Мысалы, отырудың б



бет1/2
Дата19.02.2022
өлшемі58.23 Kb.
#170941
  1   2
Байланысты:
Биология 8 дидактикалық материал Адам қозғалысының биомеханикасы
Биология 8 Hұсқаулық Адам қозғалысының биомеханикасы

Дидактикалық материалдар

1- қосымша

Биомеханика ағзаның қозғалыс кезіндегі жағдайын зерттейді. Ол сүйектер мен бұлшық еттердің қозғалыс кезіндегі өзгерістерін қамтиды.



Мысалы, отырудың биомеханикасы табан, сан, жіліншік, тізе, иық, арқа және иық белдеуінің өзгерістерін қамтиды.  

Биомеханика – адам ағзасының қозғалыстарын түсіндіретін ғылым саласы.

Ағзаның биомеханикасын дұрыс ұйымдастыра білу арқылы ағза потенциалын максималды түрде зақымданусыз тиімді пайдалану мүмкін болады. Әсіресе спорт жаттықтырушысы мамандары үшін бұл аса маңызды. Жарақаттан соң зақым алған мүшені жасау, қол көз, аяқты алмастыруда басты рөл атқаратын сала осы биомеханика. Бұл саладағы білім адам өмірінде де кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы, инелікке қарап тікұшақ жасалған. Көптеген тұрмыстық заттардың қолдануға қолайлы болуы осы биомеханиканың заңдылықтарына негізделумен қамтамасыз етіледі.

Дененің ауырлық орталығы – дененің ауырлық орталығынан көлденең бағытта төмендеуі.

Көлденең жағдайдағы дененің тірек нүктесі жамбас және омыртқа жотасы болады.

Адамның қозғалысты басқаруы, адам миының күрделілігімен салыстырмалы, табиғаттың берген керемет сыйы. Миды зерттеу оның элементтерінен (нейрон) басталады, сол сияқты биомеханикада алдымен қозғалыс аппаратын, қозғаушы элементтерден бастап зерттейді.

Қадамдық цикл екі фазадан тұрады: тірек фазасы және ұшу/жоғары көтерілу фазасы. Ұшу /жоғары көтерілу фазасы табан жерге тимеген жағдайда жүзеге асады.

Тірек фазасы – табанның жерге тию кезеңі. Тірек фазасында 65 пайыз қадамдық цикл жүзеге асады.
Жүру — кезінде бір аяқ екінші аяқтың ауада көтеріліп тұрған кезінде тіреніш болады. Екі аяқ бір-бірін кезекпен алмастырып отыру арқылы денені алға қарай жылжытады. Екі аяқтың кезекпен қозғалу реті болады.

Биомеханика



  1. Жаттығулар жасау кезінде әр түрлі қимылдарды дұрыс орындау және жаттықтырушылар үшін

  2. Спорттық құрылғыларды жасауда, мысалы, спорттық аяқ киімдер мен жаттығу құралдары

  3. Жаттығу тиімділігін арттыру мақсатында спорттық технологияларды зерттеуде, мысалы қолдың қандай қозғалысы максимальды жылдамдықпен жүзуге көмектеседі

  4. Әртүрлі зақымдар соның ішінде спорттық зақымдарды емдеуде

  5. Зақым алудың алдын алу үшін қажетті іс-әрекеттер түрлерін таңдауда маңызды рөл атқарады.

Адамның тік жүруге байланысты ерекшеліктері:

  1. Төрт аяқты жануарларға қарағанда омыртқа жотасы адамның басын тік ұстап, қозғалысқа қолайлы етеді. Жүрген кезде басты тік ұстау мүмкіндігі бар.

  2. Адамның кеуде қуысы едәуір жалпақ болғандықтан, дененің үлкен бөлігінің

ауырлық орталығынан жоғары бөлікте орналасып, тепе-теңдікті сақтауына жағдай жасайды. Сондықтан адам алға қарай құлап қалмайды.

  1. Адамның омыртқа жотасы жануарлардікіне қарағанда серпімді S-тәрізді пішінді. Бұл дененің үлкен бөлігін ауырлық орталығынан жоғары ұстауға, тепе-теңдікті сақтауға қолайлы, әрі жүрген кездегі механикалық әсерлерді азайтады.

  2. Адамның жамбас бөлігі кең болғандықтан, жүрген кезде екі аяққа түсетін жүктемеге төтеп беріп, дененің үлкен бөлігін тік ұстауға қолайлы. Дененің тұрақтылығын сақтайды.

  3. Адамның аяқтары екі қолынан ұзындау. Адамның саны ұзын болғандықтан жануарларға қарағанда үлкен адым жасауға қолайлы. Сан сүйегі түзу болғандықтан дене салмағының сүйек бойына тең түсуін қамтамасыз етеді.

  4. Жамбастан ортан жілік арасындағы бұрыш үлкен. Жануарларда бұл бұрыш болмайды. Бұл тік жүрген кездеекі екі аяқтың жақындап, ауырлық орталығына тіренуіне жағдай туғызады.

  5. Адамның аяқтары тік жүруге қолайлы. Олар затты ұстауға қармалауға бейімділігін жоғалтқан. Жүрген кездегі салмақты табаннан буындарға түсуіне көмектеседі. Аяқ башпайлары дененің алға қарай қозғалуына қолайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет