Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерді бопсалап, ақшасын иемденіп алғысы келген екі күдікті азамат ұстлды. Олар кәсіпкерден жалпы соммасы жеті миллион теңге бопсалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz

Арнайы операцияны Атырау облысы полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 миллион теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 миллион теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды.

Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 миллион теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.