Мүлікке тыйым салудың процессуалдық ТӘртібі ернишев Қ. А



жүктеу 90.55 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі90.55 Kb.

ӘОЖ 343.1
МҮЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ
Ернишев Қ.А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Мүлікке тыйым салу әрекеті іс жүргізушілік үш құжат түрімен реттеледі:

1) мүлікке тыйым салу қаулысы;

2) мүлікке тыйым салу хаттамасы;

3) мүлікті сақтау қолхаты.

Мүлікті тыйым салу үшін тергеуші қаулы шығарып, оны иесіне немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшесінің біріне жариялайды. ҚІЖ заңы бойынша мүлікке тыйымды айыпталушы, сезікті, мүлікті жасырып отырған туысқандары тарапына салуға болады. Егер де құқық бұзушылықты кәме-летке толмаған не болмаса ақыл есі кем адам жасаса, мүліктей шығын олардың ата-аналарына немесе қамқоршыларының есебінен толтырылады.

Ортақ мүлікке тыйым салу (мекеме, ұйымдардағы үлестер т. б.) тәжірибеде бірталай қиындықтар туғызып отыр. Бұл мәселенің басын ашу керегі анық. Себебі, тергеу қызметкерлерінің сауалнамаларында, айыпталушының мүлкіне тыйым салу шарасын жүзеге асыру барысында, басқа бір үшінші жақ келіп, мүліктің иесі екендігін айғақтайтын ортақ құжатын көрсетсе, тергеушілер мен анықтаушылар істің анық-қанығына жетпей, мүлікке тыйым салудан бас тартатыны әйгіленіп отыр. ҚР ҚІЖК 161-бабына жүгінсек, анықтаушы, тергеуші немесе сот сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкіне тыйым салуға құқылы делінген.

Заңды аңдай қарасақ, тергеу қызметкерлеріне мүліктің кінәлі адамға жататындығы туралы дәлелдеу міндеттілігі жүктелмеген. Мүлікке тыйым салу кезінде, мүлік айыпталушының (сезіктінің) үйінен табылса, тергеу қызметкерлері мүліктің қатыстылығын, анық-қанығына жетпей тыйым сала бе-реді. Тыйым салынған мүліктің қатыстылығын дәлелдеу міндеттілігін даулайтын жақтарға жүктеліп, азаматтық құқыққа сәйкес, сотта шешіледі, Сол себепті, мүлікке тыйым салуда ортақ мүліктен айыпталушының еншісін анықтау, тергеу қызметкерлерінің құзырына жатпайды, ол соттың міндеттілігіне кіреді.

Кейбір шет елдердің тәжірибесінде, дәлелдеу жағынан қиындық туғыза-тын қылмыстар (ұйымдасқан топ жасаған қылмыстар) бойынша мүліктің қатыстылығын анықтауда, дәлелдеу жағы айыпталушыларға (сезіктілерге) жүктелген. Егер де айыпталушы (сезікті) мүліктің өзіне қатыстылығын дәлелдей алмаса, мүлік мемлекет меншігіне беріліп, оның ақшалай құны жәбірленуші жақтарға зиянның орнын толтыру үшін төленеді [1].

Айыпталушының (сезіктінің) мүліктерін тізімдеу тәртібі, қайсысы тыйым салу керек деген мәселелерді тергеу қызметкерлері өздері жеке дара шешеді. Бірінші қажеттілік болып табылатын мүлікке салынбайтын заттар тізбесі ҚР ҚІЖК 161-бабында айқындалған.

Мүлікке тыйым салу үшін айып тағу мен айыпталушының кінәлі екендігін анықтау міндетті емес, ол тек қана материалдық зиянның келгені және қылмыс жасалды деген нақты негіз болумен шектеледі. Себебі, бұл шара кейін қалдыруға болмайтын әрекет (мүлікті талан-таражға салмау), екінші жағынан қылмыскердің кінәлігін дәлелдейтін және қылмыспен келтірілген зиянның мөлшерін анықтайтын құрал болып табылады (мысалы зат алу, тінту т. б.). Мүлікке тыйым салу тікелей мүлікті пайдалануға тыйым салудан және мүліктің тізбесін жасаудан тұрады (ҚР ҚІЖК 161-6.). Мүліктің тізбесін жасау жеке дара немесе тінту әрекетімен бірге жүргізіле береді. Мүліктің тізбесін жасауда айыпталушы (сезікті) болмаса, кәмелетке толған отбасы мүшесінің немесе жергілікті тұрғын үй пайдалану ұйымы өкілінің қатысуымен іске асырылады. Мүліктің тізбесін жасай отыра, тергеу қызметкерлері оның құнын да анықтай алады. Мүліктің құнын тергеу қызметкер-лері мөлшерлеп анықтайды. Ал, егерде мүлікті өзінің бағасынан қымбатқа бағаласа, материалдық зиянның орнын толтыру кепілдігі бұзылады, керісінше болса, айьшталушы жақтың мүддесі кемшін қалады. Сондықтан тергеу қызметкерлері мүліктің құнының нақты бағасын айқындай алмаса, ҚР ҚІЖК 161-бабына сәйкес, маманды қатыстыра алады.

Мүліктің тізбесін жазғанда, заттардың ауыстырылып кетпеуі мақсатында олардың ерекше белгілерін міндетті түрде көрсеткені жөн.

Толтырылған хаттамаға айыпталушы немесе оның өкілдері, айғақтар, анықтаушы тергеуші қолдарын қояды. Хаттаманың көшірмесін айыпталушы (сезікті) немесе оның отбасы мүшелерінің біреуіне тапсырылады. Тыйым салған адамның қалауы бойынша мүліктің сақталуы үшін жауаптылығы ескертілуі тиіс, жергілікті әкімшіліктің, тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілінен қол хат алынады.

Мүлікке тыйым салу мәселесін қарастыра отырып, зерттеу кезінде кемшін қалып келе жатқан мәселелерге тоқталайық. Қылмыстық істердің мате-риалдарын саралай келе, біз қылмыстық іс қозғалғаннан кейін дер кезінде (10-күннің ішінде) 4% мүлікке тыйым салынғанын анықтадық, қалғандары тергеу барысында немесе тергеу аяқталғаннан кейін жүзеге асқан. Сонымен қатар тергеу қызметкерлері мүліктердің тізбелерін толтыруда заттардың ерекше белгілерін анықтамай, заңның бұзылуына жол береді. Тергеу қыз-меткерлеріне қойған сауалнамаларымызда, бірде-бір тергеуші не анықтаушы мүліктің құнын бағалауда маманды қатыстырмағаны байқалады.

Қылмыстық істердің материалдарын сараптай келе, қылмысты ашуға және зиянның орнын толтыруға кедергі жасайтын мынадай жағдайларды анықтадық: тергеу қызметкерлері айыпталушының (сезіктінің) үйіндегі бар заттарға тыйым салып, әрі қарай қылмыстық жолмен келген мүліктерді іздеу, табу сияқты әрекеттерді жалғастырмайды. Осыдан барып, қылмыспен келген зиянның орны толық толтырылмай, тәркіленетін мүліктер талан-таражға салынып жатады. Сондықтан тергеу органдары істің мән-жайын толық, жан-жақты тергесе, мүліктерге тыйым салса, қылмыскерлер мүліктерін жасырып, талан-таражға салмас еді, сонымен қатар айыпталушының (сезіктінің) басқа да жасаған қылмыстық эпизодтары да анықталар еді.

Прокурор материалдық зардап келтірмеген айыпталушыдан мемлекет кірісіне оның заңсыз алған мүлкін өндіріп алу жөнінде азаматтық талап ұсынуы мүмкін. Мәселен, бүл ҚР ҚК 190, 206, 213, ЗП-б.б. көрсетілген қылмыстар бойынша істерде туындайды. Мұндай жағдайларда талап қою тергеу органдарына айыпталушының мүлкін табу және оған тыйым салу жөніндегі тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізуді міндеттейді [2].

Осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын заңгерлік әдебиеттерде қылмыстык іс жүргізу заңнамасына тергеу органдарына мынадай міндеттер жүктелген болатын: «қылмыстың салдарынан залал келтірілмесе де айыпталушының, сезіктінің мүліктеріне тыйым салу, сонымен қатар жәбірле-нушінің емделуіне кеткен мемлекеттік қаржыларды өндіріп алу» [3].

ҚР ӘҚБК 632-1 бабының мазмұнын талдасақ келесі қағидалы жағдайларын бөліп қарауға мүмкіндік береді, олар әкімшілік өндірісте тауарларды қамауға алу түріндегі қамтамасыз ету шарасының мәні мен тағайындалуын анықтайды:


  1. Мүлікке тыйым салу тек қана әкімшілік құкық бұзушылықтың заттары немесе құралдарына ғана қолданылады. Қылмыстық іс жүргізу заңында бұндай шектеулер қойылмады. Бірақ қылымыстық істі тергеуде мүлікті тәркілеу мақсатында қылмыстық іс әрекеттер нәтижесінде алынған немесе қылмыстық жолмен табылған мүлікке тыйым салынуы мүмкін (ҚІЖК 161-б. 1-бөл.). Сондықтан қылмыстық істер өндірісінде қылмыстың каруы немесе қылмыстың заты болған мүліктер соттың үкімі бойынша тәркіленуге жатады (ҚІЖК 121-6. 3-бөл.). Осылайша қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша тыйым салынуы мүмкін заттар ауқымын заң әрқилы анықтайды. Бірінші жағдайда ол едәуір ауқымырақ, өйткені қылмыстық процесте мүлікке тыйым салудың өзге бағыт-бағдары бар: ол үкімді орындау мақсатында азаматтық талап бөлімінде, өзге де мүліктік шығындарды қамтамасыз етуде және қылмыстык әрекеттің салдарынан алынған мүліктің тәркіленуін қамтамасыз етеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша бір жағынан - заттай дәлелдемелерді жинауды қамтамасыз ететін шара, ал екінші жағынан - әкімшілік құқық бұзу құралдарын құқық бұзушылыққа қарсы мақсаттарға қолданылуына кедергі жасайтын шара болып табылады.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылықта тауарларға тыйым салу өз мазмұны бойынша тауарларды тізімдеу, оны қолданып отырған тұлғаға жариялау немесе тыйым салынған тауарларды әкімшілік құқық бұзған тұлғаға (заңды өкілі) қолдануға болмайтындығын ескертуден тұрады. Тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүліктер басқа да адамдардың жауапкершілікпен сақтауына берілуі мүмкін.

Әкімшілік тыйым салу мен қылмыстық іс өндірісі ауқымында қолданы-латын мүлікке тыйым салудың қағидаттық айырмашылығы ол, әкімшілік құқық бұзушылықта тыйым салынған мүлік алынбайды. Осы талап ҚР ӘҚБК 632-1-бабында тікелей көрестілген: «тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті алып қою мүмкін болмаған және олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Тау-арларға тыйым салу көбіне әкімшілік құқық бұзу шеңберінде кеден ісінде (кедендік ережелер бұзылғанда), қаржылар, салықтар мен жиналымдар, құнды қағаздар нарығында және сондай-ақ кәсіпкерлік іс-әрекет шеңберінде, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында көбірек қолданылады [4].

Ал қылмыстық іс жүргізу заңында, керісінше тыйым салынған мүлік алынып, өзге тұлғаларға мүліктің сақталуына жауапты екені ескертіліп, сақталуға берілуін кездестіреді (ҚІЖК 161-6. 2-бөл.).



  1. Қылмыстық іс жүргізуде мүлікке тыйым салуды тергеуші мен анықтаушы жүргізсе, әкімшілік құқық бұзушылық өндірісінде олардың саны әлде қайда көбірек, яғни отыз сегіз органның (мекеменің) лауазымды адамдарының құзыреті бар (ҚР ӘҚБК 620, 636-6. 1-бөл.) және әкімшілік құқық бұзушылықта мүлікке тыйым салғанда екі куәгердің қатысуы міндетті болып табылады (ҚР ӘҚБК 632-1-6. 2-бөл.).

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық іс жүргізуде тауарларға тыйым салу тәртібінде ұқсастықтар да және қағидаттық айырмашылықтар да бар. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша дәлелдемелік маңызы бар тауарларға тыйым салу жөніндегі шешім қандай болмасын арнайы құжаттық ресімдеуді қажет етпейді. Тауарларды, көліктік құралдарды және өзге заттарға тыйым салу жөнінде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелігінде тыйым салынған тауарлар, көлік құралдары және өзге де мүлкі бар адам туралы мәліметтер, олардың тізімдемесі және ұқсас белгілері көрсетіледі, сондай-ақ фотоға және киноға түсіру, бейне жазба қолданылғаны жайлы жазба жасалады (ҚР ӘҚБК 632-1-бап. 2-бөл.).

ҚР ҚІЖК 161 бабының тәртібіне сай прокурордың санкциясымен тергеуші, анықтаушы немесе сот сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкіне тыйым салуға құқылы. Мүлікке тыйым салып отырған лауазымды адамның қаулысы бойынша прокурор немесе сот мүлікке тыйым салу жөніндегі қаулыға санкция береді, ал бұл мүлікке тыйым салуға толық негіз болады және нақты мүлікке тыйым салу барысында ғана хаттама толтырылады.

ҚР ӘҚБК (632-1-6.) қарағанда ҚР ҚІЖК (161-6. 9-бөл.) мүлікке тыйым салуда оған маманның қатысқанын кездестіреді. Сонымен қатар, мүлікке тыйым салу шарасының қажеттілігі жойылған кезде істі жүргізуші адамның немесе органның қаулысымен тоқтатылады (161-6. 14-бөл.).

Сонымен, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар өңдірісі кезінде мүліктер мен тауарлар, көліктік құралдар және өзге заттарға тыйым салу түріндегі мәжбүрлеу шараларын салыстыру, олардың арасында белгілі бір ұқсастық және сондай-ақ айтарлықтай өзгешеліктер бар екендігіне біздің салыстырмамыз дәлел болуға хақ. Екі жағдайда да түпкі қорытындысы заттар, тауарларды қолдануға, пайдалануға тыйым салудан тұрады.

ҚІЖК-нің 161-6. «мүлік» термині топтық түсінік ретінде қолданылды. «Мүлік» түсінігі азаматтық құқықта өзіне заттармен қатар процессуалдық іс-әрекеттің 161-6. кездестірілген мүліктік құқықтар мен міндеттерді де енгізеді.

Азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымалы (заттар, ақшалар және құнды қағаздар) және жылжымайтын (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар) мүліктерді айыра білу керек. Сонымен бірге, жылжымайтын мүлік нысандарына кәсіпорындар да мүліктік кешендер ретінде жатады.

Тәжірибеде айыпталушы, сезіктінің мүліктерінің қайсына ең бірінші ке-зекте тыйым салу керек деген сауал тұрады. ҚР ҚІЖК 161-6. 10-бөл. сәйкес меншік иесі немесе мүлікті иеленуші бірінші кезекте қандай затқа тыйым салу қажеттігін ұсынуға құқылы. Біздің ойымызша айыпталушы, сезіктінің мүліктеріне тыйым салу кезегін былай анықтау керек:

1) бірінші кезекте-құнды қағаздарға, депозиттік немесе басқа шоттарда жатқан ақшалар, валюталық құндылықтар, автокөлік, алтын бұйымдары, т. б.;

2) екінші кезекте -жылжымайтын мүліктер.

1990 жылдардан бастап Қазақстанда азаматтардың жеке меншіктерінің саны өсіп кетті, қазір азаматтардың зауыт, жер, құнды қағазадар, т. б. сатып алуға жағыдай жасалынды. Осының барлығы анықтаушы, тергеушілердің мүліктерді іздеудің кең шараларды жүргізуге талап етеді.

Мүлікке тыйым салу объектілерін көрсетіп кетсек:

1) тұрғын үй (жеке үй-жайлар, пәтерлер-тыйым салынғанда үй-жайларды тіркеу мекесі мен нотариустарға хабарланады);

2) сақтандыру соммалары (қаулы сақтандыру қоғамына жіберіледі);

3) жұмыс орнынан алынбаған айлығы, көтерім ақшалары және басқа да төлемдер (қаулы жұмыс орнына жіберіледі);

4) гараж немесе саябақ (үй-жайды тіркеу мекемелері, саябақ кооперативтері, нотариустарға хабарланады);

5) көлік құралдары (МАИ органына, нотариустарға хабарланады);

6) банктегі салымдар (ақша табылған мекемелерге қаулы жіберіледі);


Әдебиет


  1. ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің 2005-2006 жылдардағы ақпараттары.

  2. Уголовное право. Общая часть: учебник / Отв. ред. Н.И. Ветров, Ю.И. Ляпунов. – М., 1997. – 487 б.

  3. Гражданское право:учебник / Под ред. А. П. Сергеева.-М., 1997. Ч. 2. - 742 б.

  4. Сухарев А. Я. Долг науки жертвам преступлений // Правовые и социальные проблемы защиты жертв преступлений. - М., 1997. – Б. 3-8.

  5. Рахунов Р.Д. Участники уголовно-процессуальной деятельности. – М., 1961. – 244 б.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет