Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 44,6 млрд теңгені қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты істен соң 44,6 миллиар теңгенің қайтарылғаны айтылды. Қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Сондай-ақ бір жыл бұрын бизнесті қорғау жұмысы аясында "Бизнеске жол" жобасы іске қосылды. Ол жергілікті жерлерде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға арналған. Жоба іске қосылған сәттен бастап 600-ден астам проблемалық кейс шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілді.

"Бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен байланысты екенін бәріміз білеміз”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали.

Еске салсақ, мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі өзгертіліп, кәсіпкер шартты түрде бостандыққа шыққан еді. Шартты түрде бостандыққа шыққан кәсіпкер шетелге шықпақ.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.