Модульдық оқыту технологиясы



жүктеу 24.9 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі24.9 Kb.
түріОқулық

Модульдық оқыту технологиясы
Оқу жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу дегеніміз студенттерге дәріс берудің бұрынғы түбін түбегейлі өзгертіп жаңарту деген. Ұстаздар қауымы оқулықты немесе оқытатын материалды қайта қарап шығып, барлық тарауларды жинақтап, топтап 7-12 сағаттық модульдық схемаға (үш бөлімнен тұратын: кіріспе, диалогтық бөлім, қорытынды) түсіреді. Модульдық схемаға енген тақырыптарды тірек сызбасына түсіреді. 7-12 сағатқа арналған сабақтардың негізгі түйіні тірек сызбадан көрініс алады.

Мұғалім тірек сызбасы арқылы модульдық сабақтың кіріспе бөлімінде алдағы өтілетін сабақтарға түсініктеме жасап түсіндіреді.



Тірек дегеніміз баланың көз алдында жаңа тапсырманы түсіндіру кезінде болады, (сызба, кесте,сызу, сурет, картина) түрінде беріледі. Әр оқытушының өз тірек жүйесі бар. Әр студенттің белсенді әрекет етуіне әсер етеді. Нақты дағдыларын, түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі. Студенттер тірек арқылы өз жауаптарын құрастырады. Студенттерді механикалы жаттап алудан аулақтандырады. Есте сақтауына күш түсірмейді, қорқыныштан айырады, танымдық қызығушылықтарын арттырады.

Диалогтық бөлімінде сабақтың бірнеше типі мен түрлері қойылған. Оқытушы тапсырманы жеңілден ауырлата отырып, тапсырманы беру мақсатын бірінші, екінші, үшінші деңгей дәрежесінде құрып әкеліп білім алушыларды жұпап, топтап оқытады. Негізгі мақсат студенттердің өз беттілік жұмыстарын дамыту, олардың логикалы ойлау қабілеттерін дамытатын материалдарды тиянақты, тапсырмаларға қарай топта меңгерген білімді бағалау, өз білім деңгейін бағалау, студенттердің өз бетінше, қауымдасып, кеңесіп жұмыс істеулеріне мүмкіндік туғызу.



Бұрынғы стандартты сабақтар бойынша сабақта мұғалім түсіндіреді, 2 немесе 3, 4 студент ғана орнынан тұрып жауап беру, одан кейін жаңа сабақ түсіндіру, оны бекіту болса, бұл жаңа технологияда студенттердің өз бетімен оқуы негізгі мәселе болып отыр. Мұғалім студенттерді бірнеше топқа (А, Б, С, Д) бөледі. Әр топқа үлестірмелі қағаз арқылы танымдық қабілеттерін дамытатын материалдар береді. Барлық студенттерге жұмыла қарауға, тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Берілген уақытта топтағы студенттер өзара сөйлесіп, кеңеседі. Тексеру әдісінің түрлері арқылы мұғалім немесе студенттер өздерінің бағалауы арқылы топтарға баға қойылады. Бір сабақта 10-15 тапсырма беріліп, бірлесе орындау арқылы, жарыс ойындары, іскерлік ойындары, дәріс алу ойындары, проблема тудыру ойындары арқылы тапсырмалар орындалып, талданып, білімі бағаланады. Бірлесіп жұмыс жасауда студенттердің өзара сыйластық, шығармашылық, дәлелдеп беруі қажеттіліктері қанағаттандырылады. Студенттер еркін сөйлеп, дәлелдеп, ашық сөйлеуге үйренеді, дайындығы мен жеңіп шығуы арқылы олардың қызығушылығы артады.

Модульдық оқыту технологиясы студенттің жеке тұлғасын дамытуға және қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Олар белсенді сөздік қоры, яғни ауызша сөйлеу мәдениетіне үйренеді, өзара көмек және өзара қолдау процестерін бірге бастан өткізіп, бағдарламада көрсетілген материалдар меңгеріледі. Оқытылып болғаннан кейін, модульдық қорытынды бөлімінде тестілеу, сынақ хат, бақылау жұмыстары, мазмұндама, шығарма қаралған. Бұл кезеңде студенттер әркім өз бетінше жеке дара орындайды. Қорытынды бөлімде қаралған жұмыстардың нәтижелілігі мұғалім үшін де, білім алушы үшін де басты мәселе. Себебі студент бұл үшін баға алады, ол журналға қойылады. Диалог бөлімінде берілген білім дамыту, пысықтау, бекіту, қорыту мақсаттарында бірлесіп білім алу оны жете меңгеру, ол үшін топтар, жеке оқушылар бағаланғанмен, бұл бағалар студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту мен олардың танымдық үрдістерін анықтап алу, яғни қабілетті, орташа қабілетті, дарынды студенттерді анықтап алу болып табылады. Ол бағалар журналға қойылмайды. Журналға түсетін баға әр студенттің жеке басының іскерлігі мен шығармашылығы үшін алатын қорытынды бөліміндегі баға.
Каталог: uploads -> doc -> 07d1
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
07d1 -> Синквейн от фр
07d1 -> Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
07d1 -> Оқушыларға дене тәрбиесі пәнінен ойын технологиясын пайдаланудың ерекшелігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет