Мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған басқарушы компанияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып, келешекте автокөліктерге май құю станциялары жүйелерін қарқынды дамыту екені көрініп тұр



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/6
Дата12.04.2019
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6

КІРІСПЕ

Мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған басқарушы компанияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып, келешекте автокөліктерге май құю станциялары жүйелерін қарқынды дамыту екені көрініп тұр.

Еліміздегі автокөлік паркінің едәуір өсуі және мемлекетіміздің мұнай өнімдері рыногінде монополиядан бас тартуы, жаңадан салынып жатқан автокөліктерге май құю станциялары мен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан автокөліктерге жанармай құю станцияларын қайтадан жабдықтау іскерлік белсенділіктің ең тез өркендеп келе жатқан бағыты болып табылады. Біздің көптеген автокөліктерге жанармай құю станцияларымыз әлемдік стандарттарға сай бола бастады. Бүгінгі күнгі автокөліктерге жанармай құю станциялары жүйелерінің көлік өткізу қабілеті 90 жылдардың басындағы деңгейге қарағанда бірнеше есе көп. Өнімділігі жоғары жанармай жеткізу колонкаларының саны мен автокөліктерге жанармай құю жылдамдығы да өсті. Одан басқа жаңа автокөліктерге жанармай құю станциялары мен автокөліктерге қызмет көрсету кешендерінде көптеген қызмет түрлерін алуға болады (май ауыстыру, майда жөндеу жұмыстары, автокөлік жуу, дүкен, кафе және тағы басқа).

Автокөліктерге жанармай құю станциясы дегеніміз – транспорт құралдары үшін мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және беру үшін арналған қондырғылары бар, май ауыстыру, консистентті майлау, көліктердің запас бөлшектері мен оларға қажет заттарды сатуға және жеке транспорт иелеріне әртүрлі қызмет көрсетуге арналған ғимараттар кешені.

Автокөліктерге жанармай құю станциясының спецификалық ерекшелігі болып, технологиялық қондырғылардың ашық площадкаларда орналасуы табылады. Өндірістік тәжірибе, қондырғылардың ашық площадкаларда орналасуы мұнай өнімдерінен шығатын жанғыш және токсиктік булар табиғи ауа ағынымен сейіліп кететінін көрсетеді. Сол кезде осы заттардың концентрациясы қауіпсіз деңгейге дейін жетеді.

Осы жобада қарастырлып отырған «Томирис» автокөліктерге қызмет көрсету кешенінде автокөліктерге жанармай құю станциясы, автокөліктерге жеңіл жөндеу жүргізетін цех, көлік жуу цехы, дүкен және кафе бар. Біз осы кешенді электрмен жабдықтауды қарастырамыз. Бұл жобада ғимаратты жарықтандыру есебі, кабельдер мен сымдарды таңдау есебі, қысқа тұйықталу есебі, экономикалық есептеулер, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылып өтті.



1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС
Автокөліктерге қызмет көрсету кешені тиімді жұмыс істеуі үшін жанармайды қабылдау, сақтау және жіберудің ең соңғы технологиялық жүйесі қажет. Ол жүйе экологиялық қызмет талаптарымен НПБТ-98 өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыру керек. 1-схемада автокөліктерге қызмет көрсету кешенінде жанармайды қабылдау және сақтауды бақылаудың автоматтанған басқару жүйесі келтірілген. Бұл схеманы жеңілдету үшін бір резервуармен бір жанармай жеткізу колонкасы көрсетілген. Ал расында, резервуар саны мен жанармай жеткізу колонкалары саны әрбір автокөліктерге қызмет көрсету кешенінің өзіне байланысты болады.

Автоцистернамен жеткізілген жанармай иілгіш шланг арқылы өрт бөгеуіші бар. Жанармайдың кіріс фильтріне жеткізіледі. Кіріс фильтрі жанармайды қақ пен лас заттардан тазалайды. Бұл жанармайды өрескел тазартудың бірінші сатысы. Өрт бөгеуіші резервуарға ұшқын мен жалынның өтпеуін қамтамасыз етеді: Шланг фильтрге оңай ағытылатын муфта арқылы қосылады, ал ол муфта қажет болған жағдайда тез ажыратылуды қамтамасыз етеді.

Көптеген апатты оқиғалар жанармайды автоцистернадан резервуарға құю кезінде болуы мүмкіндігінен, құюды тез арада автоматты түрде тоқтату үшін электромагнитті клапанды қолданады. Электромагнитті клапан автокөліктерге қызмет көрсету кешені операторынан тәуелсіз түрде толтырғыш трубопроводты жауып тастайды да, апаттты жағдайдың бой алуына жол бермейді.

Толтырғыш трубопроводтың екінші басы резервуарда сорғыш, қайтымды клапаннан 100-120 мм. төмен орналастырылады, яғни бірыңғай тапжылмай тұрады да, толтырғыш трубопроводта гидравликалық қақпақ болып тұрады.

Сорғыш трубопровод диаметрі 1 ½ газ трубаларынан жасалады.

Резервуарда тұрған басына сорғыш клапан құрастырылып тұрады. Клапанның төменгі бөлігі мен резервуардың түбінің ара қашықтығы 120-200 мм. болу керек. Бұл резервуардан таза мұнай өнімін алуға мүмкіндік береді. Сорғыш клапан сорап жұмысын тоқтатқаннан кейін резервуарға жанармайдың өтуін болдырмайды.

Резервуарға жанармайды құйған кезде жанармайдың булары резервуар ішіндегі ауаны қарқынды түрде атмосфераға шығара бастайды. Сондықтан, оны болдырмау үшін бұл жерде жанармайдың буын рециркулизациялау жүйесін қолданады, яғни ол жүйе резервуардағы буды трубопровод, оңай шешілетін муфта және арнайы иілгіш шланг арқылы автоцистернаның герметикалық мойнына қайтарып отырады. Жанармайдың буының қозғалысына бір жағынан автоцистернаның ішіндегі жанармайдың ағылуы кезінде сұйылуымен, екінші жағынан резервуар толтырылып жатқан кездегі қысым – себепші болады.

Жанармай резервуардан жанармай жеткізу колонкасы баратын кезде ол резервуар қабырғаларының майда бөлшектері мен даттанудан жіңішке тазарту фильтрі арқылы өтеді. Бұл жанармайды тазартудың екінші сатысы. Жанармайды тазартудың соңғы сатысы болып, жанармай жеткізу колонкасы ішіндегі фильтрлер жабылады.

Тұтынушының жанармай багын толтыру кезінде жанармайдың буы атмосфераға шығарылмайды. Осыны болдырмау үшін рецеркуляциялаудың екінші жүйесін қолданады. Ол болса жанармай буын тұтынушының жанармай багінен арнайы үлестіргіш шланг, жанармай жеткізу колонкасы және арнайы трубопровод арқылы резервуарға қайтіп келуін қамтамасыз етеді. Жанармай буының қозғалысына бір жағынан резервуардағы жанармайдың бөлініп тұруынан сиреуі, екінші жағынан жанармай жеткізу колонкасы орналасқан қосымша бу сорабының жұмысы себепші болады.


1.1 Технологиялық процесстерді басқару жүйелері
Автокөліктерге қызмет көрсету кешендеріндегі жанармай тарату колонкаларын басқару негізінен колонкалармен бірге келетін дистанционды басқару пульттері арқылы іске асады. Бұл пульттер оператордың орталық орнында отырып колонкалар жұмысын реттеуге мүмкіндік береді: жанармай мөлшерін беру, жанармай тарату колонкаларын жұмысқа қосу, автокөліктердің жанармай алу жолын бақылау, мөлшерлі жанармай берілген соң колонканы автоматты түрде тоқтату, мөлшерлі жанармайды берудің соңында колонкадағы жанармай шығысын төмендету, қажет болған жағдайда колонкаларды апатты тоқтату сияқтылар.

Қазіргі таңда автокөліктерге қызмет көрсету кешендеріндегі технологиялық процесстерді басқару үшін компьютерлі-кассалы жүйелер кеңінен қолданылып жүр. Жанармай жеткізу колонкаларын басқаратын соңғы компьютерлі-кассалы жүйелер автокөліктерге қызмет көрсету кешеніндегі жанармайды есептеу, қабылдау, өткізу, сақтау процесстерін автоматтандыруға көзделген. Олар автокөліктерге қызмет көрсету кешеніндегі мұнай өнімдері, тауарлары мен қызметтеріне қолма-қол немесе қолма-қолсыз есептеу жүргізуге мүмкіндік береді. Автокөліктерге қызмет көрсету кешеніндегі барлық жанармай жеткізу колонкаларының мұнай өткізудің автоматты режимін, ағымдағы жағдайын оператордың дисплейінде көрсетуін қамтамасыз етеді.



Автокөліктерге қызмет көрсету кешенінің жанармайды қабылдау, бақылау, сақтау және басқару жүйесі




А1дистанционды басқару пульті

ЕК1, ЕК2 – ТЭН-100В13/1Z220, электр жылытқышы

Ғ1 – ПВД-1-1УЗ типті балқыма қоспасы бар ПРС-6УЗ-П сақтандырғышы

Ғ1 – ПВД-П-10УЗ типті балқыма қоспасы бар ПРС-25УЗ-П сақтандырғышы

Н1, Н2 – КМ-24-90 лампылары

К1 – ПМЕ-112 магнитті жібергіші

К2 - ПМЕ-111 магнитті жібергіші

М1 – 4А8ОВ4УЗ моторы

Q1 – АП5ОБ-3МТУЗ.2.16Х3,5 ажыратқышы

R1,R2 – ПЭВ-25-2,4 кОм резисторлары

SB1 – ПКЕ 222-1УХЛ21З+1Р түймелі басқару постысы

SQ1 – КЭМ-1А магнитті басқарылатын контакт

SК1 – ТУДЭ-2М1-УЗ-4,5-Р термореттеуіш құрылғысы

2. ЖАРЫҚ БЕРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ

2.1 Жарық көзін таңдау

Автокөліктерге қызмет көрсету кешенінің жарықтандыру құрылғысының жарық көзі ретінде қыздыру лампылары мен люминисцентті лампыларды алыға болады. Егер жарық беру нормасының мәні 30 лк дан төмен болса, онда қыздыру лампыларына қарағанда біраз жетістігі бар люминисцентті лампыларды алуға болмайды. Біздің қарастырып отырған кешенімізде жарық беру нормасының 30 лк төмен болатын кейбір бөлмелер болғандықтан, біз ол жерлерде жарық көзі ретінде қыздыру лампыларын пайдаланамыз.


2.2 Жарық берудің түрі мен жүйесін таңдау

Барлық бөлмелерді жарық беру үшін ортақ бірқалыпты жарық беруді, жұмыс жасау және кезекші жарықтандыруды аламыз.

СНиП РК 4.04-23-2004 бойынша апатты жарық беру мына бөлмелерде қарастырылады: электр щит, холл, сауда павильоны, бар, кафе, автокөлік жуу, шина монтаждау цехы.

Жарық беру нормасының мәні көзбен көру жұмысының сипаттамасына, қарау объектісінің размеріне, фонына және контрастына, жарықтану жүйесі мен түрі және жарық көзінің типіне тәуелді болады.

СНиП РК 4.04-23-2004 жарықтандыру нормаларына сәйкес, жұмыс орындарының жарықтандыруын былай деп қабылдап оларды кестеге енгіземіз.

Кесте


Жұмыс орындарының жарықтандырылу нормалары


п/п

Аталуы

Ен, лк

1

Тамбур

75

2

Холл

200

3

Бар

100

4

Зал

300

5

Кафе

250

6

Персонал бөлмесі

75

7

Әжетхана

45

8

Қойма

120

9

Тамақ даярлау бөлмесі

200

10

Бильярд

400

11

Қойма

200

12

Сауда жасау павильоны

300

13

Оператор бөлмесі

100

14

Шина монтаждау цехы

150

15

Пост 2

30

16

Құрал-жабдықтар орны

90

17

Электрощит орны

75

18

Қазандық

30

19

Автокөлік жуу

200

Қор коэффициенті жарық беру қондырғысын есептеу кезінде эксплуатация кезіндегі жарық көзінің жарық ағынының азаюын компенсациялау үшін енгізіледі. Қор коэффициенті жарық берілетін бөлменің ортасы шарты мен жарық көзінің түрінен тәуелді болатын салалық нормалар бойынша қабылданады. Кешенімізге біз қыздыру лампылары бар бөлмелер үшін қор коэффициентін Кз = 1,3 ал люминисцентті лампылары бар бөлмелер үшін қор коэффициентін Кз = 1,5 аламыз.

7, 8, 11, 15, 18 бөлмелері үшін НПП03-100,НСП11-200,НСП11-100,НБО18-100 қыздыру лампылары бар светильниктер қабылдаймыз да оларды қабырғада 2,8 м биіктікте орналастырамыз. Ал басқа бөлмелер үшін ЛПО02-2х40,ПВЛП-2х40,ЛПО16-40 люминисцентті лампылары бар светильниктерді 3,3 м биіктітте төбеден қоямыз. Кіре беріске 2,5 м биіктікте орналасқан НПП03 светильниктерін аламыз.


Каталог: uploads -> doc -> 12bd
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
12bd -> Кештің тақырыбы: Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!
12bd -> «Үздік информатик-2016» интеллектуалды сайысы Сабақтың мақсаты: Білімділігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет