Халықаралық бокс федерациясының музейінде тұрған Бақтияр Артаевқа тиеслі Вел Баркер кубогі қайтарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Афина олимпиадасының жеңісінен кейін Вел Баркер кубогін иеленген Бақтияр Артаев өзіне тиеслі жүлдені қайтарып алады. Артаев 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында өзіне тиеслі кубогін Халықаралық бокс федерациясының музейіне өткізген болатын.

Кубоктің сапалы көшірмесі жасылып, енді боксшының өзіне қайтарылатын болды. 

Айта кетейік, Вел Баркер кубогі 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының техникасы ең жоғары боксшыға берілетін жүлде.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.