпсіздігі бойынша мерзімдік тексерулер жүргізеді. Жергілікті қауыммен бірлесіп мектеп мектепке жақын жолдардағы жылдамдықты шектеу арқылы көлік жарақаты қаупін азайту шараларын әзірлейді. Мектеп оқушыларды кездейсоқ келушілерден қорғау шараларын қарастырады.

Қажетті санитарлық жағдай мен сумен жабдықтау қауіпсіздігін қолдау саясаты

Таза су ішу және қол жуу үшін үнемі қолжетімді болуы тиіс. Санитарлық жабдықьарды жууға қажетті су жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Әйелдер мен ерлер дәретханасы қажетті мөлшерде болуы тиіс.

Мектеп қоршаған ортаны қорғау шаралары жөніндегі саясатты жүргізеді


Оқушылар жабдықтардың сақталуына жауапты болады.

Оқушылар мектептің таза болуына ат салысады.

Оқушылар мектепті безендіруге ат салысады, мысалы қабырғаға сурет салу, ағаштар мен бұталарды отырғызу. Бос пластик контейнерлерді пайдалану. Мектепте қоқыс тастайтын арнайы орындар болуы тиіс. Мектептің бүкіл аумағында желдету желісі болуы тиіс.


Мектеп оқушылары мен мектеп қызметкерлері үшін өте қолайлы жағдай жасауға талпынады

Жарық болуы тиіс. Шудан қорлалған болу керек. Жылу жүйелері бұзылмаған, әрі олар қажетті жерлердің бәрінде болуы тиіс.

3. Мектептегі әлеуметтік орта

Мектептегі әлеуметтік орта қызметкерлердің өздерінің арасындағы, оқушылардың арасындағы, қызметкерлер мен оқушылардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың сапысымен анықталады. Көбінесе бұл қарым-қатынастар мектеп пен ата-аналардың және бүкіл қауының өзара қатынастарына байланысты болады. Сонымен қатар бұл қарым-қатынастар денсаулық сақтау мен білім беру жүйесі әкімшілігі мен өкілдеріне де байланысты болады.




Компоненттері

Бақылау пункттері

Мектеп оқушылар мен қызметкерлердің психикалық денсаулығын және әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын орын болып табылады.

Мұғалімдер тәртіптік жазалау шараларын қолданбайды, оқушыларға сыйластықпен қарап, оларға қолдау көрсетеді.

Оқушылар оқу процесіне қатысуға деген ынтасына орай марапатталады.



Мектеп мейірбандылық, сенім мен достық атмосферасын жасайды

Мектеп оқушылардың бір-біріне зорлық-зомбылық көрсетуне ешқандай жол бермейді

Мектеп құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауы қиын оқушыларға ерекше қолдау көрсетеді


Мектеп әртүрлі оқушылардың әртүрлі қиындықтары бар екендігін және әртүрлі қолдауға мұқтаж екендігін түсінеді («Тең-теңімен» принципі бойынша дәрістік семинарлар, белгілі бір қиыншылықтары бар балалар үшін психологиялық тренингтер өткізу).

Мектеп әртүрлі ұлттар мен діни дәстүрлерге қатысты өз таңдауын жасай алатын ортаны құрады


Мектеп көрмелер, фестивалдер өткізуді қолдайды. Оқыту бағдарламасы студенттердің түрлі мәдени, діни және нәсілдік дәстүрлерді зерттеуіне мүмкіндік береді.

Мектеп ата-аналардың білімге сұраныстарын қанағаттандыруға және оқушының жағдайына осының тигізер әсеріне назар аударады

Мүмкін болатан жерлерде мектеп ата-аналар үшін білім беру қызметтерін құрады: әдебиеттер, дағдыларды үйрену және т.б.

4. Қоғамдық өзара қарым-қатынастар

Қоғамдық өзара қарым-қатынастар мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынастардан, мектеп пен жергілікті қауым арасындағы өзара қарым-қатынастардан құралады. ДНЫМ анықтамасы бойынша – бұл ата – аналардың өздерінің процесске қатыстылығын сезінетін орын.



Компоненттері

Бақылау пункттері

Отбасы мен қоғамды мектеп өміріне қатыстыру.

Ата-аналар тамақтандыру саясаты, қауіпті мінез-құлық факторларының алдын алу, психоэмоционалдық денсаулық, ұрпақ өрбіту денсаулығы мен құқығы, мектеп аумағын көгалдандыру, белсенді дене қимылы сияқты және т.б. денсаулықты нығайтуға ықпал ететін бағдарламаларды енгізу туралы шешім қабылдауға жұмылдырылады . Оқыту курстарына оқушылар ата-аналарымен бірлескен жұмыстар жүргізуі тиіс іс-шаралар енгізіледі. Балалардың, жасөспірімдердің денсаулығы жақсы болуына мүдделі жергілікті топтар мен денсаулық сақтау жүйесінің мекемелері мектептегі іс-шараларға бірлесе қатысады.

Мектеп жергілікті қауыммен байланыс жасайды


Оқушылар мен мұғалімдер жергілікті қоғамдық шараларға (мәдени және спорттық іс-шаралар, фестивалдер, акциялар, сайыстар, пікірталастар, көрмелер, КВН) жүйелі түрде қатысады.

Мектеп БАҚ, мектептегі «ашық есік күндері» және т.б. арқылы өткізілмек барлық іс-шаралар туралы жергілікті қауымды хабардар етеді.



3.2. Әр мектепте медициналық-санитарлық ағарту және денсаулықты нығайту мәселелері бойынша бағдарламалар әзірлеу

Бұған балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына жауапты және ДНЫМ серіктері болып табылатын жергілікті және аймақтық денсаулық сақтау жүйесінің мекемелері кіреді.




Компоненттері

Бақылау пункттері

Денсаулық сақтау жүйесі мекемелері үшін қолжетімді ету


Мектеп оқушылар арасында иммундау жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. Денсаулық жағдайына тиісті тексерулер жүргізіледі (есту, көру қабылетін тексеру және т.б.). Тиісті стоматологиялық шаралар жүргізіледі (жыл сайынғы тексеру және т.б.)
Қызметтің кеңес беру мен қолдау көрсету қызметі (әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бейімделмеген, медициналық тұрғыдан проблемалары бар ) оқушылар үшін қолжетімді болатын жағдай жасалады. Профилактикалық тексерулер жүргізу үшін жағдай жасалады.


Жергілікті денсаулық сақтау қызметтері денсаулықты нығайту мәселелері жөніндегі мектеп бағдарламаларын дамыту ісіне қатысады.

Медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің ынтамқтасуымен денсаулықты нығайту мәселелері туралы дәрістік курс ұйымдастырып, енгізу. Медицина қызметкерлері мұғалімдердің жұмыс жоспарын жасауына қатысады. Медицина мекемелері денсаулықты нығайту жұмыстары бойынша мектептерге қолдау көрсетеді.

Жергілікті медицина мекемелері мектептердің жергілікті деңгейде денсаулықты нығайту науқандарын ұйымдастырып, өткізуіне қолдау көрсетеді.




Медицина мекемелері оқытушыларды оқыту жұмысын жүргізуге ықпал етеді

Тиісті мамандар мұғалімдер үшін белгіленген тақырыптар бойынша курстар, семинар-тренингтер өткізеді.


3.3. Денсаулықты нығайту мәселелері бойынша оқытушылар құрамын даярлау бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру
Бағдарлама әр мектепте дербес түрде анықталатын сұраныстар мен қажеттілік анықталғаннан кейін әзірленетін болады.

  1. Әр мектеп оқытушылар құрамын даярлау бойынша өзінің бағдарламасын әзірлеуі тиіс, бұл:

  • жоспарлау;

  • жаңа оқу курсын енгізу арқылы жүзеге асырылады.




  1. Ұлттық үйлестірушілер мен аймақтық үйлестірушілер әр мектептің сұраныстары негізінде тиісті сала бойынша сараптамашыларды табады

.


Компоненттері

Бақылау пункттері

Денсаулық мәселелеріне қатысты оқыту курстарының бағыттары


Денсаулық мәселесі жөніндегі оқу курсы қызықты әрі оқушылардың біліміне сәйкес болуы тиіс.

Үйрету процесі оқушылардың «Тең-теңімен» принципіне сәйкес қатысуын пайымдайды. Оқыту кезінде жеке тәжірибеге сай әрі оқушылар өздері өмір сүретін қауыммен салыстыра алатын мәселелер бейнеленуі тиіс. Оқыту курсы білімді , өмірлік және бастапқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді.



Оқыту курсы оқушыларды денсаулық мәселелері және осы білімді тәжірибе жүзінде қалай қолдану туралы теориялық ұғымдармен қамтамасыз ету бағдарында құрылған



Оқушылар тамақтану, тазалық, аурудың, оның ішінде жұқпалы аурулардың алдын алу, белсенді дене қимылы, психикалық денсаулық, ұрпақ өрбіту денсаулығы, АҚТҚ/ЖҚТБ, маскүнемдік, темекі шегушілік, псикикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну, қоршаған ортаның тазалығы және т.б. мәселелер бойынша өздерінің жасына сай және мәдени деңгейі мен дәстүрлеріне сәйкес негізгі білімді алады. Оқушыларғамәселелерді шешуде өмірлік дағдыларды меңгеру, тұлғааралық өзара қарым-қатынастар жасау, күйзелістермен күрес тәсілдері бойынша, қиын жағдайларда дербес түрде зерделей білу бойынша көмек көрсетіледі.

Мұғалімдерді процестің негізгі қатысушылары рөліне даярлау.

Мұғалімдер үшін денсаулықты нығайту мәселелері бойынша бағдарламалар жүргізіледі (қысқа курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.). Мұғалімдер тиісті ақпараттардың бәрін алады.

Мектепте осыған мүдделі басқа да адамдар қажетті дағдыларды ал алады


Ата-аналар, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің өкілдері, жергілікті қауым мүшелері үшін педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламаларына қоса дәрістік семинарлар өткізіледі


3.4. Қаржыландыру мен қор жинақтау мәселелерін шешу және жоба бойынша ықтимал серіктестерді іздестіру

Қаржылық қолдау көрсете алатын және жобаны бұдан әрі дамытуға ықпал ететіңн жергілікті және халықаралық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, МЕҰ және басқа да жеке құрылымдармен байланыстар орнату қажет.



  • Демеушінің нені ұсына алатынын және одан нені күтетінін нақты анықтап алыңдар;

  • Егер демеушінің мақсаты жобаның мақсатына сай болмаса, онда бұл қайшылықтың жұмысыңызға қалай әсер ететін анықтау алу қажет;

  • Демеушінің де өз міндеттемелері бар екендігін, ол өзінің қорларымен санасуы тиіс екендігін, және оның әрекеттері шектеулі болуы мүмкін екендігін ескеру керек.


4 ТАРАУ

Мектептердегі денсаулықты нығайту мәселесіне қоғамды қатыстыру

Мектеп деңгейіндегі ДНЫМ жобасына адамдарды қатыстыру бойынша бірнеше ұсыныстар.



4.1. Мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлері

  1. Қолдау және кері байланыс;

  2. Бағдарламаны бүкіл штатпен бағалауды жүйелі түрде жүргізу қажет және жоба жөніндегі мектеп командасы мен ЕДНЫМ басшылығы арасында кері байланыс болуы тиіс;

  3. Қызметкерлердің бос уақытын бірге өткізуі. Жобаға қатысушылардың барлығының арасындағы өзара байланысты күшейту үшін жорықтар, велосипедпен серуендеу, спорт шараларын ұйымдастыру керек;

  4. Оқытушылар мен ата-аналар үшін дәрістер,семинар-тренингтер өткізу;

  5. Арнайы дағдыларға үйретіп, даярлау;

  6. Денсаулықты нығайту бойынша көңіл көтеретін, мысалы, күйзелуді азайтатын, қоғамға бейімдейтін, өзара қарым-қатынастар орнататын бағдарламаларды дамыту;

  7. Ақпараттық материалдар. Мектеп салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі өзінің ақпараттық буклетін, брошюраны, плакатты, аудио және бейне материалдарды шығара алады.

4.2. Оқушылар мен ата-аналарды қатыстыру.

  • мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланыс;

  • мектеп пен қауым арасындағы өзара байланыс;

  • бағдарламаны енгізу бойынша идея ұсыну және талқылау;

  • мектеп қызметкерлеріне көмек ретіндегі ата-аналардың іс-әрекетін жоспарлау, үйлестіру және ұйымдастыру;

  • бағдарламаны енгізуді жүзеге асыру үшін еріктілерді анықтау;

  • жобаға қатысуға ынталандыру жобаны дамыту процесінде өте ерте сатысынан бастап жүзеге асырылуы мүмкін.

Конференциялар.

Бұл оқушылардың басқалармен кездесуі, олардың идеяларымен танысуы, ақпарат бөлісуі және қолдау көрсетуі үшін тамаша әдіс болуы мүмкін. Бұл конференциялар мектеп ішінде де немесе басқа мектептермен бірлесіп те жергілікті, аймақтық және ұлттық деңгейлерде өткізілуі мүмкін.



Пікірталастар.

Барлық жастағы оқушылар топтары бар мектептерде солар үшін маңызды мәселелер бойынша пікірталастарды жиі өткізіп тұру керек. Оқушылар қабылдаған шешімдер, кейіннен жүзеге асырылуы да мүмкін.



Көгалды мектептер

Ағаштар отырғызу, шағын саябақтар орнату, жабайы өсетін гүлдерді егу, көкөністер жинау.



Ақпараттық материалдар

Бұл ең қолайлы коммуникация құралы. Оларды ақпарат жариялау үшін де, байланыс орнату үшін де пайдалануға болады.



"ашық есік" күндері мен саяхаттар

Бұл іс-шаралар енгізу барысында жобаға оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыруға ықпал етеді.



Ата-аналар кеңесшілер ретінде

Кеңесшілер ретінде шақырылуы мүмкін, белгілі бір дағдыларды меңгерген ата-аналардың Консультативтік кеңесін құру.



Ата-аналарға арналған курстар

Мектеп ата-аналарға арнап мына тақырыптар бойынша қысқаша дәрістік курсты ұйымдастыра алады: дұрыс таңдау, ата-аналар мен жасөспірімдер. Мұндай курстар алаңдататын мәселелер бойынша ақпарат алуға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады.



Кітапхана

Бұл ата-аналардың балаларымен бірге үйде оқи алатын кітаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ержеткен балалардың ата-аналарына темекі шегушілікке, ішкілік ішуге, психикалық белсенді әсер етуші заттар тұтынуға жол бермеу, тамақтану, психо-эмоционалдық саламаттылық пен жыныстық тәрбие мәселелері туралы кітаптар керек болуы мүмкін.



Мектепке дейінгі топтар және олардың аналары

Мұндай бірлесулер мектеп қызметкерлері мен ата-аналар арасында өзара байланысты олардың балалары оқи бастаған кезден бастап ертерек орнатуға ықпал етеді.



Каталог: userdata -> user-12 -> files
userdata -> 3 тамыз 1936 – Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл
userdata -> Еѕсесі биік елорда
userdata -> Компьютердіњ Ќ¦рылѓылары
userdata -> Сейтбекова айнұр аташбекқызы әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі
userdata -> Абылай хан заманы қазақ батырларының дәуірі
userdata -> Алғашқы шығарылған қазақ газеттерінің тарихы
userdata -> Абдирасилова зауре садуакасовна қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы
userdata -> Тараз ќаласындаєы археологиялыќ ќазба жўмысы
files -> Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет